Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ПОЛИЦИЯ ФОРМАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

20.11.2018
КҮНДЕРЕК
ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ПОЛИЦИЯ ФОРМАСЫМЕН ТАНЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен ішкі істер органдары қызметін жаңғырту мәселелері жөніндегі кеңес өтті. ҚР Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңесті ашқан Елбасы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес мәселесі айрықша бақылауда екендігін баса айтты. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің сайты мен «Қазақпарат» агенттігі хабарлады.

Президент соңғы 3 жылда ішкі істер органдары күш-жігерінің арқасында еліміздегі қылмыс деңгейі 17,5 пайызға қысқарғанын мәлімдеді. «Адам криминалдан қорғану үшін бірінші кезекте полицияға жүгінеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде 779 қызметкер қаза тауып, шамамен 2,5 мыңы жарақат алды. Мұны естен шығармау керек. Бұған қоса, ішкі істер органдарының ағымдағы жағдайы қоғамның сұранысына толық көлемде жауап бере алмайды», — деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті полиция қызметкерлерінің азаматтарымен өзара іс-қимыл стандарттары ескіргенін және қазіргі заман талаптарына сай келмейтінін айтты. «Ішкі істер органдары жүйесінің қызметі қоғамның сенімін ақтай алмайды, азаматтардың кейістігін тудыруда. Адамдар өздерін қауіпсіз сезінбейді. Онсыз біз қазақстандықтардың жоғары өмір сапасын қамтамасыз ете алмаймыз. Ал бұл біздің бағдарымыз саналады. Сондықтан полицияны реформалау ісіне шұғыл кірісуіміз қажет», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Күн тәртібіне сәйкес, кеңес барысында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың баяндамалары тыңдалды. Ұсынылған ақпараттарды қаперге алған Қазақстан Президенті барлық жоспарланған шараларды тыңғылықты әзірлеу қажеттігін атап өтті.

– Артық нәрсенің бәрінен арылып, қылмыспен күрес жүр­гізу және құқықтық тәртіпті сақтау ісіне мән беру керек. Құрылымдар оңтай­лан­дырылады. Соның нәтижесінде бір басшының қарамағында үшеу емес, бес адам болады. Штат саны 10 пайызға қысқарады. Осы шаралар полицейлер санының 100 мың адамға шаққанда 471 полицейден келуін 424-ке дейін төмендетуге жол ашты. Бұл еуропалық орташа деңгейге сәйкес келеді. Осыған орай, 16 миллиард теңге үнемделмек, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев үнем­­делген қаражатты қызмет­кер­лердің еңбекақысы мен әлеу­меттік қамту жүйесін жақ­сар­туға жұмсауды тапсырды. Елбасы қосымша ішкі резерв­терді іздеу және тиімсіз әкім­шілік шығындарды болдырмау жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін де айтты. «Полицейлердің жалақысын арттыруға қосымша 21,4 миллиард теңге бөлінетін болады. Мұның бәрі – халықтың ақшасы. Полицияны, армияны және соттарды салық төлеушілердің қаражаты есебінен ұстап отырмыз. Сондықтан, азаматтарымыз құқық қорғау органдарының өз міндетін мінсіз атқаруын талап етеді», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қыл­мысқа қарсы күрес жүр­гізетін және қоғамдық тәртіпті сақтау ісімен тікелей айналысатын қызметкерлердің тұрғын үй мәселелерін шешу үшін қабылданған шараларға да тоқталды. Бұл шаралар полиция жұмысының ең маңызды деген бағыттарына білікті жаңа кадрларды тартуға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті күзететін және қылмысқа қарсы күрес жүргізу қызметін атқаратын бөлімшелерді күшейтуге мүм­кіндік береді. Елбасы полиция қыз­мет­керінің теріс қылық жасағаны үшін ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылып, барлық жеңілдіктен айырылатынын айтты. «Бізге жаңа формацияның полицейлері қажет. Кадрларды іріктеу, даярлау және ілгерілету жүйесі қайта қарастырылатын болады. Ведомстволық білім беру ісі айтарлықтай өзгереді. Мамандарды даярлау сапасы әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи полиция академиялары қажет», – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті Ішкі істер министрлігіне тиесілі 12 оқу орнының үздік бесеуі ғана қалатынын айтып, оған білікті оқытушылар іріктеліп алынатынын атап өтті.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Шешімді халық қабылдайды

Шешімді халық қабылдайды

03.02.2026
Жетісу облысында үш жасар бала зорлық белгілерімен ауруханаға түсті

Жетісу облысында үш жасар бала зорлық белгілерімен ауруханаға түсті

03.02.2026
Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар   

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар  

03.02.2026
Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.