Талдықорған: +15°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Әңгіме өзегі — Елбасы үндеуі

03.04.2018
ӘЛЕУМЕТ
Әңгіме өзегі - Елбасы үндеуі
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 наурызда Парламент Палаталары мен Үкіметтің бірлескен отырысында жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуін шалғайдағы ауыл тұрғындарына, өндіріс орындарының жұмысшыларына, орта және жоғары оқу орындарының студенттеріне таныстыру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Осы мақсатқа орай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов Балқаш ауданына ресми сапармен барып, жергілікті халыққа Үндеудің маңызы мен мәнін түсіндірді.

Алдымен Миялы ауылдық округінде орналасқан «Динара Ранч» ЖШС-іне қарасты мал сою цехы, күріш ақтау зауыты, көкөніс қоймасы сынды маңызды нысандарды біріктірген өндірістік кооперативті аралап көрген халық қалаулысы онда еңбек ететін жұмыскерлердің жай-күйін сұрастырып білді. Өндірістік кооперативте барлығы 140 адам жұмыс істейді. Олар негізінен күріш өсірумен, мал бордақылаумен, картоп, пияз, сәбіз сияқты көкөніс баптаумен айналысады. Мал соятын қасапшылар мен күріш ақтайтын, көкөністі қоймаға сақтайтын жұмыскерлерге жалақы төлеп, әлеуметтік жағдайына кө- мектесіп отырған шаруашылық былтыр 1 мың гектарға күріш егіп, әр гектарынан 50 центнерден күріш алыпты. Одан бөлек, 25 мың тонна жүгері сүрлемін салып, 15 мың тонна жоңышқа дайындаған. 
Ауылдық округтегі ең ірі шаруашылық саналатын ЖШС-нің мал бордақылау алаңында 4 мың бас еркек тана байланып тұр. Мал сою цехындағы қызу жұмысты көрген Серік Әбікенұлы күріш ақтау зауыты мен көкөніс қоймасындағы жұмыскерлерге Елбасының Үндеуінде айтылған мәселелерді таныстырып өтті.
Бұдан соң аудан орталығы Бақанаста орналасқан аграрлы-индустриалдық колледжге барып, оқу орнында білім алып жатқан тәлімгерлермен емен-жарқын әңгіме өрбітті. Аспаз, электрмонтер, тракторшы-машинист, газэлектрмен дәнекерлеуші, слесарь сынды мамандықтарды меңгеруді көздеген жастар өздеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетовтің ғибратты сөзіне құлақ салды. Аспаздар дайындаған тағамның дәмін көрген халық қалаулысы оқу орнының ұстаздар қауымына Елбасы Үндеуі жайында жан-жақты әңгімеледі. Әсіресе, Президенттің биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айтылған басымдықтарды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында мұғалімдердің тынбай еңбек етуі керектігін ескертті.
– Елбасының әрбір бастамасы, әрбір Жолдауы елдің көңілін тербеп, көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті мәселелерді қамтиды. Оған былтыр «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қосуға болады, – деген Серік Әбікенұлы көпшілікке өзінің сапарының мақсатын таныстырып өтті. – Биылғы наурызда жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі ең бір ерекше бастама болды. Бұл, ең алдымен, өз үйі болмай, баспананың зардабын тартып жүрген жастардың жайын ойлаудан туындап отыр дер едім. Жақында Президентіміз: «Байлық байлық емес, басты байлық ауызбірлікте»  деген жақсы мақал айтты. Қазір халқымызға береке-бірлік, татулық пен ынтымақ керек.
Кездесуде Үндеуде айтылған шағын несие беру көлемін ұлғайту, елді табиғи газбен қамтамасыз етуді жалғастыру сынды мәселе-         лер де сөз болды. Бұдан соң «ӨтесБиоАзия» ЖШС-нің күріш зауытын аралап көрген халық қалаулысы өндіріс орнының жұмысына баға берді.

Мәди АЛЖАНБАЙ
Балқаш ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

05.04.2026
Алаяқтарға аяушылық жоқ

Алаяқтарға аяушылық жоқ

05.04.2026
Есірткі сатып есірген

Есірткі сатып есірген

05.04.2026
Ауылдан күш аламын

Ауылдан күш аламын

05.04.2026
Тіл тазалығы – ортақ мәселе

Тіл тазалығы – ортақ мәселе

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.