Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Ерте сөнген жас ғұмыр

19.10.2018
АЛТЫН ТҰҒЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ футболында аты аңызға айналған тұлғалар жетерлік. Кешегі Тимур Сегізбаевтан бастасақ, бүгінгі Еркебұлан Сейдахметке дейінгі қаншама таланттарымыз жасыл алаңда шелектеп тер төкті. Олардың есімдерін атай отырып, ойындағы шеберлігіне таңдай қағасың. Әрқайсының өзіндік орны бар, өзіне тән таланты, шеберлігі, ойын үлгісі бар. Футболшыны жанкүйер сонысымен бағалайды, олар жанкүйерлерді жасыл алаңдағы түрлі сиқырымен баурап алады. Нәтижесінде жанкүйер мен футболшының арасы жақындай түседі және бір-біріне деген құрметі артып, араларында жанды байланыс орнайды. 

Жанкүйермен арада осындай жанды байланыс орнатқан Қазақстанның талантты футболшысы, қақырата тепкен добын қақпа торында тулатқан Ильяс Габдуллин еді. Қазақстанның футболын алға сүйреп, ел намысын жоғары ұстаған талантты спортшы қазір арамызда жоқ. Аз ғана ғұмырында ол артына өшпес із қалдырды. Жасыл алаңда жасындай жарқырап, спорт тарихына есімін алтын әріппен қалдыра білді. Әттеген-ай, осындай біртуар азаматты кісі қолынан қаза табады деп кім ойлаған?! Ашкөз, қандықол қарақшының қолынан жарқырап тұрған жұлдыз ерте сөнді. Қолы қалт етпестен қазақ футболының жарық жұлдызын тапаншаның оғымен түйреп түсірген қаскүнем қарақшы Ильястың футболшы екенін білді ме? Жоқ, олардың ұғымында «жұлдыз» деген сөздің болмайтыны анық. Бір кем дүние!.. 
Ильястың өмірден озғанына, міне, он жыл өтіпті. Жасыл алаң жетімсіреп қалды дей алмаймыз. Осы аралықта сенің есіміңді асқақтатуға неше Ілияс келді. Сен көтерген туды құлатпады. Футбол деген үлкен арбаның доңғалағын  алға сүйреп келеді. Бұл саған деген жастардың құрметі екені анық.
Ендігі жерде Ильястың жүріп өткен жолына аз-кем тоқталайық. Ильяс Оңдасынұлы 1975 жылғы 24 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. Шымыр болып өскен бала жеті жасында мектепке барады. Өз қатарластарының арасында ширақтығымен ерекшеленіп, футболға құмартып өседі. 
Ата-анасы спортпен қатар білімге де баулып, 8 жасында физика-математиканы тереңдетіп оқытатын мектепке береді. Оқуда озат болып, сабағын жақсы оқиды. Жасы     9-ға келгенде Семей қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің байқауынан өтіп, арнайы футбол сыныбына қабылданады.  Тума талант барған күнінен бастап футболға деген құштарлығын көрсетіп, мамандардың көзіне түседі. Шеберлігінің арқасында команданың капитаны болады. Сабағы мен жаттығуын қатар алып жүрген Ильяс күн санап шеберлігін арттыра түсті. 
Сегізінші сыныпқа жеткенде Ильясты Алматы қаласындағы олимпиадалық резервтер мектебіне қабылдайды. Кіл мықтылардың ортасына түскен Ильяс өзін жақсы қырынан байқатып, ойында үздік бола білді. Осындай өнерінің арқасында халықаралық турнирлерде бақ сынауға іріктеліп алынды. Оның ең алғашқы ірі жарысы – Қытай елінде өткен турнир. Ол турнирге қатысып қана қойған жоқ, гол соғып, үздік көрсеткішке қол жеткізді. 
Жарқырап келе жатқан Ильяс 16 жасқа толғанда «Спартактың» шеберлер  командасына алынады. «Спартактың» сапында жүріп Қазақстанның жастар құрамасына шақырту алады. Үздік футболшы жастар құрамасында да жасындай жарқырады. Тәуелсіздік алғанда алғашқылардың бірі болып жасыл алаңда жарқырады. Семейдің «Спартак» стадионында гол соғып, тарихтың парағына тәуелсіз Қазақ елінің алғашқы голын Ильяс Габдуллин соқты деген қолтаңбасын қалдырды. Кейін «Елім-ай» командасының сапына тұрып, ол жерде де жанкүйерлерінің көз қуанышына айнала білді.
Осы «Елім-ай» командасының құрамында жүріп  Германия, Австрия, Түркия мемлекеттеріне барып ойнады. Ірі халықаралық жарыстарда семейлік өрен атой салды. «Елім-ай» командасында жүріп үш дүркін Қазақстан чемпионы деген атаққа қол жеткізді. Ел кубогын да қанжығасына байлады. Спорт шебері нормативін орындап, есімін әйгілей түсті. Одан кейін еліміздің өзге де клубтары ұсыныс жасап, талантты футболшыны өз командаларында көргісі келді. 
Трансферлік маусым кезінде Ильясқа таласқандардың қарасы көп болды. Соңында Ильяс «Қайсар», «Восток», «Жетісу» командаларында доп тепті. Өзі өнер көрсеткен команданы алға сүйреген Ильясқа «құда түскендердің» арасында Мәскеудің «Спартагы» да болды. Өкінішке қарай Ильяс жарақатына байланысты Ресей асып кете алмады. Кім біледі, жарақаты сыр бермегенде алғашқылардың бірі болып Еуропа чемпионатында доп тебер ме еді?.. 
Талай жылғы тынымсыз еңбек пен төккен тер еш кетпеді. Футбол деген сиқырлы өнерге өзіндік қолтаңба қалдыра білді. Жарақаты мазасын ала берген соң футболшы өзінің мансабын аяқтап, өмірін басқа арнаға бұрды. 
Әрине, спорт деген тынымсыз шаруа. Күні-түні, ай-күн демей сыртта жүресің. Жеке өмірге бет бұрғызбайтын қиындығы тағы бар. Осындай арпалыспен жүрген Ильяс спорттық мансабынан кейін білімге бет бұрды. «Тұран» университетіне оқуға түсіп, заң саласының маманы деген диплом алып шығады. Бір кездегі футболшы білікті заңгер болып, қызмет атқарады. 1998 жылы отбасын құрып, екі ұлдың әкесі атанады. 2008 жылғы 18 желтоқсанда қазақ футболының жарық  жұлдызы қандықол қарақшылардың қолынан қаза тауып, бақи дүниеге аттанады. 
Бүгінде алтынның сынығы Абдуали Назарбаев зияткерлік мектебін бітіріп, Британ университетінің студенті атанды. Ал, кішісі Әмірәлі мектепте оқиды. 
Жасыл алаңның жарық жұлдызы жасындай жарқыраған жарқын ойынымен жанкүйерлердің есінде мәңгі қалмақ.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

«ИЗИ»-ге бас иген заман-ай

«ИЗИ»-ге бас иген заман-ай

03.02.2026
Шекарашыларға декларация тапсыру жолдары түсіндірілді

Шекарашыларға декларация тапсыру жолдары түсіндірілді

03.02.2026
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

03.02.2026
Қазақстанның валюта нарығында қандай өзгеріс бар?

Қазақстанның валюта нарығында қандай өзгеріс бар?

03.02.2026
Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен босатылды

Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен босатылды

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.