Талдықорған: +10°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жауапкершілігі жоғары институт

05.10.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі есептеледі» деп атап өткен еді. Мұның өзi қазiргi таңда мемлекеттiк қызметке ерекше көңiл бөлiнiп отырғанының айғағы. Уақыт өзгеріп, қоғам жаңарған сәтте жаңа заманның талаптарына бейімделу кез келген маман иесіне жауапкершілік жүктейді. Бұл әсіресе мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына тер төгетін мемлекеттік қызметшілерге қойылар талапты екі еселейді.

Елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосуды мақсат тұтқан «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін білікті де білімді әрі түрлі қиыншылықтар мен жүктемелерге төтеп бере алатын, адал да әділ қызмет атқаратын кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың тиімділігі мол. Әрине, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдерін жетілдіру арқылы білікті де білімді азаматтарды қабылдау, мемлекеттік қызметшілердің меритократия қағидаттары негізінде, өз еңбегіне сай мансаптық өсу мүмкіндігімен қатар олардың моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятынымыз анық. Бұл ретте «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» За- ңында қызмет этикасына қатысты талаптар айтарлықтай күшейтіле түсті. Ең алдымен, мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын сақтау бойынша талаптар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық пен өз қызметінде мүдделер қақтығысын болдырмау заң дәрежесіне көтерілді. Сонымен бірге «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының          12-қадамын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі және этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымы яғни Әдеп жөніндегі уәкілдің институты енгізілді.
Мемлекеттік қызметші қай кезде де моральдық-этикалық талаптарды сақтауға міндетті. Алайда, бүгінде мемлекеттік қызметшілердің қызмет аясында түрлі кедергілер мен ұжым арасында түсінбеушіліктері көрініс алады. Бұл ретте ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруда Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің рөлі зор. Ол мемлекеттік қызметшілердің қызмет барысында туындайтын түсінбеушіліктер мен кедергілерін, мүдделер қақтығыстарын шешіп, заң аясында көмек беріп, ұжымдық ортаны дұрыс қалыптастыруға күш салуы керек. Осындай жауапты міндеттерді өз деңгейінде атқара білген уәкіл мемлекеттік қызмет саласының оң бағытта дамуына, мемлекеттік қызметшілер беделінің артуына үлес қоса алады. Тұтастай алғанда Әдеп жөніндегі уәкіл функциясын атқаратын қызметші мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы бағытында жұмыстар жүргізеді. Сол себепті Әдеп жөніндегі уәкіл қызметіне тәжірибесі мол, іскер, адамдармен тіл табысу қабілеті жоғары, қоғамдық ортада өзін ұстай білетін, қоғаммен байланыс жасап, мәселелерді жан-жақты реттей білетін тұлғаны сайлайды. Одан бөлек Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметші мен азаматтарға консультациялық қызметтерді атқарып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, екі тарапты бір байламға әкеліп, ортақ шешім ұсынуы керек. Ең бастысы, мемлекеттік қызметшілердің заңды құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғауға және өзге де шараларды қабылдауға міндетті. Демек, Әдеп жөніндегі уәкіл өзіне жүктелген міндеттерді толық әрі нәтижелі жүргізе білсе мемлекеттік қызмет саласының оң бағытта дамуына серпін береді.
2017 жылғы 1 маусымдағы енгізілген өзгерістерге сәйкес орталық мемлекеттік органдарда және облыс, республикалық маңызы бар қала, Астана әкімдерінің аппараттарында Әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымы ретінде бекітілсе, министрліктер мен оның ведомстволарының аумақтық департаменттерінде және облыстық маңызы бар қалалар, аудандар әкімдерінің аппараттарында Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары осы мемлекеттік органдардың қызметшілеріне жүктелген еді. Бүгінгі күні Алматы облысында жалпы 42 Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін атқаруда. Оның ішінде 1 – Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы облыс әкімі аппаратында енгізілсе, 40 – Әдеп жөніндегі уәкіл орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, тексеру комиссияларында, облыстағы аудандар, қалалардағы аудандар әкімдерінің аппараттарында Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын жүктеу арқылы енгізілді. Соған орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл міндеті ұжымның ұсынысымен маған жүктелді. Осылайша, Әдеп жөніндегі уәкіл институты барлық әкімшілік мемлекеттік қызметте жұмыс жасауда.
Жалпы Елбасы Жарлығымен бекітілген, мемлекеттік қызмет саласының дамуына оң әсер беретін Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің салмағы ауыр, жауапкершілігі жоғары. Сеніп тапсырылған қызметті абыройлы орындау әр уәкілдің жұмыс жасау принципіне байланысты. Демек, қызметтің сапасы атқарылған жұмыстың нәтижесімен өлшенбек.

Ләззат БЕЙСЕҚҰЛОВА,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.