Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҮШІНШІ ӨЛІМ КЕРЕК ПЕ?

18 қараша 2018
КҮНДЕРЕК
ҮШІНШІ ӨЛІМ КЕРЕК ПЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы №27 мектептің ата-аналары күнде балаларын білім ордасының дәл алдынан күтіп алады. Себебі, мектепке баратын 80-нен астам оқушы бір емес, екі қорқынышты өткелі бар жардан өтуге мәжбүр. Бұл туралы «31 арнаның» «Информбюро» жаңалықтар қызметі көрсетті.

Талдықорған қаласының тұрғыны, ата-ана Маржан Молдахметова: «Үшінші өлім керек болып тұр ғой. Мына мектептен онсыз да екі бала өлді. Бір баланы машина қағып кетті. Бір баланы ит талап тастады. Біз балаларымыз үшін қорқамыз. Мына арыққа түсіп кетсе қайтеміз?» — дейді ашынып.

Ата-аналардың алаңдаушылығын тудырған сай түбінде су толы тоған бар. Сайдағы өткелден өту үшін балалар жоғарыдан төмен қарай түседі. Алайда оқушылардың абайсызда аяғы тайып, суға ағып кетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Сай түбіндегі судың тереңдігі жарты метрден асады.

Құлап кету қаупі басым екі өткелден өткен балалар ен даламен үйлеріне қайтады. Маңай қаңғыбас итке толы. Ал көше бойында тұрған электр бағаналарының барлығы екі жылдан бері іске қосылмаған. Тіпті, кейбір жерде электр сымдары жерде жатыр. Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс «31 арнаға» берген сұхбатында:

— Егер трансформаторларды тексеру жұмыстары толық аяқталса, бұл аймаққа бір аптаның ішінде жарық беріледі. Ал сайға көпір салу мәселесі жобада қаралмаған. Сондықтан, ештеңе дей алмаймыз. Бірақ келесі жылы жобаға кіргізуге мүмкіндігіміз бар. Егер кіріп жатса, міндетті түрде ол жерге көпір салынады, — деді.

«Жетісу» газетінің электронды сайтына «Плодопитомник» аталып кеткен осы аймақтың өзге де тұрғындары пікір білдірді. О.Құлжабеков көшесінің бойынан жер участогын алып, жуырда ғана үй тұрғызған Арман Доқтырбай мен Айым Молдағалиева 0-нші сыныпта оқитын ұлдарын қауіпті сайдан аптасына он рет алып өтетінін айтты. Ең қорқыныштысы, екі жасар қыздары байқаусызда аяғы тайып кетіп, су толы тоғанға түсіп те кеткен. Бүгінде ата-ана аязды күні үсті-басы малмандай су болған бүлдіршіннің денсаулығына алаңдаулы. «Солтүстік жеке тұрғын үй секторына көңіл бөлінбей жатыр деп айта алмаймын. Бұрын батпақты жол еді. Қазір тас төгіп, жолдарымызды ретке келтіріп берді. Электр бағандары мен газ құбырларын орнатты. Енді іске қосылуын асыға күтіп отырмыз. Ең бастысы, мектепке баратын сайдағы көпірді жасап берсе екен дейміз. Бәрі балалар үшін ғой», — дейді осы аймақтың тағы бір тұрғыны Әйгерім Серікқызы.

Бұл маңда 15 жылдан бері тұрып келе жатқан ата-аналар Талдықорған қалалық әкімдігінен тым болмағанда балаларды мектепке тасымалдайтын қоғамдық көліктер бөлінсе екен деп сұрайды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.