Талдықорған: +3°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қала күні жаңарған алаңда өтеді

14.07.2018
КҮЛТӨБЕ
Қала күні жаңарған алаңда өтеді
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ Талдықорған қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, мердігерлермен кездесіп, жаңадан салынып және күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан нысандардың құрылыс сапасы мен ел игілігіне берілетін мерзімі туралы біліп қайтты. 

Әкім бастаған топ алдымен І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайына бас сұғып, жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл нысанды қолға алғалы бір айдан асыпты. Десе де, жұмыс жоспардағыдай орындалуда.  Жұмыс барысын облыс басшысына «Kazstroy A & G Company» ЖШС бас директоры Әділжан Тұрсынжанов баяндады. Оның айтуынша, 300 млн. теңге қаржы қарастырылған Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары әзірге 50 % атқарылды. Құрылыс алаңында 50 адам жұмыс істесе, цехтарда 20 адам материалдар даярлау ісімен айналысуда. Осы жерде ғимаратты безендіру мен көркемдеу барысында пайдаланылатын құрылыс материалдары мен салынатын ою-өрнек, кескін түрлері облыс басшысымен келісілді. Енді Мәдениет сарайының кіреберісіне домбырашы қыз бен қобызшы жігіттің кескіні безендіріліп, сарайға аяқ басқан әрбір адамға ұлттық өнердің өміршеңдігін айшықтап тұрмақ. 
Осы ретте жеті субұрқағы болатын орталық алаңды қайта жаңғыртып, маңайын абаттандыру ісінің қарқынымен танысқан облыс әкімі арқар бейнелі субұрқақтың негізгі мазмұны сақталып, тек безендірілуін өзгерту қажеттігін айтты. Тіпті, композициялық құрылымын сызып көрсетіп, музыкалық фонтандардың құрылымының қалай орналасу керектігіне дейін тәптіштеп түсіндірді. Әрине, өңір басшысының бұл жердегі жұмыстарға ерекше көңіл бөлуінің де мәні бар. Айта кетерлігі, биыл  қыркүйекте талдықорғандықтар Қала күнін тойлайды. Өңір басшысы талдықорғандықтар Қала күнін Мәдениет үйі мен фонтандардың құрылысын қоса алғанда жаңа келбетке ие болған орталық алаңда қарсы алуы тиіс екенін қатаң ескертті. Яғни, аталған нысандар 20 қыркүйекте толық аяқталып, тапсырылуы тиіс. Осы арада қала әкімі Дастан Шалтабаев шаһарды абаттандыру бойынша жаңа шешімдерін ұсынып, жобаларын көрсетті. Онымен танысып шыққан Амандық Ғаббасұлы орталық алаңның айналасындағы нысандардың қасбетін жаңалап, көше бойындағы тал-теректерді ретке келтіріп, көркемдікке барынша көңіл бөлу керектігін де тапсырды.
Қаланың оңтүстік-батысында салып жатқан 1200 орынға арналған мектеп құрылысына қазірге дейін 2 млрд. теңгеден астам қаржы игерілген. Ең бастысы, қаламыздағы Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейіне тиесілі нысанда өлкеміздің дарынды балалары тәрбиеленеді. Облыс әкімінің тікелей бастамасымен қолға алынып, үлкен болашақтық мақсатпен  бой көтерген нысанның келбеті мен ішкі құрылымы заманауи үлгіде болғаны дұрыс. Алайда  салынған жаңа мектептің сыртқы сылағының тегіс еместігіне, кейбір құрылыс нормаларының сақталу талаптарына қатысты сын айтылды. Құрылыс материалдарын қолдану барысында жобадағы нұсқадан ауытқып кеткен тұстары да бар. Ауладағы көк өскін өсетін учаскенің жері тегістелмеген және өсімдік өсіруге қолайлы қара топырақ қабаты төселмеген. Спортзалын, тамақтану блогын және басқа да бөліктерін аралап көрген облыс әкімі аталған кемшіліктерге қатысты құрылысқа жауапты мемлекеттік орган өкілдеріне бір аптаның ішінде комиссиялы түрде ғимараттың барлық дефектілерін анықтап алып келуді, соған сәйкес кемшіліктерді жоюға уақытты өзі белгілеп беретінін қадап айтты.
Қаланың оңтүстік-батыс тұрғын ауданында 300 орынды музыка мектебі салынып жатқаны белгілі. Осы нысанда болған облыс әкіміне құрылыс жұмыстарының барысын мердігер мекеме «Стройсервис-97» ЖШС-ның бас инженері Алтай Исаев таныстырды. Қазір мұнда 75 адам еңбек етуде. Құрылыс көлемінің 75 пайызы аяқталған. Ендігі жерде Чехиядан және басқа да шетелден әкелінетін пианино, рояль сияқты музыкалық аспаптар қабылданып, құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары басталады. 
– Бұл өзінің концерт залымен, музыкалық мектепке тән барлық ерекшеліктері ескерілген заманауи өнер мектебі болуы тиіс. Сондықтан ең бірінші сапалы құрылысты талап етемін, – деді облыс басшысы.
Аталған нысанның құрылысы 20 қыркүйекте толығымен аяқталады. Атап өтсек, бұл мектепке Ақын Сараның аты берілмек.
Бұдан соң облыс әкімі жаңа драма театрдың ғимаратына бас сұқты. Жалпы, театр құрылысының құны 3 млрд. 734 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарын «BI Group» компаниясына қарасты «Өнеркәсіп құрылыс» ЖШС жүргізуде. Елбасының өнерге деген зор қамқорлығының арқасында, облыс әкімінің қолдауымен салынып жатқан нысан Салтанат сарайы, Көрме кешенімен сәулеттік жағынан үйлесім табады. Облыс басшысы бастаған топ нысанның ішін аралап көріп,  акустикасы, сахнасы, актерлер бөлмесі, театр ғимаратының өзіне ғана тән ерекшеліктермен әспеттеліп, театрға тән барлық параметрлерге сай, жоғары талғаммен жасалып жатқанын көрді. Нысан қазан айының ортасыда ел игілігіне берілмек. Тіпті, алғашқы шымылдығын халықаралық театрлар фестивалімен ашпақшы. Осындай игілікке үлес қосу үшін мұнда 160 адам күндіз-түні тынбай жұмыс істеуде. Қазір жұмыстың 80 пайызы орындалған. Сондай-ақ, қаланың солтүстік-батыс ауданында салынып жатқан 1200 орынды мектеп те әкім назарындағы нысандардың қатарында. Өйткені, жаңа нысан қаламыздағы екі ауысыммен оқитын бірқатар мектептің жүктемесін жеңілдетеді. Айта кетерлігі, мұнда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасы облыс басшысының көңілінен шықты. Мектеп жаңа оқу жылында есігін айқара ашпақ. Ашылу салтанатына Амандық Ғаббасұлы өзі қатысамын деп уәде етті.
Иә, жарты күнін қаламыздағы бірнеше нысанның жұмыс қарқынымен танысуға арнаған облыс әкімі соңында орынбасарлары мен басқарма және қалалық әкімдік басшыларына қалада атқарылып жатқан әрқандай жұмыстың сапасы мен қарқынын қадағалап отыруды міндеттеді.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.