Талдықорған: +15°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жинақтау дәуірі: Жеке зейнетақы шотыңызды не себепті қадағалап отыруыңыз керек?

17.06.2018
ӘЛЕУМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің іске қосылғанына биыл 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында ол көптеген өзгерістерге ұшырап, дамуын әлі де жалғастырып келеді. Сонымен қатар, салымшылардың өз  жинақтарын ұлғайта түсудегі рөлі арта түсуде. 

1990 жылдары, тәуелсіз Қазақстанда нарықтық қарым-қатынас өз күшіне енген кезде, ескі – кеңестік зейнетақы жүйесі ыдырай бастаған болатын. Ұрпақтар ынтымақтастығы қағидасына негізделген бұл жүйе өз дәуірінде нәтижелі, жемісті болды. Әйтсе де жұмыссыздықтың белең алуына және тұрғындардың қартаюына байланысты бұл жүйе тиімсіз бола бастады. 
ҚР статистика жөніндегі агенттігінің 1997 жылғы мәліметтері бойынша еліміздегі жұмыс істейтін адамдар мен зейнеткерлердің ара салмағы 1,5:1 болды. Ал халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ, 1 зейнеткерге кемінде  жұмыс істейтін 4 адам сәйкес келген жағдайда ғана ынтымақтастық жүйе жақсы жұмыс істей алады. 
Егер жағдай сол күйінде қалар болса, жүйе күйреуге ұшырайтын еді. Сол себепті Қазақстан зейнетақы жүйесіне реформа жасауды ұйғарды. Және ТМД елдері арасында мұны бірінші болып жүзеге асырды. Реформа авторлары халықаралық тәжірибелерді мұқият зерттеп, құрамында жинақтаушы құрамдауышы бар аралас зейнетақы жүйесін таңдады. Осыған сәйкес 1997 жылғы маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енді. 
Алғашында жаңа зейнеткерлік жүйенің артықшылықтары айқын байқалмады, айлық жалақының зейнетақы қорына аударылатын 10% мөлшерін адамдар салық ретінде қабылдады. Олар бұл жарналардың жеке зейнетақы шоттарында  жинақталатындығын, болашақ зейнетақының осы жинақтардың есебінен төленетіндігін анық түсіне алмады. 
Зейнетақы қызметтері нарығында бірінші болып Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (ГНПФ) пайда болды. Кейін біртіндеп жеке зейнетақы қорлары құрыла бастады және олар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуына маңызды үлес қосты. Мысалы, салымшылар қорды өздері таңдап, оны ауыстыруға немесе мүлдем таңдамауға құқылы болды. Бұл жағдайда зейнетақы жарналары автоматты түрде ГНПФ-қа түсетін. 
Жинақтаушы зейнетақы қорлары бәсекелестік ортада салымшыларға тиімді шарттар ұсынуға тырысты. Алайда олар негізінен зейнеткерлік активтерді барынша табысты және тәуекелді қаржы құралдарды инвестициялады. Құнды қағаздарын жеке қорлар сатып алған компаниялардың бір бөлігі 2007-2010 жылдары Қазақстанның қаржы нарығындағы дағдарыс кезінде дефолтқа жол берді. Сонымен қатар, кейбір қорлар тарапынан үлестес тұлғалармен көпе-көрінеу шығынды мәмілелер жасалғандығы анықталды. Сондай-ақ, жеке қорлар зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды әрқалай есепке алатын. Бұл салымшылардың бір емес бірнеше шотының болуына әкеліп соқты.    
Азаматтардың жинақтарын басқару тиімді әрі қауіпсіз болуы үшін 2013 жылы ГНПФ базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды (БЖЗҚ). Жеке қорлардың активтері БЖЗҚ-ға берілгеннен кейін әкімшілік және операциялық шығындар қысқарды, сондай-ақ, комиссиялық сыйақылардың мөлшері де екі есеге азайды. 
Салымшылардың бірыңғай базасының құрылуы арқасында қате ашылған техникалық шоттардың саны қысқарды. Одан басқа, БЖЗҚ жеке қорлардан мұра болып қалған мұндай шоттардың санын азайту бойынша жұмыстарды белсенді жүргізіп келеді. Енді үлестес тұлғалармен көпе-көрінеу залалды мәмілелер жасасу тәуекелі жойылды. «БЖЗҚ» АҚ-тың зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен қаржы құралдары тізіміне сәйкес, ҚР Ұлттық банкі инвестициялайды.   
Бұл ретте БЖЗҚ-ның құрылуы зейнетақы жүйесінің өзгеруіне әкеп соққан жоқ. Қазақстанның зейнетақы жүйесі бұрынғыдай үш деңгейден тұрады:  ортақ және базалық зейнетақы, сондай-ақ, жинақтаушы бөлік. 
Бүгінде зейнеткерлерге мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы төленеді. Бірақ бұл үнемі солай бола бермейді. 2040 жылдары 1998 жылға дейін еңбек өтілі болмаған адамдар зейнетке шыға бастайды. Демек оларға ортақ зейнетақы төленбейді. Олар базалық зейнетақыны және өз жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін ғана алатын болады. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі.  
Зейнетақы жүйесінің барлық үш құрамдауыш бөлігін: егер 1998 жылға дейін еңбек өтіліңіз бар болса – ортақ зейнетақыны, базалық зейнетақыны және инвестициялық табыс қоса есептелген жеке жинақтарыңызды ескере отырып, болашақ зейнетақыңыздың болжамды мөлшерін enpf.kz сайтынан білуге болады.  
Бұл есептеулер адамдарға дұрыс қорытынды шығаруға көмектеседі. Өйткені болашақта жақсы зейнетақы алу үшін өзіңіздің зейнетақы шотыңыздағы жинақтарыңыздың мол болуына қазірден бастап мүдделі болуыңыз керек. 
Жұмыс берушімен еңбек қарым-қатынасын дұрыс рәсімдеп, зейнетақы жарналарының Қорға тұрақты аударылып тұруын қадағалаудың маңызы өте зор. Бұдан өзге, Қорға ерікті зейнетақы жарналарын аударып тұрған жөн. Бұл болашақта алатын зейнетақының мөлшерін ұлғайтуға септігін тигізеді.  
БЖЗҚ өз тарапынан ерікті зейнетақы жоспарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүдделі және әрбір салымшыға кәсіби кеңесші болуға дайын. Егер зейнетақыны жоспарлауға жауапты қарап, БЖЗҚ мамандарының білімі мен тәжірибесін пайдаланатын болсаңыз, болашақта алар зейнетақыңыздың мөлшері де қомақты бола түсері анық.

Жұмабай ОСПАН

 

Қатысты жаңалықтар

Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

05.04.2026
Алаяқтарға аяушылық жоқ

Алаяқтарға аяушылық жоқ

05.04.2026
Есірткі сатып есірген

Есірткі сатып есірген

05.04.2026
Ауылдан күш аламын

Ауылдан күш аламын

05.04.2026
Тіл тазалығы – ортақ мәселе

Тіл тазалығы – ортақ мәселе

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.