Талдықорған: +10°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

БАЛАЛАР ҮЙІ: АЯЗ АТА, СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

28 желтоқсан 2018
ӘЛЕУМЕТ
БАЛАЛАР ҮЙІ: АЯЗ АТА, СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Жылдағы дәстүр бойынша Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтауға барды. Онда бүгінде 98 бала тәрбиеленуде.

Шырша мерекесіне балалар жоғары дайындықпен келіпті. Қойылым мазмұны бойынша Аяз ата мен Ақшақар Талдықорған қаласына ат басын бұрады. Балалар Аяз атаның алдынан шығып, шаһардың биылғы жаңалықтарын айтады.

– Аяз ата, Ақшақар, биыл біздің сүйікті қаламызда жаңа театр салынды. Сонымен бірге, әдемілігі көз тартатын Салтанат сарайы ашылды. Біз сияқты өнерлі өрендердің ән салып, би билеп, аспаптарда ойнап, үйренуі үшін музыка мектебі пайдалануға берілді. Аяз ата, сіз білесіз бе, кейін мен ержеткенде сол Салтанат сарайына барып, үйлену тойымды жасаймын, – деген бала арманын естігенде жиналғандардың көңілі толқып кетті. Бүлдіршіндер құрметті қонақтарға арнап би биледі. Мұндағы балалардың барлығы дерлік қазақ тілінде сөйлейді. Ирина есімді бүлдіршін:

Жаңа жыл келді қалама,

Жаңа нұр келді далама.

Амандық аға, көп рахмет,

Қуаныш берген балаға.

Құтты болсын жыл жаңа,

Аққа орансын айнала.

Бақыт пенен шатттыққа,

Бөлене  берсін  әр бала, –  деп таңдайы тақылдап, тақпақ айтты. Ұл-қыздардың ән-биін тамашалаған Амандық Ғаббасұлы:

— Балалар, біз сендерді жақсы көреміз. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталарың да жақсы көреді. Бізден халдеріңді сұрап тұрады. Біз сендердің барлық жағдайларыңды жасаймыз. Оқу оқып, білім алып, жұмысқа орналасуларыңа жәрдемдесеміз. Ештеңеге алаңдамай, сабақ оқыңдар. Керек-жарақ, ас-су, жылы жерде ойнап-күлулерің мен заманауи технологияларды меңгерулерің үшін бәрін әпереміз. Мен жыл сайын Жаңа жылда өздеріңе келіп тұрамын. Келмеген күннің өзінде жағдайларыңды қадағалап отырамын. Күнде келгенге жұмысым көп. Керектің бәрін жеткізіп береміз. Тек, жақсы азамат болып өсіңдер. Өмірден өз орындарыңды табуға тырысыңдар, – деді.

Облыс басшысы мекемеге компьютердің принтері, бейнекамера және планшет сыйға тартты. Ал балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 98 балаға Жаңа жылдық тәттілер салынған қорап үлестірді. Балалардың жайдары жүзі, күміс күлкісі оларға барлық қамқорлықтың жасалып жатқандығын байқатады. Мерекеге сай қызылды-жасылды киінген бүлдіршіндер әуен ырғағымен айнала билеп, тақпақтар оқып берді.

Гүлжан ТҰРСЫН,

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Бүгін, 15:10
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Бүгін, 15:00
Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Бүгін, 14:00
Рекордтық өнім: Диқандар 24,3 млн тонна астық жинады

Рекордтық өнім: Диқандар 24,3 млн тонна астық жинады

Бүгін, 13:30
Жаркент мешіті Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылды

Жаркент мешіті Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылды

Бүгін, 13:02

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.