Талдықорған: +16°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

САҢЫРАУ БАЛАЛАРҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТЕДІ

13 қараша 2018
КҮНДЕРЕК
САҢЫРАУ БАЛАЛАРҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары есту қабілеті нашар балаларға ағылшын тілін үйрету мақсатында «Жүрек қалауымен» атты жаңа әлеуметтік жоба бастады. Осыған орай есту қабілеті нашар және естімейтін балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының оқушылары алғаш рет ағылшын тілінен кіріспе сабаққа қатысты.

«Әлеуметтік жобаның аясында біздің оқушылар ағылшын тілін аптасына бір рет оқитын болады. Бұл — бізге берілген үлкен мүмкіндік, себебі мектеп-интернатымызда ағылшын сабақтары өкінішке қарай жүргізілмейді. Осындай бірлесе ұйымдастырылған жұмыстар балаларға шет тілін меңгеруді ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық ортаға бейімделуге, яғни, жастардың жоғары мәдениетті болып қалыптасуына көмектеседі. Зияткерлік мектебінің оқушыларына біздің балаларымызға қолдау көрсеткендері үшін ризашылықтарын білдіреміз», — дейді мектеп-интернатының әлеуметтік ұстазы Ләйлә Қожахметова.

Жобаның қатысушылары үшін арнайы мектепшілік экскурсия ұйымдастырылып, мектептің әлеуметтік өмірі мен оқушылардың жетістіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

«Жүрек қалауымен» атты жаңа әлеуметтік жобаның координаторы, 11 «А» сынып оқушысы Әйгерім Тәңірбергенованың айтуы бойынша, ағылшын тілі сабақтары аптаның әр сәрсенбі күндері ойын элементтерін қолдана отырып, сурдоаурамашымен бірлесе өткізіледі.

«Әлемде кез келген бала қандайда жағдайға қарамастан білім алуға құқылы. Біз «Қамқор» және «Жақсылық жасауға ұмтыл» атты әлеуметтік жобалар аясында «Айналайын» ​​облыстық балалар үйінің және мүгедек балаларға арналған сауықтыру орталығының тәрбиеленушілеріне жеті жыл қатарынан ағылшын тілін үйретіп келеміз. Балаларға арнап әр түрлі іс-шаралар, атап айтсақ, театрландырылған қойылымдар мен танымдық ойындар ұйымдастырамыз. Сонымен қатар, биылдан бастап есту қабілеті нашар және естімейтін балаларға арналған мектеп-интернаттың 4-8 сынып оқушыларына жүйелі түрде ағылшын тілін үйретуге мақсат қойып отырмыз. Біз үшін бұл — баға жетпес тәжірибе. Біздер ынтымақтастыққа әрдайым қуаныштымыз», — дейді Әйгерім.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.