Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖАҢА САНДЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ

13 желтоқсан 2018
КҮНДЕРЕК
ЖАҢА САНДЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асып жатқан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының орындалуына еліміздегі екінші деңгейлі банктер де үлес қосуда. Айталық, күні кеше Астана қаласында екінші ForteDay өтті. Тұсаукесерде қазақстандықтарға тек ForteBank клиенттеріне ғана емес, сонымен қатар банктік қызметтердің барлық пайдаланушыларына өмір сүруді жеңілдететін жаңа қызметтер мен банктің жаңартылған сервистері ұсынылды. ForteDay жылына екі рет өтеді, осы жолғы қысқы іс-шарада банк өкілдері іске қосылған инновациялық қызметтер туралы айтты.

ForteBank өзінің мобильдік қосымшасына augmented reality (AR) технологиясын енгізді. AR көмегімен клиенттер жақын жердегі банкоматты, бөлімшені таба алады, банк серіктестерінен қызықты ұсыныстарды көреді, өз табыстары мен шығындарын әртүрлі деңгейде тексереді.

— ForteBank клиенттері үшін үздік инновациялық қызметтер жасауға ұмтылады. Біз кез келген банктің клиенттері пайдалана алатын қосымшаны әзірледік және қосымша нақтылық технологиясын өз қосымшасына енгізген бірінші банк болдық. Осы жылы біздің клиенттеріміз екі есе көп төлем жасап, ұялы қосымшадағы аударымдардан үш есе көп ақша жинады, ал телефонға жүктелген қосымшалар саны 1 000 000-нан асты, — дейді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Банктің мобильді қосымшасына Talk in атты виртуалды көмекші қосылды, ол банк өнімдеріне қатысты сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ, пайдаланушылар Қазақстанда немесе шетелде болғанына қарамастан, интернет трафигі болмаған жағдайда да жақын туыстарымен және достарымен қолданба чатында сөйлесе алады.

Онлайн несиелеу қызметі ForteBank клиенттеріне қолжетімді. Егер бұрын клиент қажетті нысандарға қол қойса, онда ол 5 минут ішінде мақұлданған соманы біліп, банк бөлімшесіне бармай-ақ сол күні несие алуға жол ашылды. Несие үйге де жеткізіледі. Сондай-ақ, Freemarket онлайн дүкенінде теледидар, смартфондар, киім және үйге арналған тауарлар сатып алуға болатын алаң бар.

Жаңа интернет-банкинг енді кәсіпкерлер мен бизнес иелері үшін қолжетімді. Бұл қосымша клиенттердің тілектерін ескере отырып жасалған. Forcestart – банк картасын, жедел қысқа мерзімді несиелерді, интернет-банкинг және ПОС-терминалды қамтитын арнайы тарифі бар бастаушы кәсіпкерлерге арналған пакеттік ұсыныс.

—  Алдымызға қойған үлкен міндет – Қазақстандағы бизнестің дамуына көмектесу.  Бүгінде бізге 75 000-нан астам компания сенеді, тек осы жылы клиенттер саны 30 пайызға артты. ForteBank кәсіпкерлер үшін жеке кеңселер салатын Қазақстандағы жалғыз банк болып табылады, — деп атап өтті Гурам Андроникашвили.

Сонымен қатар ForteBank бизнес үшін жаңа өнімді іске қосады, ол – ForteKassa. Бұл шешім сауда нүктесін автоматтандырады және сатуға, базалық есепке алуға және қызметкерлерді басқаруға мүмкіндік береді. Технологиялық шешім екі бөліктен тұрады: сатушыларға арналған қосымша және бизнес иесіне арналған жеке кабинет. 

Асхат Райқұл
Астана қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.