Талдықорған: +3°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АУЫЛДАҒЫ АҒАЛАР

13.08.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

    Әр ауылдың, тіпті шағын ғана елді мекеннің иесі де, киесі де, жанашыр қорғаны да сонда туып, сол жерде өскен адамдар. Бүгінде алды сексенге таяған ағаларым мен жетпіске келген құрдастарымды көргенде сонау бір қызығы да, қиындығы да мол жылдар ойыма оралады.

 

   Туған жерге ту тігіп, ауылдың намысын оятып, сол жерде қалған ағаларымды еске алғанда көңілімдегі көп ойдан от тұтанғандай болады. Мұқағали ағам айтушы еді: «Мына Олжас Сүлейменовтен басқамыз табанымызға шөңге кіріп жүріп, ауылдың топырағына аунап өскенбіз…», – деп. Бұл қалжыңдап айтса да, ақынның шын сөзі болатын. 
   Кіндік қаным тамған бұрынғы Нарынқол, қазіргі Райымбек ауданында он тоғыз жасымнан бастап КазГУ-де сырттай оқи жүріп, бас редактор Әлнұр ағаның қарауында ақын Еркін Ібітанов, белгілі жазушы Баққожа Мұқайлармен бірге аудандық газетте 17 жыл қызмет істеппін. Тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болдым. 1984 жылы облыстық «Жетісу» газетіне ауысқам. Одан соң тележурналист, республикалық басылымдарда тілші, баспасөз хатшысы дегендей… Зулап аққан жылдар енді бізді де зейнеткер жасады. Жетпістің желкесіне шығып, соңыңда қалған қиыр-шиыр жолдарға, көне сүрлеулерге қарайсың. «Осы жасымда туған жеріме не бердім?», – деген сұрақ жиі мазалап жүргені де рас. «Әлі уақыт бар ғой. Үлгеремін бәрін», – деуші едім… Бекер екен! Өмір деген базардан біраз жайды көріп, танып, кейде қажып қайтып келе жатқандаймыз. Ал жылдар көші аялдамайды. Алға қарай жылжып барады.
…Қаламымды ұштап, қадамыма сәттілік тілеген ауданым арада жиырма жыл салып барып, қайтадан ашылды! Орталығы Нарынқол болды. 
   Мұндағы ағайындардың жарыла қуанғанын, өзім секілді қызмет жағдайымен сыртқа кеткендердің тілекші болғанын көрдім. 
Ағайындардың үлкен басқосуында қаршадай кезінен Қайнар ауылының ыстығы мен суығына көніп, жүргізуші де болған, зооветтехникумды тауысқан соң қой фермасын басқарған, ауылдағылар «жарты колхоз» дейтін басқарушы болған Мұратқан Мұқаманов ағаммен кездесіп қалғаным бар. 
– Аудан бөлініп, қатты қуанып жатырмыз, шырағым! Қайратымыз кеміп тұрған шақ қой. Әйтпесе, іс басында жүрген азаматтардың бір жағына шығар-ақ едік. Ауылмен хабарласып тұрасың ба? Ең болмаса өзің білетін салаға ақыл-кеңесіңді айтып, пікір алысып тұрмайсыңдар ма? Ауылды да, ауданды да бұрынғы қалпына келтіру қайдан оңай болсын. Біз тілекшіміз ғой әйтеуір, – деп сырын айтып еді. 
   Өткенде ел жаққа барғанда байқағам. Әр көшедегі қарттардың қатары сиреп-ақ қалыпты. Қайнар ауылында бас инженер, одан кейін Текестегі РТС-та бас инженер, зейнетке шыққанша туған ауылында әкім болған Мәкен Әріпбаев, бұрынғы бригадир Әшірбек Қыбыраев, жоғары білімді энергетик Есболат пен оның інісі механизатор Қарсақбай Әбілғазиевтер, төменгі көшедегі тракторшы Құлжатай Жошиев, Кәрбоздың комбайншы Қонақбайы мен інісі Досболат, менің замандасым, есепші болған Жолдыбай Мұқановтар бар екен. Аттары аталмай қалған ауылдастарым болса, мені айтпапсың деп өкпелемес. Күні кеше біреуі «ДТ-54» тракторын айдаған, келесісі бас инженер, ұжымшарда есепші, бригадир болған. Біразы ана дүниеге аттанып кетіпті ағалардың…
   Ана бір жылғы жекелешендірудің салқынында жұрт жаппай көшті қала жаққа. Жаңа мен аттарын атаған ауылдас ағаларым қоныс аударуға жағдайлары бола тұрса да, ауылдың қормалы болып, осында қалды. Аудан қайтадан қалпына келгенде балаша мәз болып, шын қуанып, ақ баталарын беріп отырған да солар. Мен сендерді сағынып жүрем, ауылдағы, ағаларым!
Сыртта жүрсек те бұрынғы құлпырған Нарынқолдың баяғы келбеті көз алдымызда. Үш орта мектепте сан жүздеген шәкірт оқитын. Аудандық аурухана, байланыс торабы, ішкі істер бөлімі, өрт сөндіретін мекеме, шекаралық заставалар, Мәдениет үйлері, аудандық газет редакциясы мен баспахана, ірі-ірі сауда орындары, автобекет, кірпіш зауыты, орман шаруашылығы мен оның тау бөктеріндегі саябағы қандай еді. Жаз маусымында үш мәрте оқушыларды демалдыратын «Ақбұлақ» пионер лагері, жол жөндеу, коммуналдық-шаруашылық, су жүйесі, Текесте астық қабылдау пункті, Жаңа Текесте автобаза мен ұжымшараралық құрылыс мекемелері жұмыс істеген. 
   Қайтадан ашылып жатқан ауданда осының бәрі біртіндеп болса да қалпына келеді әлі. Әрине, нені болса да қаржы шешетін заман қазір. Сондықтан жаңа ауданға қаржылай жәрдем жасап жатқан көрші аудандардың бірі лагерьді, екіншісі Мәдениет үйлерін, келесілері жол мен құрылыс салаларына, көшелерді жарықтандыруға қол ұшын берсе, құба-құп, әрине.
   Ауданның сан салалы шаруасын тек оның бірінші басшысы мен орынбасарлары ғана емес, барша жұртшылық болып қолға алған жөн. Жоғарыда біз әңгімеге арқау еткен ағалар секілді өмір көрген, тәжірибесі мол азаматтар әр ауылда баршылық. Олардың ақыл-кеңесін де бір уақ тыңдап, пікір алысып, ой бөлісіп қоюдың еш артықтығы болмайды деп ойлаймыз.
   Бұрын мал шаруашылығы мен картоп өндіру бойынша Алматы облысында топ жарған шаруашылықтарда заман талабына сай кооперативтер құрып, ет пен сүт, қымыз өндіріп, содан табыс табудың оңтайлы жолдарын қолға алған жөн. Бастама жоқ емес. Текес ауылында картоптың ерекше сапалы Голландиялық сортын өсіру қолға алынып жатыр екен. Қуана құптарлық жаңалық! Енді жылқы мен сиырды, қой-ешкіні соятын, етін сақтап, өткізетін орындарға сапалы қалпында жеткізіп беретін мүмкіндіктерге қол жетсе, қымыз бен сүт қабылдайтын арнайы орындар ашып, оны сатудың қолайлы тәсілдері іске асса, малмен айналысатын ауыл тұрғындарына үлкен қолдау болар еді.

Айтақын ӘБДІҚАЛ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,  Райымбек ауданының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.