Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БАТЫР БЕЙНЕСІНЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

23 сәуір 2019
РУХАНИЯТ
БАТЫР БЕЙНЕСІНЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу жұртшылығы Бөрібай батырға ескерткіш қою, ерлігін көпке үлгі ету мақсатында бас қосты. Батыр бейнесін сомдау үшін мүсіншілер арасында  байқау ұйымдастырылды. Байқау Жансүгіров кентінде өткізіліп, оған республиканың әр аймағынан 10 шебер қатысты. Байқауда аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Есжанов батыр бабаны ұлықтауға арнаған бастамаға ақ жол тілеп, түбін білмегеннің түкті білмейтінін айтты. Шараның өтуіне жеке кәсіпкер Берікбол Қасымов басшылық етті.

Бөрібай батыр – қазақтың жоңғарға қарсы күресінде ержүректік танытып, білгірлігі мен әдіс-тәсілді жақсы меңгергендігінің арқасында жаудың талай қолбасы жер жастандырған күрескер. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламада» босқан елді қырғынға ұшыратпай, аман алып қалу үшін барын салған. Ол «Қалмаққырылған» және «Аңырақай» шайқастарында әскерге соғыстың айла тәсілдерін үйретіп, қазақ жасақтарын жеңіске жеткізген.

Абылай хан Бөрібай батырдың ерлігін жоғары бағалап, жарлығымен: «Есімің Матай елінің ұраны болсын!» – депті. Осылайша, Бөрібай батырдың есімі  ел ұранына айналған.  Кеңес өкіметі ұжымдастарымыз деп ел мен жер байлығын иеленіп, елді ашаршылыққа ұрындыру қаупі төнгенде Қапал, Ақсу, Сарқан жұртшылығы «Бөрібайлап» атқа қонды. Ұлттың намысын таптатпау, ұл-қызымызды басқаға қолжаулық етпеу, көк байрақты түсірмеу  Бөрібайдың да  арманы еді. Бөрібай қазақ үшін жан аямады.

Рухымыз көтеріліп, тарихымызды таныған сәтте батырларымызды әспеттеу елдігімізге сын. Ендеше, Ақсу өңіріндегі игі шара қолдауға әбден лайық.

Ескерткіш орнату жайлы бастамаға үн қосқан 10 мүсіншінің жұмысын комиссия мұқият қарап, үш жұмысты таңдап алды. Шеберлер Қазыбек Дулатов, Сабырбек Қонарбаев және Болат Құсайыновтардың еңбегі талапқа сай деп табылды. Бас демеуші Дияс Қасымовтың айтуынша, байқаудың екінші туры Алматы қаласында өтеді. Онда республикалық дәрежедегі сыншылар кіл мықты арасында кім мықты екенін анықтайды. Шара аясында Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Қалила Омаров Бөрібай батыр жайлы фильм түсіруді бастады.

                                                                                      Гүлжан ТҰРСЫН

Сурет ғаламтордан алынды

                                                        Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

Бүгін, 16:05
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

Бүгін, 15:00
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Бүгін, 14:48
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Бүгін, 14:45
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.