Талдықорған: +7°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу мен Литва: ынтымақтастық көкжиегі кеңейеді

Бүгін, 16:28
КҮНДЕРЕК
Жетісу мен Литва: ынтымақтастық көкжиегі кеңейеді

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстандағы Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эгидиюс Навикас бастаған Елшіліктің ресми делегациясымен кездесті. Қос тарап өкілдері екіжақты экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту жоспарларын талқылады.

Мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан мен Литва арасындағы қарым-қатынастар сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Қол жеткізілген уағдаластықтар мен мемлекетаралық өзара іс-қимылдың оң динамикасы ынтымақтастықты, оның ішінде өңірлік деңгейде дамытудың берік негізін қалыптастырып отыр. Аумағы 118 мың шаршы шақырымнан асатын, 100-ден астам этнос өкілдері тұратын жер жаннаты Жетісу облысы осы қарым-қатынастарды дамытуға айтарлықтай үлес қосуда.

Аймақ басшысы өз сөзінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар өңірлік деңгейдегі ынтымақтастықты кеңейтуге берік негіз қалайтынын атап өтіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына тоқталды.

– Жетісу облысы логистика және транзит салаларында зор әлеуетке ие. Қытай Халық Республикасымен ортақ шекарамыздың ұзындығы 563 шақырымды құрайды. Республикада Қытаймен шекарада бес кеден бекеті орналасқан жалғыз өңір. «Алтынкөл», «Нұр жолы», «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы, «Алакөл» және «Достық» теміржол өткізу бекеттері бар, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі аймақтың ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, «жасыл» энергетика мен туризм салаларында әлеуеті зор екенін айтты. Жалпы, қазіргі таңда облыс әлемнің 65-ке жуық елімен сауда-экономикалық әріптестік орнатқан. Басым бағыттардың бірі – ауыл шаруашылығы, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы. Облыста  өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің шамамен 70 пайызы қайта өңделеді. Негізгі басым дақылдар – қант қызылшасы мен жүгері. Еліміздегі төрт қант зауытының екеуі біздің облыста орналасқанын атап өткен облыс әкімі туризмді дамыту республикалық туристификация картасына енгізілген бес негізгі туристік дестинацияға негізделгенін жеткізді. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауларында жағажай туризмін, «Жоңғар Алатауы» және «Алтынемел» ұлттық парктерінде экологиялық туризмді, Жоңғар Алатауы тау жүйесінде тау туризмін дамытуға басымдық берілгенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, облыс аумағында тау өзендері түріндегі гидроэнергетикалық ресурстардың едәуір қоры бар. Бұл өз кезегінде баламалы энергетиканы дамытуға зор мүмкіндік береді.

– Жетісу облысы – инвестиция салуға қолайлы, зор мүмкіндіктерге ие өңір. 2029 жылға дейін қалыптастырылған өңірдің инвестициялық портфеліне жалпы құны 2,9 триллион теңгені құрайтын 145 жоба енгізілген. Оларды іске асыру нәтижесінде 13,7 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Қазіргі уақытта өңірімізде Литва Республикасымен бірлескен кәсіпорындар жоқ. Дегенмен, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз. Өз тарапымнан облыста қолданыстағы заңнама аясында бизнес өкілдері мен әлеуетті инвесторлар үшін барлық қажетті әкімшілік және экономикалық жағдай жасалғанына сендіре аламын, – деді Бейбіт Өксікбайұлы.

Өз кезегінде Эгидиюс Навикас жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, екіжақты әріптестікті дамытудың ықтимал бағыттарына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ Жетісу облысында Құрметті консулдықтың ашылғанын хабарлады. Талқылау барысында ауыл шаруашылығы, оның ішінде қант қызылшасын өсіру, туризм, кәсіпкерлік және ІТ-технологиялар салаларын қамтитын өзара іс-қимылдың әлеуетті бағыттары айқындалды.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілігін растап, алдағы уақытта бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Бүгін, 16:55
Жетісу мен Литва: ынтымақтастық көкжиегі кеңейеді

Жетісу мен Литва: ынтымақтастық көкжиегі кеңейеді

Бүгін, 16:28
Кербұлақта жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салды

Кербұлақта жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салды

Бүгін, 16:01
Талдықорғанда «ақылды» жаяу жүргіншілер өткелі орнатылады

Талдықорғанда «ақылды» жаяу жүргіншілер өткелі орнатылады

Бүгін, 15:05
Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Бүгін, 14:52

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.