Талдықорған: +3°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МЫҢ ҚҰТТЫҚ БАТАДАН ҚАДІР КЕТСЕ…

01.10.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Айта-айта біраз жақ талып, жаза-жаза талай қалам мұқалған тақырыпты қайтадан қозғауға тура келіп отыр. Әлімсақтан ұрпақ тәрбиесіне ғана емес, ұлттың бүтіндігі мен жұрттың тыныштығына ықпал ететін киелі сөз бен жүйелі ойдың жиынтығы – батаның қадірі кетіп бара жатқаны қынжылтады.

Қу дүниенің опа бермейтінін әуелден-ақ түсінген аталарымыз сөз қадірін өз қадірінен биік қойып: «Байлық – бір жұттық, бата – мың құттық», – деп сана сүзгісінен өткен қорғасын ойды қорытып айтып кетті емес пе? Сәбидің дүниеге келген сәтінен бата жасап, Алладан амандығын тілеген жұрт бір пенденің дүниеден өткен кезінде де жаназасында тұрып, алақанын жайып, Жаратқаннан жанының жаннатта болуын сұрап бетін сыйпамайтын ба еді?! Шарана батасын да, жаназа дұғасын да «Әумин» деп аяқтайтынымыздың түп төркінінде ниетіміздің қабыл болуы тұр. Ендеше мына өміріміздің шуақты өтуі мен мәңгі дүниеде Құдайдың рахымына жетуімізге бірден-бір себеп ол – атадан қалған асыл сөзбен өрілген бата екен. Иә, «Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады», – деген де тәмсіл бар. Бұл жағынан келгенде тамыры терең тарихымызда ұлт ұялып, ұрпақ төмен қарайтын ештеңе жоқ. Бірақ бодандықтың бұғауын басымызға кигізіп, Құдайға емес, «күн көсемге» басымызды игізіп кеткен кеңестік идеологияның кесірінен кемел ойлы кемеңгер бабаларымыздан қалған батаның да қадірін кетіріп алғанымыз шындық. Ұлан-асыр той түгілі бір шәугім шәй ішсе де батасыз бастамайтын жұрттың рухани санасына сызат түсті. Дәмі тіл үйірген тәтті өріктей мәні тамырымызды аралап барып, жүрегімізді шымырлатып жіберетін бата естігіміз келеді аталарымыздан. Жоқтың түбі – жоғалар. Қу шөппен ауыз сүртуден аулақпын. Атадан қалған қастерлі жолды қадірлеп, алақанын жайып, «әумин» дегенде дуалы аузынан уәлі сөздер ақтарыла кететін абыз бейне ақсақалдар жоқ емес. Бірақ аз. Біздің көңілімізді күпті етіп отырғаны қос білегін көтергенде жүрегіңді селт еткізбек түгілі, қай сөзін құлағыңа ілеріңді білмей қалатын «атаның» көптігі. Тойы көп халықпыз. Сонымен бірге «Өлі разы болмай, тірі байымайды», – деп өмірден өткен жақындарымыздың аруағына Құран бағыштап, дұға жасайтын асымыз да баршылық. Ел ішінде жүргеннен кейін шақыртуды да аз алмаймыз. Сондай сәтте «Әумин» деп бата сұрағанда ақтарыла кетудің орнына аңтарылып, тосылып қалатын «аталарымызды» көріп, көңілімізге көлеңке түсіп жатқаны рас. Тіпті, той болса қуаныш иесінің, ас болса ақы иесінің көрсеткен адамынан бата сұрағанда сасқалақтағаннан қасындағы адамға сілтей салуы, ол адамның шапанын шешіп алатындай шегіншектеп, есі шығуы немесе «А, Құдайым, оңдасын», – деп әдемі басталған ойдың аяғы сұйылып, «Әумин» сөзін ұмытып, «сол үшін» деп бата бергенде емес, бокал ұстағанда айтатын сөзбен аяқталып жататыны ақиқат. Осылайша батадан қашқан атаны көргенде жетпіс жыл санамызға сыналай кіріп, батпандап жатып алған кеңестік саясаттың кесірі мысқылдап қана шығып жатқанына көңілің құлазиды. Солақай саясаттың салдары деп ақтағың да келмейді. Себебі, бүгін алпыс пен жетпістің төріне шықса да екіауыз бата білмейтін буын еліміз тәуелсіздік алғанда бірі орда бұзар отыздан, екіншісі қылыштай өткір қырықтан жаңа ғана асты емес пе? Жүрегінде қазаққа деген махаббаты, бойында ұлттық рухы, мойнында бабалар аманаты бар екенін сезінген жан дәл осы кемшіліктен бойын тазартатын уақыт әлдеқашан жеткен.   
Данышпан Абай атам: «Әке ұрысса балаға, ол да – достық, баласы ұрысса әкеге, жараса ма?», – депті. Жараспаса да айтуға тура келіп тұр. Аға буынға ақыл айтып отырған жоқпын, ұрпақ алдында ұятқа қалдыратын бойымыздағы осы бір мінімізді қашан түзейміз деп ақылдасып отырмын. Бата беріп үйреніңіз, ата!

Жұматай ОСПАНҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.