Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨНЕР КӨРСЕТТІ

14 қараша 2018
САЯСАТ
ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨНЕР КӨРСЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында алғашқы кадет сыныбында білім алушылардың слеті ұйымдастырылды. Алматы іргесіндегі Өтеген батыр кентінде өткен іс-шараға Талдықорған қаласы мен Іле ауданы мектептеріндегі 150-ден астам кадет қатысты.

Жетісу өлкесінде негізі қаланған «Жас полиция» кадет қозғалысы сұранысқа сәйкес даму үстінде. Қазіргі таңда төрт жалпы білім беретін мектепте 5 кадет сыныбы жұмыс істейді. Пилоттық жоба ретінде алғашқы кадет сыныбы былтыр Өтеген батыр кентінің №7 орта мектебінде ашылды. Бұдан кейін осындай сыныптар ауданның басқа үш мектебінде қолға алынып, өз жұмысын бастады. Полициялық бағытты ұстанған алғашқы кадет сыныбын ашуға, кейіннен «Жас полиция» жобасын одан әрі дамытуға облыс басшысы Амандық Баталов қолдау көрсетті.

«Кадеттердің алғашқы слетін өткізу туралы шешім қабылдау кезінде Өтеген батыр кентіндегі №7 орта мектебі таңдап алынды. Өйткені, осы мектепте құқық қорғау бағытын негізге алған алғашқы кадет сыныбы бар. Яғни, еліміздегі «Жас полиция» қозғалысының бастау алған жері. Іс-шарада балалар бір-бірімен кездесті, әртүрлі бағытта өз өнерлерін ортаға салды. Кадет қозғалысын дамыту бойынша ойлары мен ұсыныстарын айтты. Жалпы айтқанда, ортақ мүдде аясында жақынырақ танысты», — дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз өкілдері.

Сондай-ақ, облыстық слетке шекара әскері желісі бойынша білім алатын Іле ауданының №38 мектебінің кадеттері қатысты. Іс-шара барысында слетке келген кадеттер қару-жарақты бөлшектеу және оны қайта құрастыру, саптық әндерді орындау, саптық дайындық бойынша өз шеберліктерімен тәнті етіп, соңында көрермендерге ән мен күйден шашу шашты.

Айта кетейік, биыл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымов Іле ауданының кадеттерін қабылдап, кадет қозғалысына оң пікір білдірген еді және тәлім алушылардың дағдысы мен дайындығына өте жоғары баға берген болатын.

«Жас полиция» жобасы тиісті нәтижесін берді. Білім алушылардың үлгерімі мен қызығушылығы артып, тәртібі жақсарды. Дене бітімінің дұрыс қалыптасуымен қатар, еліміздің шынайы патриоты болуына ықпал ететін сыныпқа қазіргі таңда ата-аналар тарапынан сұраныс артып келеді. Осыған орай, облысымыздың басқа аудандарында да кадет сыныптарын ашу жоспары бар. Ең алдымен, Үшарал және Қапшағай қалаларында ашылуы мүмкін», — дейді департамент өкілдері.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.