Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕЛДІГІМІЗГЕ СЫН

7 желтоқсан 2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

   «Мектепте оқытылатын пәндердің ең маңыздысы қайсы?» деген сұрақ кім-кімнің де көкейінде тұратын шығар. Осыдан көп жыл бұрын болашақ Президент, мектеп оқушысы Нұрсұлтан Назарбаев тарих пәнінің мұғалімін: «Неге басқа тарих кітаптарына қарағанда Қазақ ССР тарихы жұп-жұқа?» деген сұрақпен састырған екен. Ол кезде біз бодан жұрт едік…

 

   Сол кезеңдерде тауымыз әбден шағылып, талабымыз қайтып, бетімізбен жер басып, өзімізді қор санайтын едік. Сондықтан да бір нәрсені дұрыс істемесек «қазақпыз ғой…» деп ақтала ыржалақтайтын болдық. Көрші елдер «орыс болғың келсе, алдымен қазақ бол» деп келеке ететін. Алыстағы ағылшын, неміс, беріректегі чешен халықтарының ұлттық намысы лапылдап, мақтанышы асқақтап тұратын…
   Енді, міне, екінің бірі, егіздің сыңары емес, білдей бір елдің басшысы «әлемдік өркениет бізден басталған!» деп жарияға жар салды. Не үшін? Үш ғасырға жуық жаншылған рухты қайта ояту үшін! Төменшіктеген елін төрге шақырып жатыр. Кім ілеседі, кім шегіншектер екен? Өзін әлі де әлеуетті  санайтын әлемдік держава басшылары есітіп отыр. Олардың «Бәрекелді, дұрыс айтасың!» дей қоймайтыны анық…
   Сонымен, мақаланы оқып шыққан соңғы түйген ойым, Елбасының «Ер қанаты – ат» деген бабаларымыздың жылқы баласын адамзат тарихында алғаш рет қолға үйретіп, оны тұрмыстық және әскери техника ретінде пайдаланған, қола, мыс, темір, алтын, күміс секілді металл өндіру мен өңдеуді алғаш қолға алған ел екенімізді әйгілеп, бабаларымыздың әлемдік өркениет пен адамзаттың дамуына қосқан үлесін батыл әрі мақтанышпен айтқанына қуандым. Әйтпесе мұндай-мұндай мәліметтердің шет жағасын естісек те айғайлап айта алмай бүгежектеген кездер болды ғой… Енді осы айтылғанның бәрін ұлтымыздың санасына қалай сіңіреміз дегенде, оның да жолын Елбасымыздың өзі айтып берді. Ол ұлттық мақтаныш сезімін теледидар, көркемсуретті, деректі фильмдер, әсіресе анимациялық мультфильмдер арқылы ең әуелі сәбилердің жүрегіне қондыру керектігін айтты. Себебі, бала күнінен шетелдің «Человек-паук», «Бэтман», «Железный человек» секілді жасанды батырларына еліктеп өскен баланың қанынан қазақылықты қайдан табасың? «Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар» дейді Елбасы өзінің мақаласында. Жөн сілтенді, жол көрсетілді. Президентіміздің салмақты пікірлері мен салиқалы ойларын абыроймен, тиянақтылықпен орындау – біздің елдігімізге үлкен сын.

Серік Қалиев, 
Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.