Талдықорған: +33°C
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

СОТТАН ҚАШҚАН 300 ҚЫЛМЫСКЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

19.11.2018
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
СОТТАН ҚАШҚАН 300 ҚЫЛМЫСКЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы Оқушылар сарайында қала тұрғындарымен кездесу өткізген облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат ҰРҰМХАНОВ көпшілікке өңірдегі қылмыс көрсеткішін таныстырып, қоғам қауіпсіздігін сақтау жолдарын талқылады. Оның айтуынша, жыл өткен сайын қылмыс саны өсуін тоқтатар емес. Осыған орай мемлекет тарапынан жанды қолдау көрсетіліп, нақты шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, облыс қалалары мен аудан орталықтары бейнебақылау камераларымен жабдықталып, қоғамдық тәртіп қадағалануда.

 

Биыл облыс аумағында 23 мыңға жуық қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5 %-ға артық. Одан бөлек, ауыр және аса ауыр қылмыстың көрсеткіші 16%-ға азайған. Зорлық 22,9 %-ға, қарақшылық 13,1%-ға, ұрлық 5,2%-ға, мал ұрлығы 7,2%-ға, көлік тонау 3,9%-ға, қарулы тонау 37,8%-ға, бұзақылық 18,4%-ға, алаяқтық 1,3%-ға төмендеген. Сонымен қатар, жасөспірімдер қылмысы өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға азайған. Қылмыстық құқықбұзушылықтың басым бөлігі Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында тіркеліп отыр. Осындай сандарды сөйлеткен генерал-майор Мұрат Ұрұмханов қылмысты болдырмау, оны дер кезінде ашу жайында әңгіме қозғады. Осыған орай кісі өлімі, денсаулыққа ауыр нұқсан келтіру, зорлау, қарақшылық, өзгенің мүлкін ұрлау, бұзақылық сынды қылмыстың ашылу деңгейі жақсарған. Тергеу мен соттан қашып жүрген 300 қылмыскер табылса, із-түзсіз жоғалып кеткен 239 адамның қайда жүргені анықталды. Қоғамды дүрліктірген бірқатар қылмыс ашылды. Оның қатарында үш адамның өліміне қатысты бір қылмыс және екі адамның өліміне қатысты 4 қылмыс, кісі тонау оқиғалары бар. Есірткіге қатысты анықталған 517 қылмыстың 65-і есірткі таратуға орай қозғалды. Соған орай айналымда жүрген 4 тонна есірткі заттары тәркіленіп,жойылды. Есірткі заттарының ішінде 1 килограмм героин болған.

Баяндамашының айтуынша, тіркелген қылмыстың ішінде ұрлық көп. Полиция қызметкерлерінің көмегімен 5 мыңнан астам ұрлық ашылып, ұрылардың 135 тобы қолға түскен. Олардың 44 тобы пәтер тонаушылар болса, 34 тобы мал ұрлаушылар. Зардап шегушілерге құны 42 миллион 395 мың теңге болатын шығыны мен 1158 бас мал қайтарылды.

Жетісу жеріндегі қылмысты барынша азайтуға облыс әкімдігі қолдау көрсетіп келеді. Соған байланысты облыс аумағында орнатылған 968 бейнекамера орын алған оқиғаның кескінін полиция бөлімшелеріне жеткізіп, 65 ұрлықтың, 25 бұзақылықтың, 4 адам тонаудың ашылуына көмектессе, 15 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық белгілі болды. Одан бөлек, «Қазақтелеком» АҚ ұсынып отырған «Бұлтты бейнебақылау» бағдарламасы аясында қаладағы үйлердің 160 кіреберісіне 338 бейнекамера орнатылды. Келешекте осы бағыттағы жұмыс күшейтіледі. Келер жылы Қапшағай қаласында 300 камераны қамтитын шұғыл басқару орталығы іске қосылса, Текелі қаласында 50 камералы шұғыл басқару орталығы салынады. Ал Қаскелең қаласына 150 бейнебақылау камерасы, Жаркент қаласына 50 бейнебақылау камерасы орнатылады. Мал ұрлығын болдырмау үшін облыс аумағында малшы – мал иесі – жергілікті атқарушы билік арасын жалғастыратын үшжақты келісім жасалуда. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың шешімімен 2017 жылдың желтоқсанында төрт түліктің күзетілуі мен мерзімінде сәйкестендірілуіне қатысты мал иесіне жауапкершілік артатын ауылшаруашылығы жануарларын ұстаудың Ережелері бекітілген болатын. Осындай тиімді шаралар мал ұрлығының тіркелуі мен ашылуына мүмкіндік беруде.

Өңірде 2014 жылдан бері қолға алынып отырған «Көршілер бақылауы» бағдарламасы өз жемісін беріп келеді. Биыл жыл басынан бағдарлама телефондарына түскен 9 мыңнан астам хабарламаға байланысты 5 мыңнан астам бұзақы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, Талдықорғандағы екі мектепте кадет сыныптары ашылса, студент жастардың ерікті «Жалын» жасағы құрылып, қоғам тыныштығын күзетуге үлес қосып отыр. Осылайша полиция қызметкерлері жас өскін тәрбиесін қолға алуда.

Генерал-майордың баяндамасынан соң жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, лайықты жауап алды.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

25.06.2026
Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

25.06.2026
Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

25.06.2026
Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

25.06.2026
Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

25.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.