Талдықорған: +13°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӘДЕБИЕТ ӨКІЛДЕРІ КЕЗДЕСТІ

12 қазан 2018
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӘДЕБИЕТ ӨКІЛДЕРІ КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Хорасанның гүліне айналған аңсарымның әуенін тыңда! Жаның балқыр, жүрегің елжірер. Ерекше күйге енесің. Кеудемдегі жұдырықтай жүрегім саз балшықтан қаланған Тараз бен Түркістанның ежелгі қамалдарында, Сығанақ пен Сайранның көктей күмбездерінде шалқып жүр. О, орта ғасыр! Мен сені сүйемін, аңсаймын!

Осылай деп тебіренген Зайда Елғондинова облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма ұжымының ұйымдастыруымен өткен «Әдебиет — руханият діңгегі» атты дәстүрлі кеште өз танымындағы сан тақырыпты қаузады. Қоғам, адам, махаббат пен сезім жайлы әңгіме өрбітті. Орта ғасырға жырмен сапар шеккен қазақ әдебиетінің Еңлікгүлі негізгі сағынышы, аңсары өткен ғасырмен астасып жатқандай. Мұны зерделі оқырман шығармаларынан-ақ әлдеқашан ұғынған.

Әдебиеттің үш буыны — үш өкілімен болған кездесуді белгілі ақын Ерлан Жүніс жүргізді. Ол әуелі қазақ әдебиетінің үш буыны — Зайда Елғондинова, Роза Сейілхан, Әлия Іңкәрбекті көрерменге таныстырып өтті. Одан кейін шайырлар шығармашылығынан бір өлең сұрап, көрермендерді бір серпілтіп алды. Әдебиет, ар, адамзат жетістігі мен жеңілісі, қоғам, замана ағысы, дәуір талабы әңгіме өзегіне айналған кеште студенттер түрлі сауал қойды. Арасында ән әуелетіп, өз шығармашылығы мен тағдырынан тағылымды ой сабақтаған әдебиет өкілдері кездесу соңында «Рухани жаңғыру» бағдараламасы аясында ұйымдастырылған бұл кештің мәні мен маңызы зор екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, шара ұйымдастырушыларына алғыс айтып, ЖМУ білімгерлерінің белсенділігіне рахметін жаудырды. Толығырақ газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда күн суытады

Ауа райы: Қалың қар, үсік және төтенше өрт қаупі бар

Бүгін, 10:45
Имамдар сыннан өтті

Имамдар сыннан өтті

Бүгін, 10:30
Дүниежүзілік банк Каспий мен Арал мәселесін шешуге қолдау көрсетеді

Дүниежүзілік банк Каспий мен Арал мәселесін шешуге қолдау көрсетеді

Бүгін, 10:15
Алакөлде жол сапасына қатысты дау туды

Алакөлде жол сапасына қатысты дау туды

Бүгін, 09:45
Басты талап – сапа мен мерзім

Басты талап – сапа мен мерзім

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.