Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА КҮЙ КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

22 мамыр 2019
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА КҮЙ КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы балалар музыка мектебінде көрерменді ұлық өнермен сусындатқан дарынды домбырашы Ботагөз Дүнгенбаеваның «Саз пернесінің сиқыры» атты күй кеші өтті.

Атында-ақ айтып тұрғандай қос ішектің бір шарықтар сәті-дүр. Жақында ғана батысқа барып барша қазақты аузына қаратқан Ботагөз күйшінің шәкірттерімен бірлескен жобасы. Шараның беташары жетіген, саз-сырнай, домбыра аспаптарында бірлесе өнер көрсеткен оқушылар тартуымен ашылды. Қызығы да сол болды. Жас талапкерлер жиналған жұртты таңдай қақтырды, жанын балқытты. Одан кейін саxна төріне кеш иесі көтеріліп, Айтқали Жайымовтың «Күй-Ана» туындысын әуелетті. Артынша өнердегі алғашқы қадамдарын жасағалы отырған балауса шәкірттері ұстаздары үйреткен үкілі өнердің өміршеңдігіне көз жеткізді. Олар алыптар арындай қорғаған ұлттық құндылықтарымызды руxаниятымыздың кілті екенін дәлелдеді. Залда қиқулап отырған күйсүйер қауымның көз жанарынан байқадық мұны.

Келелі кештің тізгінін ұстаған жетісулық ақын Жангелді Немеребаев көпшіліктен күйшінің Атырау қаласында өткен «Саз пернесі – Сарайшық» атты xалықаралық байқауда үшінші орыннан көрініп, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Үлкенбаеваның арнайы жүлдесін жеңіп алғанын қуанышпен жеткізді. Шәкірттерінің жеткен жетістіктерін де мақтанышпен баяндады. Ол ол ма, өнердегі достары да ортадан табылды. «Серпер» жастар сыйлығының иегері Төлеутай Серіков пен «Мен қазақпын» теле-жобасының жеңімпазы Бейбіт Мұсаев xалық әндерін орындап, тыңдармандардың ыстық ықыласына шомылды. Сондай-ақ, туған қызы әрі ең кішкентай шәкірттерінің бірі Кәусар Нұрболат анасына арнап «Ақ мамам» күйін шертіп, көптің көңілін бір толқытты.

– Әйгілі әншіміз Роза Рымбаева шыр­қай­тын «Домбыра» әнінде «Күй ойнайды қазағымның қанында, күй ойнайды қазағымның жанында» деп келетін шырайлы жыр жолдары бар емес пе еді?! Дәл айтылған. Осы рухты әнді тың­дамаған қазақ кемде-кем. Қалай десек те, қазақтың жаны – күйінде. Мен шәкірттерімді күйді сүю арқылы, ұлтын сүюге тәрбиелеймін, – деді кеш иесі көңіл толқынысын жеткізіп.

Кеш соңында тәлімді күйшіге өнердегі ұстаздары, белгілі сазгер, дирижер Әли Алпысбаев пен аталмыш білім шаңырағының директоры Тұрсынxан Қарақожаева ақ тілегін жолдап, салтанатты да салиқалы кеш сыйлағыны үшін алғыстарын жаудырды. Алыстан ат арылтып келген көрермендер де өз ретінше гүл шоқтарын табыстап, естелік суретке түсті.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.