Талдықорған: +36°C
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕТІСУДЫҢ БІР ГҮЛІ

02.04.2019
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Тау басынан сылдырлап аққан бұлақтай тұнық үн естіген жанның жан дүниесін қозғап, жүрегіне шым-шым от құйып, ән әлеміне қалықтатып ала жөнеледі. Халық әндерін тамылжыта орындайтын, жастайынан «Бүлдірген қыз» атанып, кейіннен «Аққуды әнмен қайырған» әнші, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ұлжан Айнақұлованың өнер әлемінде өз қолтаңбасы, дара жолы бар.

 

Киелі Жамбыл ауданының топырағында дүниеге келген Ұлжан Айнақұлова Жетісудың жан тебірентетін сазды да назды әндерін насихаттау арқылы ән өнерін шырқау биікке көтеріп  жүрген әнші. Асқар тау, жасыл жайлауымен таңдай қақтырар туған өлке табиғаты қыз қиялын алысқа жетелеп, шабытына шабыт қосқаны да анық. 

Өнер де адамның бойына ананың сүтімен, атаның күшімен дариды емес пе? Ұлжанның әншілігі де туған әкесі Бейсембайдан берілген. Әйтсе де Ұлжан туған ата-анасынан жырақ, әкесінің туған әпкесі Қатипа ана мен Өстен жездесінің қолында тәрбиеленеді. Өстен әкесі де бауырына басқан қыздан еш мейірімін аямай, аялай өсірді. 

Өнерге деген құштарлығы ерте оянған Ұлжан бала кезден-ақ ән айтуға құмартты. Бірде ауылдың дүкеніне домбыра түсіп, Ұлжан соны алып бере қоймадыңдар деп аттай тулағаны бар. Ақыры қайсар қыздың айтқаны болып, қос ішекті ұлттық аспап қолына тиді. Жатпай-тұрмай оны үйреніп алып, домбырамен ән сала бастады. Анасының етегінен ұстап, жиын-тойлардан қалмай әнін шырқап жүрді. Мектептің мәдени шараларына да белсене қатысты. 

Мектепті бітірген соң асқақ арман жетегінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетіне оқуға қабылданады. Мұнда Галина Қарамолдаева сынды білікті музыканттан, Дүнгенбай Ботбаев, Өмірбек Байділдаев, Бақытжан Байқадамовтай белгілі композиторлардан тәлім алып, өнердің қыр-сырына қанығады. Сол шақтарда өнерсүйер қауымды елең еткізген институт жанындағы «Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблі талай таланттың көзін ашқаны анық. Ұлжан да солардың сапына қосылып, кәсіби өнердің мектебінен өтті. 

Институтты бітірген соң Жамбыл ауданындағы «Құлансаз» фольклорлық ансамблінде әнші болды. Ауыл сахнасында ысыла жүріп, халықтық өнердің тұнығынан мейірі қана сусындады.  1988 жылы облыстық филармонияға жұмысқа қабылданып, «Сазген», «Адырна» фольклорлық ансамбльдерінде әнші болды. Қазір филармонияның жеке әншісі.

Өнерде жолын ашқан, демеу болған жандар жайында Ұлжан Өстенқызы құрметпен әңгімелейді. 

– Мені ең алғаш рет қолымнан жетелеп, үлкен сахнаға алып шыққан Әсет Бейсеуов ағамыз болса, эфирге шығарып, елге танытқан  Сауық Жақанова апайым. Шынайы өнерді бағалай білетін асыл жан: «Сен қай әншіден кемсің? Бұдан былай радиодан әндеріңді жиі беріп тұрамыз», – деп жігерімді қамшылады. Сол кезде радиода музыка бөлімінің редакторы болып істейтін Төлетай Наров деген азаматқа тыңдатты. Ол кісі дауысымды бірден ұнатып, «Бүлдірген» әнін үнтаспаға жазып алды. Бұл әнді сол кезде күн сайын таңертеңгі мезгілде радиодан беріп  жүрді, – дейді ол.

Әншінің ерекшелігі – әнді бар жан-тәнін салып орындайтындығы. Ырғақты әндерде бишілермен қосылып, би билеп, көрерменге нағыз сапалы дүние ұсына алатындығында. Бұл туралы ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақ-станның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Төлеген Қожамқұлов ағамыз: «Қаншама жерді аралап, қаншама өнер иелерінің өнерін тамашалай жүріп, дәл Ұлжандай әні мен биі қабысып, ұршықша иірілетін қызды көрмеппін», – деген еді. Расында Ұлжан Айнақұлованың өзбек, тәжік, тау халқының ырғақты әндерін де орындап, оған бишілермен қосыла би де билеп, сахнаны дүбірге бөлейтін кезіне талай куә болғанбыз.

Ұлжан әншінің тағы бір атап айтар қыры – репертуарындағы әндерді өзінің табиғи болмысына сай таңдайтындығы. Кез келген әнді сахнаға алып шыға бермейді. Орындайтын әнін әбден ой елегінен, жан жүрегінен өткізеді. Бұл орайда Халық ақыны Фариза Оңғарсынова апамыздың өзі «Ұлжан сахнаға аз шығады, бірақ нақ шығады» деп баға берген екен. Айтса айтқандай, қай әнге болсын әр кіргізіп, өзіне тән қайталанбас өрнек жасайды. Сондықтан да Ұлжанның әнін көпшілік тамсана тыңдап, таңдай қағып қайтады. 

Ұлжан студент кезінде ән сабағынан дәріс берген ұстазы Галина Қарамолдаеваның сүйемелдеуі ән салғанына қызыға қарайтын еді. Жиын-тойларда қарт ата-әжелердің еш сүйемелдеусіз халық әндерін беріле шырқағанын да сүйсіне тыңдайтын. Келе-келе ән салудың осы бір халықтық дәстүрін жаңғыртуға ықыласы ауды. Содан бері концерттерінде осы игі дәстүрді сәтті жалғап келеді. 

Студенттік шағында да «Айгүл» ансамблінің құрамында өнер көрсетіп, бүкіл республиканы шарлаған еді. Сол кезден бері әншілік жолда кемелденіп, толысқан өнер иесінің жуырда І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Менің әнім» атты ән кеші өтті. 

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, бұл кештің бұған дейін өткізген талай концерттен айырмашылығы бар. Бұл Ұлжан Өстенқызының 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші. Алпыс жылдық тойдың басы Алматыда басталып, облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен Республика сарайында үлкен концерті өткен болатын. Ол облыс орталығы Талдықорған қаласында жалғасын тапты. Табаны күректей қырық жыл сахнадан түспей, сырлы әндерімен тыңдарман жүрегін жаулап жүрген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияның әншісі Ұлжан Айнақұлованың ән кешіне өнерді қадірлейтін көпшілік көптеп жиналды.

Концерт шымылдығы өнер әлеміне жол ашқан халық әні «Бүлдіргенмен» ашылды. Сол қатарда әнші репертуарындағы  «Жылқы ішінде бір ала», «Бозбала», «Сарала үйрек», «Бозжорға ат», «Қазақ-қырғыз бір туған», «Жетісудың бір гүлі»  сынды тыңдарман ыстық ықыласпен қабылдайтын халық әндерін нақышына келтіре орындап, ұлттық өнерге сусындаған көпшіліктің шөліркеген көңілін бір басты. Қазақ әндерімен қатар айырқалпақты ағайын қырғыздың әндерін де сыңғырлата орындайтын әнші келесі кезекте «Сағындырба» әнімен жұртшылықты қуантып, сырлы сезімге бөлей білді. Орыстың халық әні «Ах, Самара қаласын» да қазақ тілінде сайратты. Бұл әндердің халыққа өз дәрежесінде жеткізілуіне М. Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өзіндік үлес қосты. 

Ұлжанның шығармашылығында ерекше орын алатын Жолдасхан Құрамысовтың «Ер Қарасай» әнін халық- аралық, республикалық байқаулардың лауреаты Бауыржан Мырзабековпен, «Менің пірім – Сүйінбай» әнін «Шарапат» тобының әншісі Есбол Шаңбаймен бірлесе шырқады. Ал кештің тағы бір қонағы – «Аlem Band» тобымен концерттің негізгі тақырыбына айналған «Менің әнім» әнін жаңаша лепте жеткізді. Осы сынды Ұлжанның орындауындағы Ғалия Өзбекбайқызының «Іздерсің», «Жалғыз ағаш» әндері де көңіл тербеді. 

Кеште өнердегі сіңлілері, Сүйінбай атындағы облыстық  филармонияның әншілері Құралай Шаяхметова, Сая Есенгелдинова,  Айдана Анапияева әннен шашу шашты. Ұлжанның жолын қуған қызы Әсем де сазды әндерімен көпшілікті қуантты. Ана мен қыз арасындағы әдемі сыйластық, жалғастық осы кеште де ерекше жарасым тапты. Е. Елгезековтің «Жан ана» атты әнін орындай тұрып, Әсемнің анасына ерекше ілтипат көрсетуі көңіл тебірентті.

Міне, осылайша өткен әсем кеште Ұлжанның өнеріне тәнті болған жұртшылық әншінің сызылта салған әніне құлақ құрышын қандырып, рухани кемелденіп қайтты. Көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген әншінің халқын әлі талай әсем сазға бөлей береріне кәміл сенеміз. Ұлжан әншінің сыңғыр дауысы қазақ көгінде мәңгі қалықтай берсін дейміз.

Алма ТОПАНТАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

7-сыныпқа дейінгі оқушыларға смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейінгі оқушыларға смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026
AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

26.06.2026
Гран-при. Елдос Сметов ширек финалда жеңілді

Гран-при. Елдос Сметов ширек финалда жеңілді

26.06.2026
«Жалған психологтарға» заңмен тосқауыл қойылды

«Жалған психологтарға» заңмен тосқауыл қойылды

26.06.2026
Жетісу облысында 38 градусқа дейін ыстық күтілуде

Жаңбыр мен аптап қатар келеді: Елдегі ауа райы қандай болады?

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.