Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жерлес оқушылар жетістігі

8 қазан 2018
КҮЛТӨБЕ
Жерлес оқушылар жетістігі
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда Санкт-Петербург қаласында ІІ Еуразиялық  әйелдер форумы  өткен болатын. Форум аясында әлемнің әр мемлекетінен қатысқан ЮСИМАС Халықаралық  академиясының 150 шәкірті өз мүмкіндіктерін сынауға мүмкіндік алды.  Бұл жарысқа Қазақстаннан 30 оқушы қатысса, соның екеуі Талдықорған қаласының дарынды қыздары. 

Санкт-Петербург политехникалық колледжінде өткен  ментальді арифметикадан қыздар арасындағы жарыстың  ұзақтығы 26 минут 26 секундты құрап, ұзақтығы бойынша рекорд жасалды. Осылайша бұл жарыс Әлемдік және Азиялық рекордтар кітаптарына енді. Эстафета қатысушылары 30 000 есеп шығарды. Талдықорғандық дарынды шәкірттер – №2 орта мектептің оқушысы Томирис Жұмабаева мен №16 орта мектеп-гимназиясының оқушысы Айару Бақытжанқызы үздік өнер көрсеткені үшін арнайы диплом және сертификатпен марапатталды. Бұл сайысқа жетісулық оқушылардың қатысуы ментальді арифметиканың қыр-сырын меңгерткен жетекшісі Шынаргүл Сұлтанова және демеушілік көрсеткен ата-аналарының арқасында мүмкін болды. 
Дарынды шәкірттердің Санкт-Петербургқа барған сапарынан алған әсері айрықша. Олар Ресей, Индия, Шри-Ланка сынды мемлекеттерден келген өздері қатарлас қыздармен танысып, қаланың көрікті жерлерін, Нева жағалауын аралаған. Осылайша бойларына күш-қуат жинаған қыздар әлі талай әлемнің ірі қалаларында болып, үлкен сайыстарды бағындырарына сенімді.  
Жалпы ЮСИМАС ментальді арифметикасы 4-14 жас аралығындағы балалардың ақыл-ойын дамытатын тамаша бағдарлама. Азия елінде 1993 жылдан бастау алды. Бүгінде әлемнің 80 мемлекетінде 5000 орталығы бар. Жыл сайын Халықаралық академия әлем бойынша 8000  жас дарынның басын қосып, ірі сайыстар өткізеді. Жарыс ережесі бойынша балаларға 8 минут ішінде шешуге тиіс 200  есеп беріледі.  
Бұл жолғы сайыста ең жас қатысушы 5 жаста болды. Осыдан-ақ халықаралық бағдарламаның жетістігін, болашақ жас дарындарды шыңдаудағы мүмкіндігін сынап  бағуға болады. Әлемдік жарыста  ел абыройын асқақтатып қайтқан шәкірттердің бұдан да биік додалардан көрінері сөзсіз.

Алма ЕСЕНБАЕВА,
“Жетісу”

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.