Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БІЛІМ МАЙДАНЫНДАҒЫ БІТІМ

12.11.2018
КҮНДЕРЕК
БІЛІМ МАЙДАНЫНДАҒЫ БІТІМ
WhatsAppTelegramFacebook

Жоғары оқу орындары жүйесін жаңғырту – заман талабы. Оқу ордаларында білікті маман даярлау үшін не істеу керек? Қазіргі заманда қандай маман сұранысқа ие? Бұл ретте көрші мемлекеттердің тәжірибесі қалай? І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен «Болашақ университеті: цифрландыру және академиялық дәстүрлер» атты Еуропалық одақ және Орталық Азия университеттері ректорлары форумында осы мәселелер талқыланды.

Форумға Қазақстан, Эстония, Латвия, Польша, Венгрия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген жоғары оқу орындарынан 16 ректор қатысты.
Аталмыш шара екі бөлімді қамтыды: сессиялардағы отырыстар және пленарлық мәжілістер. Сессияларда жоғары оқу орындарының инновациялық қызметін дамыту, адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ шетел мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының стратегиялық әріптестігі талқыланды.
ХХІ ғасыр – білімділер заманы. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған тұста қазақ қарап қалмақ емес. Қай уақытта да адам капиталын дамыту күн тәртібінен түспейді. Елбасы өз Жолдауында осы мәселелерді үнемі басты назарда ұстап келеді. Осы орайда жиында сөз алған І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің ректоры Қуат Баймырзаев жоғары білім ордаларының арасындағы байланысты нығайтудың қажеттілігін атап өтті.
– Біріншіден, кадр даярлау. Яғни, біздің студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өзге мемлекеттерде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады. Сол сияқты өзге елдің білім алушылары біздің университеттің арнайы курстарын тыңдай алады. Екіншіден, оқытушылар мен студенттердің бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысы. Мен мұнда маңызды ғылыми жаңалықтардың пайда болуына негіз болады деп есептеймін. Өйткені біздің университет жетекші ғылыми орталықтардың бірі және осыған байланысты үлкен мүмкіндіктерге ие. Үшінші бағыт – біздің жоғары оқу орындарымыздың оқытушылары мен педагогтарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау, – деді ол. 
Одан кейін салтанатты түрде жоғары оқу орындарының ректорлары білім беру және ғылым саласын дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Шараның негізгі мақсаты да сол болатын. Бұдан бұлай жоғары оқу орындары студенттерді даярлау, университеттердің зертханалық және техникалық базасын пайдалану, ортақ жобаларды жүзеге асыру үшін бірге жұмыс істейтін болады. 
Жиын барысында ректорлар Орталық Азия мен Еуроодақ мемлекеттерінің жоғары оқу орындарын дамыту, оқу процесін цифрландыру туралы пікір алмасты. Сонымен қатар халықаралық қатынастарды нығайту, бірлескен оқу бағдарламаларын әзірлеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы кейбір түйткілдердің нақты шешімдерін тапты.
Ал екінші күні “Қоғамдық сананы жаңғырту – Қазақстанның қарқынды дамуының негізі” тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Даугавпилс университетінің ректоры Ирэн Кокина   “Еуропалық университеттерді цифрландыру және интернационалдандыру” тақырыбында, ал Паллас Валерия Нууста «Эстонияның үлгісінде жоөғары оқу орындарындағы құрылымдық реформалар» туралы баяндама жасады. 
Жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Дырка Стефан Катовица да “Ғылым саласындағы бұқаралық коммуникацияның жаңа реформалары” тақырыбында маңызды мәселелерді жүйелеп өтті.
– Ең алдымен, ұлттық БАҚ жүйесін қазіргі заман талабына сай модернизациялаудың концептуалдық платформасын қалыптастырған жөн. Өйткені, осы кезге дейін БАҚ саласы бойынша көптеген өзгеріс іске асырылғанымен, олардың ешқайсысының ғылыми тұжырымдалған концепциясы болған жоқ. Мақсат және соған қол жеткізер ресурстар мен потенциалымыз анық болмаған соң бұл саладағы өзгерістер негізінен стихиялық даму сипатында жүрді. Сондықтан ұлттық БАҚ жүйесін модернизациялау концепциясын дайындаудың өзектілігі айқын. Жасыратыны жоқ, біз әлі күнге постсоветтік қалыптан толықтай арыла алмадық. Сондықтан осы уақытты постсоветтік кезеңнің ықпалындағы сәт десек, енді бұдан былайғы кезеңді постсоветтік дәуірдің аяқталған, жаңа ұлттық кезеңнің басталған шағы деп тануымыз керек, – деді ол.
Қырғызстанның білім беруді интернационалдандыру және цифрландыру саласындағы тәжірибесі туралы Кувейт Халықаралық университетінің ректоры Асан Ормушев айтты. Ал Алматы менеджмент университетінің бірінші проректоры Алмагүл Қанағатова қазіргі заманғы университеттерді цифрландыру керектігін басты назарға алды. Ол сондай-ақ цифрландыру жағдайындағы Қазақстанның туристік индустриясының қазіргі жағдайы мен проблемалары, оның ұлттық экономикадағы рөлі мен орны шарықтайтынын тілге тиек етті.
Форум соңында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғимаратында еуропалық білім беру орталығы ашылды.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Қатысты жаңалықтар

Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.