Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Текелідегі тартымды кездесу

03.04.2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

«Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» жобасын негізге ала отырып, Текелі қалалық кітапханасында ҚР Мәдениет қайраткері, Ескелді ауданының Құрметті азаматы Сәбит Жұмабайұлы Биболовтың «Сан қырлы сырбаз – Сәбитім» атты  қала тұрғындарымен кездесу кеші өтті.

Аталған кітапхана ұжымы ұйымдастырған бұл кездесуге  кеншілер қаласының әдебиетсүйер қауымы, жас ұстаздары  қатысты. Бұл шараны өткізуге белсене атсалысқан және бастан-аяқ жүргізген кітапхана меңгерушісі Рахила Көшекбаева алдымен бүгінгі кездесудің басты кейіпкерінің қысқаша өмірбаянымен таныстырып өтті.
– Сәбит Биболов 1947 жылдың 20-шы мамырында талай даналар мен ойшылдар дүние есігін ашқан киелі Жетісу жерінде туған. Бір басында би, батыр, қолбасшы, әулиелік ғаламат қасиет бар, мың жылда бір туатын аса кемеңгер тұлға Ескелді бабаның тікелей ұрпағы. Жас кезінен-ақ әдебиетке, өнерге әуес болды. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін жақсы нәтижемен бітіріп, еңбек жолын ұстаздықтан бастады.  Ескелді аудандық «Жетісу шұғыласы» газетінде аудармашы, газеттің жауапты хатшысы, бас редактордың бірінші орынбасары, бас редакторы қызметтерін атқарды – деді ол.
Иә, сегіз қырлы, бір сырлы Сәбит Жұмабайұлының өмірдерегі көпшілікке беймәлім. Жиналған жастарға үлгі болсын деген ниетте сөзін іле жалғады. – Біраз жылдар ауданның мәдениет саласын басқарды. Қайда жүрсе де өскен жерінің тарихын, мәдениетін санасына тоқып, ел ішіндегі белгілі адамдардың еңбегін зерделеді. Қоғамдық өмірдің әр саласына қалам тартып, газетте түрлі тақырыпта мақалалар жазды. Соның нәтижесінде әдеби, тарихи кітаптарды өмірге әкелді. «Бақтыбай ақын», «Ескелді би – даналық дариясы», «Матай батыр», «Лапылдап өткен лағылым», «Замана перзенттері», «Біздің ауылдың адамдары», «Сулы төрден төгілген жыр» жинақ кітаптарында қаламгердің өзіндік қолтаңбасы, әсіресе, елге деген перзенттік сүйіспеншілігі айқын аңғарылады. 2012 жылы жарық көрген екі томдық орақ ауыз, от тілді  айтыскер ақын Бақтыбай Жолбарысұлы туралы Тұрсын Әбдуәлиевпен бірігіп жазған «Наркескен»  роман-трилогиясы – аса құнды тарихи туынды. Халықаралық «Дала» журналына бірнеше әндері мен шығармалары жарық көрген. «Сыршыл жүрек» атты әндер жинағы да бар – дей келе, қазіргі таңда зейнеткерлік демалыста Бисара тәтеміз екеуі бақытты ғұмыр кешіп жатқандығын мақтанышпен жеткізді. 
Кездесу барысында Сәбеңнің өзі сөз алып, өткен өмірі мен шығармашылығы және белгілі тұлғалар жайында әсерлі естеліктерімен бөлісті. Көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ, кітаптарына қолтаңбасын қойып, оқырмандарына таратты.
Одан кейін Сәбең жайлы ойын ортаға салған інісі ақын, сатирик Қыдыр Байдүйсенов: 
– Ұлы Ескелді бидің ұрпағы болғандықтан ба, Сәбеңнің  үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарайтын қарапайым да ұяң мінезі адамды баурап алады. Еш уақытта қабақ шытып, ашулануды білмейді. Қашан көрсеңіз де жүзінен нұр шаша, жылы ғана жымиып тұрғаны. Ауылдағы дана ақсақалдардың тәлім-тәрбиесін көрген ол иіні жұмсақтау болғанымен де, діңі өте мықты жан. Жеке отбасының трагедиясына мойымай, шың басына шыққан емендей қасқая қарсы тұрып келеді. Тау етегінде туып, тауға қарап өскен ұлдың болмысы биік екеніне ешкімнің де таласы жоқ шығар, – деп ақжарма тілегін арнады. 
Шара соңында Текелі қалалық ардагерлер алқасының төрайымы Бақыт Ықыласова, қаланың Құрметті азаматтары Әбіжан Омарқұлұлы мен Ертай Дүйсебаев, Текелі қаласы әкімдігінің мәдениет және тіл бөлімінің басшысы Марат Дәуренбаев, «Текелі тынысы» газетінің бас редакторы Торғын Тұрлыбаева сөз сөйлеп, қаламгердің атына жылы лебіздерін білдірді.

Шора БАТЫРБАЕВ
Текелі қаласы

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.