Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БІР КҮНДЕ БІРНЕШЕ НЫСАН АШЫЛДЫ

12 желтоқсан 2018
КҮНДЕРЕК
БІР КҮНДЕ БІРНЕШЕ НЫСАН АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік күні қарсаңында Еңбекшіқазақ ауданында ел игілігіне арналған бірқатар нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ең алдымен Есік қаласындағы 300 орынды балабақшаның тұсауы кесілді.

Салтанатты шараның ашылу рәсіміне аудан әкімі Бинәлі Ысқақ қатысып, жаңа ғимараттың табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. – Балалар – еліміздің ертеңі. Олардың алаңсыз оқып, білім алуы мемлекеттің басты назарында. Бүгінде бой көтеріп жатқан заманауи мектептер мен балабақшалар — соның жарқын мысалы. Ауданымызда бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету деңгейі 98,7 пайызға жетіп отыр. Осының бәрі қасиетті тәуелсіздіктің арқасы. Балапандардың алтын ұяда тәрбиеленіп, ұлтжанды ұрпақ болып қалыптасуына бәріміз де тілектеспіз, – деді Бинәлі Әбдіқапасұлы. Бұдан кейін әжелер шашуын шашып, қариялар ақ батасын берді. Мемлекеттік және жекеменшік серіктестік аясында салынған екі қабатты еңселі ғимарат заман талабына сай жасақталған. Ондағы балалар ойнайтын және демалатын бөлмелер кең де жарық. Дене шынықтыру, музыка кабинеттері қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Екі тілде дәріс беретін тәрбиешілер де өз ісінің білгір мамандары. Жиналған көпшілік кішкентай балақайлардың балдай тәтті тілдеріне мәз-мейрам болды. Осындай игі істі қолға алып, балаларға қуаныш сыйлаған кәсіпкер Жазира Отарбаеваға бәрі зор ризашылығын білдірді. * * * Ақтоғай ауылының тұрғындары да үлкен қуанышқа кенелді. Ондағы «Орынша» деп аталатын балабақша бөбектерге есігін айқара ашты. Сонымен қатар, жалпы бір күннің ішінде аудан өңірінде жалпы саны 10 балабақшаның тұсауы кесіліп, пайдалануға берілді. Оларды мерекеге арналған тартудың ең үлкені деуге болады. Құрылыстардың бой көтеруі балабақшалармен ғана шектеліп қалған жоқ. Жайдарман жаңалықтар бір-біріне сабақтасты. Ащысай ауылындағы дәрігерлік амбулатория қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшті. Үстіміздегі жылдың наурыз айында басталған құрылыс дер кезінде аяқталған. Оған мемлекеттік бюджеттен 212,0 миллион теңге қаражат жұмсалды. Жалпы ауданы 607 шаршы метр болатын ауылдық емханада дәрігерлер күніне 50 адамды емін-еркін қабылдай алады. Амбулатория медициналық жабдықтармен толықтай қамтылған. Онда жоғары білімді 3 дәрігер және фельдшерлік мамандар, мейірбикелер жұмыс істейді. Емханадағы мүмкіндіктердің бұрынғыдан да кеңейе түскені жұртшылықтың көңілінен шығып, бәрін ризалық сезімге бөледі. Бұл жайдарман жаңалықтарды аудан халқының ел дамуына қосқан өзіндік үлесі десек артық айтқандық емес.

Болат МӘЖИТ
Еңбекшіқазақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.