Талдықорған: +12°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жаңа әлемнің қозғаушы күші

1 сәуір 2018
КҮЛТӨБЕ
Жаңа әлемнің қозғаушы күші
WhatsAppTelegramFacebook

Жастар ел ертеңі ғана емес, сонымен бірге Елбасы айқындаған мемлекеттік мақсаттарды жұмыла жүзеге асыратын ең сенімді буын. Төртінші өнеркәсіптік революцияға қадам басқан қазіргідей заманда Қазақстан жастары спортпен, өнермен шұғылдануды әдетке айналдырып, бірнеше тілді еркін меңгеруі тиіс. Жаһандық бәсеке алаңында мұның өзі аздық етеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Астана төрінде екі күнге жалғасқан «Жас Отан» жастар қанатының «Жаңа әлемге жол саламыз» атты IV съезіне арнаған құттықтау хатында тәуелсіз елдің ұрпағын жаһандық және отандық әдеби мұралармен терең танысып, шетелдегі кәсіби мамандармен иық тірестіре қызмет атқаруға шақырды.

Гала-форум еліміздің әр аймағынан келген 1500 алғыр жастың басын қосты. Елбасының форумға арнаған жүрекжарды лебізін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берді. Айтулы шараға ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Үкіметінің өкілдері, Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Елбасы хатында «Жас Отанның» ел болашағы үшін атқарып келе жатқан қызметіне  жоғары баға беріліп, стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруда бірден-бір беделді ұйым екені айтылған. «Мен осынау еңбектің жеңісі мен қамқорлықтың жылуын жастарымыз жақсы білетініне кәміл сенемін. Қазір бүкіл әлем ауқымды өзгерістерді бастан кешіруде. Төрткүл дүние Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басты. Біз ұзақмерзімді мақсаттарымызға қол жеткізу үшін осындай қарқынды өзгерістерді де өз пайдамызға қарай сәтті жүзеге асыруымыз керек», – делінген хатта.
Мемлекет басшысының құттықтау хаты мыңдаған жасқа жігер сыйлады. Президент өз хатында ата-бабамызға арман болған тәуелсіздікті тұғырлы етіп, аға буынның жеңісті жолын жалғастыру жастарға артылған зор сенім екенін баяндап өткен. Сондай-ақ, Елбасы жастардың тың бастамаларын әрқашан қолдап, жарқын идеяларына қуанып отыратынын жеткізген. Қазақстанның баянды болашағы үшін жастар саясатын жаңғырту жұмыстары бұдан кейін де жүргізілмек. Осы міндеттердің мүлтіксіз орындалуы турасында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев егжей-тегжейлі әңгімеледі. Оның айтуынша, «Жас Отан» – мыңдаған жастың саяси мектебі. Жастар ұйымы бүгінде облыс, қала, аудандарды ғана емес, шалғайдағы ауылдарды да толық қамтыған. Мұнда жастардың жоғары білім алуы, әлеуметтік қамсыздандырылуы, өзі армандағандай болашағын қалыптастыруы үшін барлық жол көрсетіледі, кеңестер беріледі, мәселелер шешімін табады.
Мемлекеттің қамқорлығын сезініп, айқын мақсат жолында адал еңбек етіп жүрген түрлі саланың жастары съезде алма-кезек сөз сөйлеп, ішкі тебіреністерін жеткізді. Атап айтқанда, Назарбаев университетінің ассистенті Әсия           Ермұхамбетова, «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы Айбар Қасеналин, № 3 Қостанай қалалық емханасының дәрігері Эльвира Асадова, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жұмысшысы Елжас           Қожахметов сынды жастардың жалынды сөздері жиналғандар тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Аға буынның есінде шығар, осыдан 18 жыл бұрын Елбасы «Қашаған» кен орнының алғашқы мұнайын жасқа толмаған нәрестенің маңдайына жағып, ізгі тілегін білдірген еді. Сол кездегі сәби – бүгінде кәмелеттік жасқа жеткен Берік Уап та съезге қатысып, замандастары алдында ақтарыла сөйледі. «Мен өз арманымның кілті терең білімде екенін түсіндім. Сол себепті, 2010 жылы Атырау қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейін үздік бітіріп, қиялыма қанат бітіп, Ұлыбритания еліндегі Манчестер университетінің оқу грантына ие болдым. Одан кейінгі жылдары білімімді одан әрі жетілдіру мақсатында Ұлыбританияның Heriot-Watt университетінде оқып, мұнай-газ магистрі атандым», – деген жас мұнайшы бүгінде Елбасы ашқан «Қашаған» кен орнында жұмыс істейді.
Биылғы съездің жөні бөлек. Соңғы технология жетістіктерін қолданған жиын тұңғыш рет «VR» форматында көрсетілді. Яғни, кез келген ғаламтор пайдаланушы адам гала-форумды 360 градуста тамашалады. Тікелей форумға қатыспаса да, смартфон құрылғысы арқылы съезд делегаттарымен бірге отырғандай әсер қалдыратын бұл технология – цифрландырудың кезекті жемісі. Съезде екі аяғынан айырылса да, он екі мүшесі сау замандастарымен қоян-қолтық еңбек етіп жүрген Серік Есматов, «Эйр Астана» компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағын басқаратын егіздер Олег пен Жан Жақыповтар сөз сөйлеп, жастардың жігерін жандырды. Жиында дарынымен қатарынан оза шапқан түрлі сала мамандары өз ұсыныстарын айтып, жаңа жобаларымен таныстырды. Алдағы уақытта ұсыныстар жинақталған құ-        жат бойынша Жол картасы әзірленбек.
Дәстүрлі басқосуды «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қорытындылап, келешектегі міндеттерді саралап өтті. Съезд соңынан жастар әр қазақ жатқа білетін «Атамекен» әнін шырқап, асқақ рухпен тарқасты.

 

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Қатысты жаңалықтар

Жетісуға «FlyArystan» ұшады

Жетісуға «FlyArystan» ұшады

Бүгін, 16:13
Гаджеттерді қуаттау кезінде өрттің алдын алу жолдары

Гаджеттерді қуаттау кезінде өрттің алдын алу жолдары

Бүгін, 15:18
Жетісулық жас өнерпаздар Ақтөбеде топ жарды

Жетісулық жас өнерпаздар Ақтөбеде топ жарды

Бүгін, 15:16
Қазақстанда өсімдік майы өндірісі 25%-дан астамға өсті

Қазақстанда өсімдік майы өндірісі 25%-дан астамға өсті

Бүгін, 15:08
Қонаевта білім саласының өзекті мәселелері талқыланды

Қонаевта білім саласының өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін, 15:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.