Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МҰҚЫРЫ ХАЛЫҚ ТЕАТРЫНА — 50 ЖЫЛ

13 желтоқсан 2018
РУХАНИЯТ
МҰҚЫРЫ ХАЛЫҚ ТЕАТРЫНА - 50 ЖЫЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Театр – ұлттың рухани айнасы. Сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің тілімен айтсақ «Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер». Ол жаныңа сәуле ұялатып,  кеудеңе ізгілік нұрын құятын шырайлы шаңырақ. Содан да болар, «сахнаның киесі бар» деген сөз текке айтылмаған сыңайлы. Қоғамның күнгейі мен көлеңкесін, дағдарысы мен дамуын, қиыншылығы мен қызығын осы бір театр деп аталатын әдемі әлемнен көре аласыз.

Мұны неге айтып отыр дерсіз? Жақында Нұрмолда Алдабергеновтің батасымен көктеген Мұқыры халық театрының 50 жасты еңсергені туралы қуанышты хабарды көппен бөліскен едік. Соның заңды жалғасы ретінде құрылғанына жарты ғасыр болған өнер ошағының мерейтойы өңіріміздің арда азаматы Мықтыбек Рахымбековтің қолдауымен Жетісу ауылында жалғасты. 
Театр ұжымын Төлендік ауылдық округінің әкімі Қанат Сатанов арнайы құттықтап, ұшса сұңқардың қанаты талған, шапса тұлпардың тұяғы тозған сайын даламыздың, тәуелсіз еліміздің рухани байлығын арттыру жолында алдағы уақытта да қажымас қайрат, табыс тіледі.
Талай тектіні түлеткен киелі мекенде өткен игі шараның шымылдығы Мұқыры халық театры жайлы арнайы түсірілген бейнефильм көрсетілімімен ашылды. Өз кезегінде сөз алған Мықтыбек Рахымбеков ақжарма тілегін ақтарды. Жиналған жұрт алдында сөз алған ол кезінде екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған белгілі қоғам қайраткері Нұрмолда Алдабергеновтің өз қолымен құрған Мұқыры театрының өткені мен бүгініне кеңінен тоқталып, ондағы өнер саңлақтарының ұлт мәдениетінің дамуына қосқан қомақты үлесін ерекше атап өтті. Жылы лебіз білдіргеннен кейін театрда ұзақ жыл еңбек еткен ардагерлердің иығына шапан жапты.
 Жергілікті халықты ғана емес, кезі келгенде Жетісу жұртшылығын да өз өнерімен тәнті етіп жүрген театр саңлақтарына құрмет көрсетілгеннен кейін қазақ кино өнерінің майталманы, көпшілікке «Тақиялы періште» есімімен танылған Әлімғазы Райымбеков сөз алып, ақ батасын жаудырды. Сонымен қатар, театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері, танымал композитор Нури Сүлейменов: «Театр – рухани қазына. Халық барда салт-дәстүр, ән мен күй, ұлттық өнердің өзегі ешқашан қуармайды. Сонау 1967 жылы құрылған Мұқыры театры қилы кезеңдерді бастан өткерді. Тіпті кешегі тоқырау жылдарында мүлдем тоқтап қалған еді. Кейін жергілікті өнерсүйер қауымның ұсынысымен, аудан басшыларының жан-жақты қолдауымен 2009 жылы қайта жанданды. Өткен жылғы шілде айында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оның құрамы кілең жастармен толығып, олар тағылымды тың қойылымдарды жұрт назарына ұсына бастады. Мұндағы жас өнерпаздар өрелі өнерімен көпті сүйіндіріп келеді. Енді, міне, «Елу жылда – ел жаңа» демекші, жартығасырлық мерейді атап өтер күнге жеттік. Жалпы бұл театр көптің көңілінен шығып, күткен үмітті ақтайды деп сенемін», – деп тебіренді.
Кеш соңында Мұқыры халық театрының ұжымы драматург-жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Бес бойдаққа бір той» атты қойылымы көрермендердің назарына ұсынылды. Мұқыры халық театрының жас әртістері режиссер Ұлан Ахметовтың сахналауымен қойған спектакльде өмірде кездесетін ащы шындық көрермен назарына ұсынылды. Көрермендердің көңілінде біз әкелерімізді көзі тірісінде сыйлай алып жүрміз бе деген ой туындады. Мұны көрермендердің ақеділ ықыласынан байқадық.
Тәуелсіздіктен кейін қайта түлеген мәдени мұраларымыз, ұлттың өшпес өнері өзіндік бояуымен өркен тапқаны қуантады. Осындай ұлағаттан сусындаған өңіріміздегі өнері алдағы уақытта да жаңа есімдермен толығып, халқымыздың мәдениеті мен өнері қарқынды дами беретініне сеніміміз мол.

Қабыл ИСА

Қатысты жаңалықтар

Несие төлемін азайтуға кімдер құқылы және ол үшін не істеу керек?

Несие төлемін азайтуға кімдер құқылы және ол үшін не істеу керек?

Бүгін, 11:57
Дін және мемлекеттік қызмет

Дін және мемлекеттік қызмет

Бүгін, 11:40
Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Бүгін, 11:18
Ізі айқын, жүзі жарқын

Ізі айқын, жүзі жарқын

Бүгін, 11:00
Кербұлақта алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Кербұлақта алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Бүгін, 10:26

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.