Талдықорған: +34°C
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН ЕРЛІК

13.12.2018
КҮЛТӨБЕ
ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН ЕРЛІК
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің өркендеуі жолында жазылуы тиіс тарихтың парағына Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың есімі алтын әріптермен жазылады. Өйткені дүйім жұртты дүр сілкіндіріп, күллі әлемге Қазақстан атын танытқан жастардың ерлігі айтуға тұрарлық қадам. Осыған орай облыстық әкімдікте арнайы қабылдау өткізген облыс әкімі Амандық Баталов «желтоқсаншыларды» мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.

– Құрметті желтоқсан оқиғасына қатысушылар! Еліміздің ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күнінің қарсаңында сіздермен жылдағы дәстүрлі кездесуде бас қосып отырмыз. Еліміз үшін армандардың асқары, барлық бақыттың бастауы болған мереке – Тәуелсіздік күні құтты болсын! – деп сөз бастаған Амандық Ғаббасұлы көпшілікке Желтоқсан оқиғасының мән-маңызы ерекше екендігін әңгімеледі. – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Дүниеде Тәуелсіз Қазақ елі бар. Оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!» – деген болатын. Елбасының сөзімен көпұлтты  еліміздің басты байлығы Тәуелсіздік екенін, оны сақтау  барша қазақстандықтарға ортақ парыз екенін санамызға салды. – Бүгінде Қазақстан экономикасы дамыған, ынтымағы жарасқан елдердің қатарынан орын алды. Тәуелсіздік бізге өздігінен келе қалған жоқ. Мұнда ғасырлар бойы азаттықты аңсап өткен ата-бабалардың ұлы арманы жатыр. Қаншама ұрпақ елдің ертеңі үшін жанын пида етті. Тәуелсіздік – соның өтеуі. Оны осында отырған әрбір желтоқсанға қатысушы қыз-жігіттер өте жақсы біледі. Сіздердің жүректеріңізде «ұлттық рух, ұлттық қасиет» ұғымдары берік орнаған. Деректер бойынша  Желтоқсанның үш күні ішінде 60 мыңдай адам алаңға шыққан екен. Сол 1986 жылдың ызғарлы, аязды күндері абақтыға жабылған, қуғынға ұшыраған, оқудан, жұмыстан шығарылған азаматтар қаншама?! Біздің жерлестеріміз Ербол Сыпатаев пен 16 жастағы Ләззат Асанова осы оқиға барысында қайтыс болды. Сондай-ақ, 22-дегі қыршын жас, намысты ер Қайрат Рысқұлбеков сотталып, азаттық жолында жан тапсырды. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Олардың ерлік істері – жүректе мәңгі сақталады. Өздеріңізге белгілі, еркіндік жолында құрбан болған Ләззат пен Ерболға туған жерінде ескерткіш қойылып, Талдықорғанда көшеге есімдері берілді. Жалпы, Желтоқсан оқиғасына тікелей қатысқан Жетісу өңірінің азаматтары, студенттері аз болған жоқ. Жалынды жастардың рухына болашақ ұрпақ тағзым етеді.

Жиында кезекпен сөз алған «Жетісулық Желтоқсандықтар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ермұхан Жүнісхан, желтоқсаншы Айсұлу Кеңесова мен Отан Смағұлов жастығын кеңестік идеологияның машинасына қарсы қойған жандарды мерекемен құттықтаса, «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан Майрагүл Қайырбекова облыс әкіміне Алғыс хат табыстады. Одан кейін мінберге шыққан Бағдат Қашқынбекова жүрегін шабыттандырған жырын оқыса, Гүлжамал Кенжалиева өңір басшысына деген қарапайым халықтың ыстық ықыласын жеткізді. Осылайша азаттықтың арайлы таңын жақындатқан «желтоқсаншылар» облыс басшысына құрмет көрсеткені үшін зор алғыс айтып тарқасты.

Мәди Алжанбай

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда табиғатты ластаған кәсіпорындарға 303 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Жетісуда табиғатты ластаған кәсіпорындарға 303 млн теңгеден астам айыппұл салынды

18.06.2026
Дастан Сәтбаев «Челсиге» ауысады

Дастан Сәтбаев «Челсиге» ауысады

18.06.2026
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте 28 сатыға көтерілді

Қазақстан әлемдік туристік рейтингте 28 сатыға көтерілді

18.06.2026
Ақсулық дарынды оқушылар мерейленді

Ақсулық дарынды оқушылар мерейленді

18.06.2026
Жетісудағы ауыл бес жылдан бері қылмыссыз өмір сүріп келеді

Жетісудағы ауыл бес жылдан бері қылмыссыз өмір сүріп келеді

18.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.