Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

СӘУКЕЛЕ АРУДЫҢ АРЫ ЕДІ

13.01.2019
ҰЛТ ҰЯТЫ
СӘУКЕЛЕ АРУДЫҢ АРЫ ЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлы Даланы мекендеген Мәңгілік Елдің келешегі үшін талай сұрапыл соғыс та, тағдыр тәлкегіне түсірген ашаршылық пен қуғын- сүргін де болды. Жалған жала жабылып, жазықсыз жапа шеккендердің саны тіптен көп.  Миллиондап қиылған жан мен төгілген қанның нәтижесінде қол жетпес сағымға айналған тәуелсіздік таңы атты. Міне, содан бері ширек ғасыр артта қалды. Соның ішінде экономикалық әлеуетіміз барынша артты, ал рухани болмысымыз ше? Ұлттық тәрбие мен мәдениетімізді сақтай алдық па?

Иә, қазақтың болашағына алаңдайтын әрбір жанды осы сауал мазалайтыны рас. «Біз түбіміз – түрік, дініміз – Ислам, кітабымыз – қасиетті Құран» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жарыққа шығарғанда-ақ терең тарихымызды зерделеуді мақсат тұтты. Күні кеше ғана жарияланған «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы соның заңды жалғасы деп білеміз. Рас, ертеден темір өңдеп, алтыннан киім киген бабаларымыз әлем өркениетіне озық мәдениет дарытты. Бірақ…
Алты құрлыққа әмірін жүргізген Түрік қағанатының заңды мұрагері атанған қазақ рухани жағынан жұтаңданып бара жатқандай. Халықтың бүгінгі болмысы кейбір жағдайда көңіл алаңдатады. Түрі қазақ болғанымен тілі бөлек қандастарымыз атой салып жүр. Ыбырайлар мен Ахметтер үміт артқан кейбір жастардың жайы жаға ұстатады. Оларды Мағжанның «сенімін» ақтай алып жүр деу де қиын. Соңғы жылдары әлем назарын өзіне аударған белгісіз тілде ән салатын МС Сайлаубек, құлағын тесіп, шашын бояған жігіттерден құралған «Ninety one» тобы, қазақ қызының жалаңаштануын көрсетіп, айды аспанға шығарған Айжан Байзақова сынды әйгілі жандардың саны артып келеді. Оларды әйгілі қылған тағы өзіміз. «Атың шықпаса, жер өртенің» кебін киіп, қара «пиардың» шекпенін жамылғандарға тосқауыл қойып жатқан ешкім жоқ. Ғаламтордың ықпалы арқылы «Борат» айдарын тағынған елді жарты әлем жаңаша сипатта тамашалауда. 
Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қылаң беріп, Шырын Наршаева есімді «жұлдыз» шықты. Ұлттық әшекей тағынып, жалаңаштанған арудың суреті мен бейнежазбасы әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Оқырманы көп ақпараттық порталдар күн сайын жаңалық жариялап, жарнамалауын жалғастыруда. Оның Instagram парақшасындағы жазылушылар саны 200 мыңға таяп қалды. Тек әшекеймен шектелмей, қасиетті сәукеле киіп түскен суреті мыңдаған «лүпілге» ие етті. Наразылық танытқан жандардан кешірім сұрап, ортан терегін шошайтқан бейнежазбасын 800 мыңға жуық адам тамашалапты. Солардың ішінде балиғат жасқа толмаған жастардың санын елестетудің өзі қорқынышты. Тілі шықпай жатып смартфонға әркім үйір. Мектеп оқушыларының да қалтасында бір-бір телефон.  Қадағалап жатқандар жоқтың қасы. Осыны ескергенде «Мен қазақ қызымын» деп мақтанған аруға еріп,  үлгі, өнеге алушылар да жетіп-артылатыны айдан анық. Жақсыны жасырып, жаманды асыру деген осы шығар.
Сәукеле – қыздың ары, иманы мен жиғаны. Сайып келгенде, ұлтымыздың айнасы. Ұзатылған қыздың бағы басындағы сәукелемен бағаланған. Мыңдаған жылқының құнын иеленген киелі баскиімнің қадір-қасиеті осынша төмендегеніне сенгің келмейді. Он сегізге жаңа толған қаракөз қарындасымыз осындай көзқарас танытса, басқалардан не қайыр? Бұл әрекетіне ата-анасы мен туған-туыстары оң пікір білдірген екен. Қызды шешіндіріп, абырой таппасы олардың санасына сіңбесі анық. Сондықтан, «қызды қырық үйден тыйған» халқымыз қоғам болып атсалыспаса, ауырмаудың жолын емес, аурудың емін іздеп сан соғып қалармыз.
Әлеуметтік желілерде Шырын Наршаеваға қатысты жазбалар жазып, көпшілік наразылық білдіруде. Солардың бірі Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Арман Сқабылұлы өзінің Фейсбук парақшасында: «Анау төсін жалаңаштаған бәлекетке қатысты бірдеңе десеңізші депті өзім сыйлайтын бір қарындасым. Не айтам? Бұл «шайтандарға» назар аударып, бірдеңе жазған сайын құтыра түседі. Құтыртатын тағы өзіміз. Өткенде «Күйеуімнің көзіне шөп салдым» деп жаһанға жар салған біреуін жерден алып, жерге салып едік, ол тіпті жұлдыз болды. Баламыз, немереміз, өзіміз соның Инстаграмдағы парақшасына жаппай жазылып, жазылушыларын бәленбай миллионға жеткіздік. Байзақованы да солай аспандаттық. Енді мұндайға назар аудармаймын деп шештім. Туған-туыс, бауыр, дос, бала-шағаның барлығын «шайтандардың» парақшасына жазылмауға, байкот жариялауға шақырамын. «Мәдениет министрлігі қайда қарап отыр» дегенді де айтпай-ақ қоялық. Оның да төсі жалаңаш…», – дейді.

P.S Өскелең ұрпаққа Әлия мен Мәншүк, Ләззат пен Сабиралардан гөрі солардың аты етене таныс. Қайсар Қайраттың батырлығына емес, кәрісше киінгендердің болмысына қызығатындар артып барады. Көпке топырақ шашудан аулақпыз, алайда түзелмей жатқан бесікті көріп, кеуденің сол жақ тұсы жиі шаншиды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ,

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар   

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар  

03.02.2026
Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.