Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Волейболшыларды қабылдады

19.10.2018
АЛТЫН ТҰҒЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Санаулы күннен кейін Өскеменде әйелдер арасында волейболдан Қазақстан кубогы сарапқа салынады. Айтулы жарысқа әр өңірдің волейболшы қыздары тас-түйін дайындалып, командалар жарысқа сақадай сай тұр десе де болады. Жарыс болады дегенді естіген «Жетісу» қыздар командасы да оқу-жаттығу жиындарын пысықтап, жарыстың басталуын күтіп отыр. Байрақты бәсекенің алдында облыс әкімі Амандық Баталов «Жетісу» волейбол клубының ұжымымен кездесті. Облыс басшысы команда құрамына алынған жаңа ойыншылармен танысып, клуб басшыығының алдына жаңа міндеттер жүктеді.

– «Жетісу» волейбол командасы бұған дейін ел чемпионатында жеті мәрте жеңіске жеткен команда. Өзіндік орны бар волейбол командасы біраз жылдан бері сол чемпиондық атаққа қол жеткізе алмай жүр. Оған қатты қапаланудың қажеті жоқ. Бір сәт төменгі сатыға түсу арқылы жеңістің бағасын сезінеміз және сол жетістікке жетуге бар күшімізді саламыз. Сәтін салса, алда Ұлттық лиганың 27-маусымы күтіп отыр. Жаңа жасақталған құраммен дүбірлі додада намысты қолдан бермейміз. Ол үшін біз өз тарапымыздан сіздерді жеңіске ынталандыру жолында барлық қолдау шараларын атқарып келеміз. Оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, спорттық киім-кешектер мен жабдықтар толықтырылды, жаңа ойыншылармен келісімдер жасалды. Енді сіздерден алдағы уақытта жеңісті ойындар күтеміз, – деген облыс әкімі команда сапына жаңадан келген ойыншылардың аты-жөндерін атап, танысып шықты. Нақтырақ айтсақ, «Жетісу» командасын толықтырғандар қатарында қазақстандық волейбол клубтарының, сонымен қатар, Түркия, Сербия, Украинаның Одесса командаларында ойнаған Анна Тарасова, Сара Лозо, Олесья Сафронова, Батиста Роблес, Татьяна Яцкив бар.
«Жетісудың» бас жаттықтырушысы Вячеслав Шапран облыс басшылығы тарапынан көрсетілген барлық қолдауларға ризашылығын білдірді. Команданың толық жасақталып болғанын тілге тиек етіп, жаттығуға толыққанды кіріскендерін айтты.
Команда капитаны Людмила Хабибуллина ұжымның тату екенін және ойын барысында үздік өнер көрсетуге барын салатындарын тілге тиек етті.
Команда капитанының сөзінен кейін Амандық Ғаббасұлы бұрынғы ойыншыларды сөзге тартып, алдағы ойын жайлы, жалпы жаттығулар барысы мен жағдайларын сұрап, ой бөлісті. Сөзінің соңында сыртта өтетін халықаралық жарыстарға қатысып, шеберліктерін шыңдап отыруды да ойластыру керектігін, мұндай шараларды облыс басшылығының қашанда қуаттайтынын жеткізді.
– Жалпы 2018 жылы «Жетісу» командасына 526,8 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, облыста жалпы спортқа деген қолдау өте жоғары. Соның нәтижесінде өңір спорты қарқын алып келеді. Оған биылғы футбол клубының жетістігі дәлел. Сондай-ақ, жастарымыз бен жасөспірімдеріміздің де нәтижесі жаман емес. Аргентинада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында біздің велошабандоздар мен дзюдошы ұлымыз алтын алды. Бұл дегеніміз үлкен қолдау мен тыңғылықты дайындықтың арқасы. Ендеше біздің де жеңіс тұғырына көтерілетін уақытымыз жетті. Алдағы жарыста сәтті өнер көрсетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізу ғана қалды, – деп клуб ұжымына нақты тапсырма берді. Жиын соңында волейболшы қыздарға сәттілік тілеп, олармен бірге естелік суретке түсті.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

03.02.2026
Қатерлі ісік қауіпті дерт

Қатерлі ісік қауіпті дерт

03.02.2026
«Көксу» шекара бөлімшесінде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті

«Көксу» шекара бөлімшесінде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті

03.02.2026
«Айналайын» тәрбиеленушілері кәсіби спортшылардан сабақ алды

«Айналайын» тәрбиеленушілері кәсіби спортшылардан сабақ алды

03.02.2026
«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны еліміздің даму бағытын айқындайтын  тарихи қадам деп бағалады

«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны еліміздің даму бағытын айқындайтын  тарихи қадам деп бағалады

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.