Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АЛАҢДА — АРДАГЕРЛЕР

28 қараша 2018
АЛТЫН ТҰҒЫР
АЛАҢДА - АРДАГЕРЛЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында волейболдан ардагерлер арасында «Жетісу кубогы» халықаралық турнирі жалауын желбіретеді. Жарыс 30 қараша мен 2 желтоқсан күндері аралығында өткізіледі. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған халықаралық доданың өту реті мен дайындығы жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте мәлім болды.

Журналистермен кездесуге облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, облыстық волейбол федерациясының атқарушы директоры Рашид Парманов және «Жастар» спорт сарайының директоры Талғат Жақыпбеков келді.

Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Польша, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейдің Тыва, Буриятия, Татарстан елдерінен командалар келеді. Мұның ішінде, Ресейден бірнеше команда қатысқалы отыр. Олардың кейбірі мемлекет атынан шықса, екіншісі Орынбор қаласының абыройын қорғайды. Жалпы 10 команда қатысады. Дода туралы Нұрбақыт Молдахметұлы:

– Жарысқа бірінші болып Моңғолия құрамасы келді. Қатысушылар арасында әлемдік аренада ойын көрсетіп жүрген волейболшы ардагерлер бар. Үш спорт шебері бар екенін ерекше атап өтуіміз керек. Олардың қатысуы жарыс көркін қыздыра түседі. Жеңімпаздар арнайы жасалған кубок пен медальдарға ие болады. Қосымша жеті номинация бойынша үздіктер анықталады. Жарыс облыстық әкімдіктің және жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асып отыр. Жүлде қоры – 2 200 000 теңге.  Болашақта «Жетісу кубогы» жарысын өткізуді дәстүрге айналдырамыз,- деді.

Одан кейін сөз алған Рашид Тұрсынұлы «Былтыр аталған жарысқа алты команда қатысқан еді. Биыл құрамалар саны артты. Бұл дегеніңіз жарыстың жылдан-жылға деңгейінің өсіп келе жатқандығын білдіреді. Жауапкершілік те бірінші болған жарыспен салыстырғанда едәуір арта түсті. Өткен жылы чемпион болған Ресей құрамасы биыл жаңа құрамын алып келіп отыр. Ал Амандық Баталов бастаған «Жетісу» командасы да фавориттер қатарында. Төрешілер арнайы таңдалып алынды. Жарыстың ресми ашылу салтанаты 30 қарашада, «Жастар» спорт сарайында сағат 12:00-де болады», — деп түйді.

Үшінші спикер Талғат Жақыпбекұлы «Жастар» спорт сарайы қашанда ірі жарыстарды қабылдауға дайын екендігін айтты. «Осыған дейін 2015 жылы қыздар арасында волейболдан әлемдік Гран-при турнирін қабылдағаннан кейін жаһандық жарыстар сиреп қалғандай еді, «Жетісу кубогы» жыртыққа жамау болғандай», — деп қорытындылады спорт сарайының басшысы.

Жарыста облыс әкімі Амандық Баталовтың «Жетісу» волейбол командасы жүлдеге таласады. Сондай-ақ, облыс намысын қорғайтын команданың ардагер мүшелері күнделікті жаттығу үстінде әрі жарысқа да сақадай-сай тұр. Жетісулықтар мен қала қонақтарын волейболдан жарысты тамашалауға шақырамыз. Өз командамызға жанкүйерлік етейік.

Серік ҚАНТАЙ,

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.