Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Арбакеш

16.03.2018
ҰЛТ ҰЯТЫ
Арбакеш
WhatsAppTelegramFacebook
Ауылдық жерлерде автокөлік, тракторлар көбейгенше ауылшаруашылық жұмыстарын атқаруда арбаның алатын орны ерекше болатын. «Алғабас» ұжымшарының малшыларды жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіріп-қондыруда, 40 шақырым қашықтықта орналасқан аудан орталығына астық тасуда, Үштөбеден жанар-жағармай  жеткізуде көлік ретінде арба пайдаланылды. Астық, жем тасуға жәшік қорапты, шөп, отын әкелуге үлкен арбалар қолданылатын.

Өткенді айтпай соңғы еске түспейді деген емес пе? 1945 жылдың көктемі. Соғыстан «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарын кеудесіне жарқырата тағып, еліне ерлікпен оралған Қозыбай Қоғылов еңбек майданына қызу араласты. Бригадир бір күні шақырып алып, арбакеш боласың деді. Техника онша жетісе бермейтін сол жылдарда айдаушысы келіссе ат арбаның орны бір төбе еді ғой. Бригадир ұсынысын құп алған Қозыбайда тыным болған жоқ. Сонау 60 шақырым жердегі Мақпал бөлімшесінен арбамен арпа-бидай тартса, бірде малшыларды  қыстауға көшіріп-қондырды. Ал жаз болса шөп шауып, орылған астықты комбайннан қырманға,  одан қоймаға жеткізу де оңай жұмыс болмайтын. 
Қыс мезгілі. Таң алагеуім кез. Ауылдың шығысындағы созылып жатқан жотаның ақ күмістей жылтыраған омбы қарында қараңдап бір шана кетіп барады. Бұл елдің жылы төсекті қимай бойкүйезденіп жатқан кезі еді. Қыстың осы бір қақаған аязында Қозыкеңнің орталықтан  шалғайда жатқан таулы аймақтағы сүт фермасынан ақ тасуға шыққан күнделікті сапары. Әне, торы төбел мен бурыл жирен ат қар ұшқынын тұяқтарымен артқа лақтырып келеді. Автомашина қатынай алмайтын мұндай қыс, көктем мезгілдерінде оның сүт тасуы жылда қайталанып тұрады. Осы бір күнгейлі таудың етегіне орналасқан екі мал қорасына қосқан үлесі мол. Құз – қиядан арбамен тас та, су да тасыды. 
Қозыбай басқа арбакештерден несімен ерекшеленді деген сауалға берер жауап та дайын. Ол өзінің арбакештік кәсібін сүйе білді. Зор жауапкершілік жүктеп, ел алдында абыройлы болуды алдына мақсат етіп қойды. Оның арбаға шегетін пар аты қысы-жазы семіз қалпынан арымай, қоңын бір кетірмейтін. Қозыкең шаруашылықтың атқа берген жемшөбін жекеменшік малына беретін кейбір арбакештер секілді емес, жемнің бір түйірін шашау шығармай арбаға жегетін қос аттың алдына тосатын. Арбасын да екі шоқып, бір қарап, уақытылы майлап, сынған жері болса жөндеп отыратын. Соның арқасында арбасы бір шиқылдап көрген емес. Қыстыгүні пар ат шанамен (кошовка) ұжымшардың басқарма басшысын 1945-1955 жылдары аудан орталығына жиналысқа апараратын. Қырық шақырымдық қашықтыққа 1,5-2 сағатта жеткізетін. Таулы күнгейде жатқан мал фермасына, 60-120 шақырым қашықтықта орналасқан қысқы Мақпал, Ақтөбе, Ойбұйрат қой отарларына да басқарма бастығын ат-шанамен аралатып қайтатын. Қозыкең сол арба айдаған күннен бастап жұмыс арасында ауыл адамдарына да қолғабыс тигізіп тұрды. Жетім  – жесір, көпбалалы адамдардың шөбін, отынын, астық қоймасынан бидайын, диірменнен ұнын әкеліп беру оның қасиетті борышындай саналатын. Міне, осындай тынымсыз еңбегінің нәтижесі Қозыбайды ауыл адамдарына қадірмен атандырды. Біз оларды әрқашанда басқаларға үлгі тұтып, мақтан етеміз. Жанымызда жақсы адамдар жүргенін еске аламыз. Арбаны техника алмастырғаннан кейін 1970-1980 жылдары ол таулы Байбарақ аймағындағы астық, шабындыққа қарайтын күзетші болып, абыройлы еңбек етті. 
Қозыбай Қоғылов 1988 жылы 70 жасында қайтыс болды. Қара шаңырағына баласы Қали мен келіні Дина ие болып, түтінін түтетіп отыр. Қали шаруашылықта механизатор, токар, бақташы, Дина сауыншы болып абыройлы еңбектерімен көріне білді. Отбасында ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, немере сүйіп отырған отбасы. Алайда, 1960-1970 жылдардан бері туған ұрпақтар арбакеш деген кәсіптің болғанын, шаруашылықтың жүктерін тасымалдауда арбаның ерекше рөл атқарғанын білмейді-ау…  
 Нұртай Қыдыралыұлы
Алғабас ауылы, 
Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.