Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Мемлекеттік қызметшілер ант берді

29 тамыз 2018
САЯСАТ
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің басты құжаты – Конституция күніне орай облыстық әкімдікте салтанатты жиналыс өтіп, мемлекеттік қызметке барын салып, ғұмырын арнаған жандар марапатталды.

Салтанатты жиналысты ашып, жүргізіп отырған облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров  көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, Жетісу жерінің өркендеуіне, дамуына үлес қосып жүрген жандарға барша жақсылықты тілейтінін жеткізді.
Өз сөзін:
– Қадірменді қауым! Құрметті әріптестер! Біз бүгін Қазақстан Республикасы Конституция күні қарсаңында Сіздермен кездесіп отырмыз, – деп бастаған облыс әкімінің орынбасары халыққа жүрекжарды тілегін арнады.  – Баршаңызды қастерлі мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция – Қазақстанның елдік іргетасын қалады. Бұл жайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назарбаев: «Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекет пен жалпы қоғамда мызғымас тұрақтылықты қалыптастырды», – деп атап өткен болатын. Президентіміздің көреген саясатының арқасында мемлекетті дамытудағы стратегиялық бағдарламалар мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Халықаралық қауымдастықта лайықты орын алған Қазақстанның бүгінгі күні биік белеске көтерілуі – осының айғағы. Ата Заңымыз мемлекеттің берік қалыптасуының басты кепілі ретінде қызмет етеді.
Тәуелсіздіктің түбінде халықтың асқақ арманы жатыр. Ата-бабаларымыз ел азаттығы үшін күресіп, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманды аңсады. Біздің ұрпақты сол мақсатқа, бейбіт өмірге бабалардың асыл арманы үкілеп жеткізді. Ел тарихындағы «Есімханның ескі жолы», «Қасымханның қасқа жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» соның дәлелі. Бұлардың бәрі – бүгінгі Конституцияның қайнар көзі, бастау бұлағы.
Алқалы жиында жарыссөзге шыққан облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Кәдіржан Жексенов, «Видегебурт» Талдықорған немістері қоғамы» неміс этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Евгения Еременко, Е. Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Қанат Жақсыбаев Қазақстан Республикасы Конституциясының ел өміріндегі мән-маңызына, алар орнына қатысты өз ойларын білдірді.
Бұдан соң облыстық әкімдікте, басқармалар мен департаменттерде қызмет істейтін жас мамандар сал-танатты жиналысқа келген көпшіліктің алдында Ант қабылдап, мемлекеттік қызметке адалдық танытатындықтарына уәде берді. Жиын соңында өңірдің өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен бірнеше азамат облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.
 
Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

Бүгін, 16:05
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

Бүгін, 15:00
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Бүгін, 14:48
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Бүгін, 14:45
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.