Талдықорған: +27°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Биіктік өлшемі

30.03.2018
ЖАНСАРАЙ
Биіктік өлшемі
WhatsAppTelegramFacebook

Заманның байлығы – адам, өсіп келе жатқан ұрпақ. Адам өмір бойы жақсылықты, қуанышты іздеп өтеді. Әйтсе де оны өзге жақтан емес, өз әлемінен, өз жан сарайынан табады. Өмірдің тылсым құпиясы өзіңді танудан, өзіңді табудан басталады. Көкірегіңді әлдилеген, жаныңның түкпірінде сақталған әдемі сезімдер, сыршыл ойлар, ақ желкен армандар мазалайды. Дегенмен, ар мен намысыңды қамшылайтын өмір жүгі жеңіл емес. Біздер азаматтық, адамдық бағытымыздан ауытқымай, аталар дәстүріне адал болып, сонау бабалар аманатынан басталған жолды лайықты жалғастыра білуіміз керек.

Бұл – Байұзақ ағамыздың басты ұстанымы. Адамның адамшылығы, Абай айтқандай, ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан құралады. «Осы игіліктердің барлығын да өмір жолымда тынымсыз ізденістеріммен алға ұмтылған шақтарда өз басымнан өткердім. Адамдық қасиеттерімді арттырған, бойыма осыншама жақсылықтарды тоғыстырған тағдырыма ризамын», – дейді Байұзақ аға. 
Байұзақ Күдеринов  Қапшағай көпсалалық колледжында директор орынбасары болып қызмет атқарады. Бүгінде аға жасы алпыстың асуына шығып отыр. Қырық жыл ұстаздық еткен жолын  жемісті тәрбиенің сыры – шәкіртке құрметпен қарауда дегенмен түсіндіреді. 
Ұстаз сепкен ізгілік дәні жүректерде қалатыны анық. Ал, жүректен орын алу барлық жанға бұйыра бермейді. Осы тұрғыдан алғанда, Байұзақ ағаның сабырлы мінезі мен төзімділігі, ыждағаттылығы шәкірттерінің көкірек көзін ашып, білімін нығайтуда. Өзі басқаратын автокөлік мектебі жүргізуші куәлігін алып, темір тұлпардың тізгінін ұстаған талай азаматтарды оқытқан мекеме.
«Өмірдегі ең бай адам – сабырлы адам деуші еді бұрынғы қариялар. Әкем Құлатайдан алған тәлім-тәрбие болу керек әрі өмір жолымды ұстаздыққа арнаған соң, алдымдағы мыңдаған шәкірттің тағдыры берер білімің мен тәлім-тәрбиеңе сүйенсе, үлкен жауапкершілікті сезінеді екенсің. Өткеннен тағылым алып, болашаққа жол бастау, кішіге де, үлкенге де құрметпен қарау ұстаздар тағылымынан басталмақ. Адамға қадір-қасиет өздігінен келмейді ғой. Еңбек жолымда адамгершілік құндылықтарды биік ұстап келдім. Туған жерім Көксу ауданына қарасты Айнабұлақ ауылы болғанмен балалық шағым сұлу Текелінің жанындағы Жетісу деген ауылда өтті. Адам туған жеріне тартып өседі деген сөз де тегін емес-ау. Аспаннан арайы төгілген табиғатта жастайымыздан жанымыз жақсылыққа үйір боп өстік. Арманшыл болдық. Әкем өмірден озғанмен, анамның көзі тірі. Әулетімізде үш ұл, бес қызбыз. Осы ауылда ауылшаруашылығы техникумда талай жыл техника саласы бойынша сабақ бердім. Ауылдан алыс кетсем де, туған жеріме жиі келіп тұрамын. Анам Күлшара сексеннің сеңгіріне шықты. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» демекші, анам барда мен ол кісіге әлі баламын», – деп Байұзақ аға өмір өткелдеріне оралып сыр шертті. 
Қапшағай қаласына көшіп келгендеріне де он төрт жылдың жүзі болыпты. Жары Гүлшат Сүйінбайқызы екеуі де бір жылдың, бір ауылдың тумасы. Ерте шаңырақ көтергеннен шығар балалары да өздерімен бірге есейген. Бүгінде екі қызынан немерелер сүйіп, ардақты ата-әже болып отыр. 
 Адам – керуен, өмір – жол. Өмір сүру дегеніміз, таратып айтқанда, биіктерді бағындыру, армандарға баратын жолды айғақтап соған жету. Өз жолыңдағы күресіңді тоқтатпасаң ғана мұратыңа жетесің. Ізденген адамның ғана ойлағаны болады. Байұзақ Құлатайұлы мұны үнемі балаларының, немерелерінің құлағына сіңіріп отырады. Әке де, ана да ұрпағының алып бәйтеректей құлпырып, жапырақ жайғанын қалайды. Балалары да мұны жақсы біледі. Алпыстың асуына шыққан Байұзақ аға мен Гүлшат апайдың сүттей ұйыған шаңырағына бақыт тілеп, «Отан отбасынан басталады» деген сөздің дәлеліне тағы да бір көз жеткізгендей болдық. 

Мақпал МЫСА
Қапшағай қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.