Талдықорған: +7°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӨТЕГЕН БАТЫРДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

24 желтоқсан 2018
РУХАНИЯТ
ӨТЕГЕН БАТЫРДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кентінде даңқты батыр Өтеген Өтеғұлұлына арналған еңселі ескерткіш орнатылды. Салтанатты шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев, тарихшы ғалымдар, ауыл ақсақалдары және әйгілі спорт ардагері Жақсылық Үшкемпіров қатысты.

Жиында Өтеген батырдың қазақ тарихында алар орны туралы деректер молынан баяндалды. Екерткіш Алматы облысының Іле ауданына қарасты Өтеген батыр ауылының бұрылысында, Қапшағай тасжолының бойында орналасқан.

Мүсінде Өтеген батыр қолына кішкентай торғай ұстаған сәбиді иығына отырғызып алған. Ескерткіш авторы, мүсінші Бақытбек Мұхамеджановтың айтуынша, бұл, жаугершілік жорықтан қайтқан батырды, соғыстан кейінгі мамыражай бейбіт өмірді бейнелейді.     Ескерткіштің биіктігі — 5,5 м, ені — 2,5 м, ұзындығы — 6,5 м, постамент — 4 м.  Өтеген Өтеғұлұлы (Мүйізді Өтеген) — жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысқа қатысқан батыр, қолбасшы. 1699 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өзенінің бойындағы Изенді жерінде дүниеге келген.

1773 жылы Алматы облысының Іле ауданы Шолақтау, Шеңгелді өңірінде қайтыс болған. Бабасы Сырымбет 1643 жылы Батыр Қонтайшының 50 мың әскеріне соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа түскен. Өтеген 15 жасынан жоңғарға қарсы соғысқа араласып, Жетісу мен Шығыс Қазақстан жерін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірген. Түркістан, Ташкент маңындағы шайқастарға, Аңырақай шайқасына қатысып ерлік көрсеткен. Қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді атышулы батырларын жекпе-жекте жеңіп, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналған. Төле бидің, Абылайханның серігі болған.

1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді, Қабанбай, Шоқпар батырлармен тізе қосып жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат еткен. Өтеген батыр Өтеғұлұлына Күсеп, Сүйінбай, Жамбыл, Әлмейін, Сарбас, Кенен ақындар жыр арнаған.

inform.kz

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Бүгін, 16:55
Жетісу мен Литва: ынтымақтастық көкжиегі кеңейеді

Жетісу мен Литва: ынтымақтастық көкжиегі кеңейеді

Бүгін, 16:28
Кербұлақта жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салды

Кербұлақта жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салды

Бүгін, 16:01
Талдықорғанда «ақылды» жаяу жүргіншілер өткелі орнатылады

Талдықорғанда «ақылды» жаяу жүргіншілер өткелі орнатылады

Бүгін, 15:05
Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Бүгін, 14:52

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.