Талдықорған: +10°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДІНИ АХУАЛ САРАЛАНДЫ

03.10.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook
Облыс әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі 

кеңестің кезекті отырысы өтті. Облыстық департаменттердің, басқармалардың басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, Алматы және Талдықорған өңірлерінің өкіл имамдары, Талдықорған қаласындағы Иоан Богослов соборының протоиерейі қатысқан жиынды облыс әкімінің орынбасары Ақан ӘбдуӘлиев ашып, жүргізіп отырды.
Алқалы жиында үш мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша Алакөл, Балқаш аудандары мен Текелі қаласы әкімдерінің орынбасарлары өңірлердегі діни ахуал жайында баяндама жасап, мешіттер мен шіркеулердің жағдайынан мәлімет берді. Олардың айтуынша, қос аудан мен Текелі қаласында діни ахуал қалыптасқан, теріс ағымдардың кең таралмауы үшін ақпараттық-насихат топтары жұмыс істеп жатыр. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мен діни тұрақтылықты сақтау үшін көптеген шаралар атқарылуда. Дегенмен, кемшіліктер де жоқ емес. Мысалы, Алакөл ауданының бір тумасы шетелдің рұқсат етілмеген теологиялық оқу орнында білім алып жатса, Балқаш ауданының Қарой және Көкжиде ауылдарындағы мешіттердің имамы жоқ, Топар және Бура ауылдарының мешіті арнайы тіркеусіз жұмыс істеуде. Ал Текелі моноқаласында әділет департаментінің арнайы тіркеуін алмаған Евангелдік Христиан баптистері мен Ехоба куәгерлеріне тиесілі 2 шіркеу заңсыз қызмет атқаруда. Мұндай кемшіліктер облыстың барлық аудандары мен қалаларында бар.
Бұдан соң облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбеков Жетісу жеріндегі дәстүрлі емес діни ағымдардың заңға қайшы іс-әрекеттерінің алдын алу бойынша атқарылған шараларды таныстырып, құзырлы органның жұмысынан хабар берді. Оның айтуынша, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін облыстық ішкі істер департаменті бірқатар шаралар атқаруда. Соған байланысты жыл басынан бері экстремистік сипаттағы 13 қылмыстық іс тіркелген. Оның жетеуі ұлтаралық және дінаралық араздықты тудыру дерегі бойынша қозғалса, алтауы елімізде тыйым салынған діни бірлестіктердің жұмысын жүргізгені үшін айыпталып отыр. Одан бөлек, «жарылғыш зат қойылды» деген жалған хабарлама берген 5 мәлімет тіркелген. Елді дүрбелеңге түсіргендер тұтқындалып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал  елімізде тыйым салынған «Әлла-Аят» бірлестігінің шарасына Ұйғыр ауданының аумағында қатысқаны үшін Қостанай және Қарағанды облыстарының 2 тұрғыны жауапқа алынды.
Үшінші мәселе бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев мемлекеттік тапсырыс негізінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған шаралар туралы баяндама жасап, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалардың тізімін таныстырды. Оның айтуынша, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған шараларға белгілі дінтанушы ғалымдар мен теологтар қатысып, Ислам дінінің ішінде өзара бөлінген ағымдардың қай жерден қателесіп, қай тұстан теріс басатынын дәлелдеп берген. Соған орай арнайы әдістемелік нұсқаулықтар, террорлық әрекет кезінде өзін қалай ұстау керектігі жайлы жадынамалар, парақшалар, кітапшалар облыс тұрғындарына таратылды. Одан бөлек, биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында діни экстремизмнің алдын алу, тұрғындар арасында конфессияаралық келісімді қалыптастыруға бағытталған шаралар өткізу үшін 19 миллион теңге жұмсалып, 11 әлеуметтік жоба жүзеге асырылған. Жыл басынан облыстық газеттерде 300-ге жуық мақала шықса, әлеуметтік желіде жарияланған лаңкестіктің зардабы жайындағы бейнероликті 400 мыңнан астам адам көрген. 
Соған байланысты жұмысты күшейту керектігін ескерткен облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев:
– Әрбір аудандағы құжаттары жоқ мешіттердің арнайы тіркеуден өтіп, қажетті құжат алуына көмектесіңіздер. Шетелдік рұқсат етілмеген діни оқу орындарында оқып жатқан балаларды ата-анасы, ағайын-туысы арқылы сөйлесіп, кері қайтуына күш салыңыздар. Өйткені, олардың бәрі де еліміздің азаматы. Сосын діни сенімге байланысты медициналық екпеден бас тартқандармен жұмысты күшейту керек, – деп аудан, қала әкімдеріне тапсырма берді. – Аудан және қала әкімдері ақпараттық-насихат топтары жұмысының сапасын жақсартсын, олардың құрамына теологиялық білімі бар мамандар мен қоғам қайраткерлерін тартсын; діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл          жөніндегі Кеңестердің  жұмысын күшейтсін; ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуды қатаң бақылауға алсын, олардың рұқсат беру құжаттарынсыз салынуына жол бермесін; ел ішінде радикализм идеясының тарап кетуіне жол бермеу мақсатында ақталған азаматтар отбасына әлеуметтік көмек көрсету шараларын қамтамасыз етсін, түзету меке- мелерінен бостандыққа шыққан азаматтардың мекенжайын анықтау жұмысын күшейтсін.
Сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаевқа, облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Ерлан Жақыповқа, облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісовке жекелеген тапсырмалар беріп, діни экс-         тремизмнің алдын алу бойынша міндеттер жүктеді.
Жалпы облыста 599 діни бірлестік пен филиал жұмыс істейді. Олардың ішінде Ислам мешіті – 438, Православ шіркеуі – 52, Рим-Католик шіркеуі – 11, протестанттық ғибадатхана – 96 болса, 2 бірлестік дәстүрлі емес діни ұйымға жатады. Облыс мешіттерінде 533 имам қызмет атқарады. Олардың 420-сы бас имам, 84-і наиб имам, 20-сы ұстаз, 9-ы азаншы. Одан бөлек, 11 мешітте бос орындар бар. Имамдардың білім деңгейіне келер болсақ, 154-і жоғары білімді, 88-і медресе бітірген, 219-ы арнайы курс бітірген және 71-і орта білімді.
Мәди АЛЖАНБАЙ,
“Жетісу”

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.