Талдықорған: +10°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ақын Сараның портреті

16 наурыз 2018
РУХАНИЯТ
Ақын Сараның портреті
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы көптеген игі  істің орындалуына жол ашты.  Бастама кеткенімізді келтіріп, кем-кетігімізді жамауға септігін тигізуде.   Ескерусіз қалған есіл ерлеріміз еленіп,  тарихи орындар қорғауға алынуда.  Осындай ауыз толтырып айтар айтулы шараны «НАҚ-Бірлік» қоғамдық ұйымы мен облыстық Қазақстан  халқы Ассамблеясы жүзеге асырды.  

Олар Мәскеудегі музейден биыл 165 жылдық мерейтойы тойланғалы отырған  Ақын Сараның құнды жәдігерлерін тауып әкелді.  Мұхамеджан Тынышпаев атындағы  облыстық тарихи-өлкетану музейінде  жәдігерлерді көруге арналған шара өтті.  Онда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлиев көпшілік алдында сөз сөйледі. 
– Халқымызда: «Сенгеніңнен сүйенерің мықты болсын», – деген аталы сөз бар. Бүгінде артында қалған ұрпағы  Сара Тастанбекқызының  жоғын жоқтауда. Сүйенерінің мықты екені осыдан-ақ белгілі. Өткенді жандандыру арқылы болашаққа барарымыз белгілі.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алған бұл жұмыстың болашақ үшін берері мол.  Ендеше, сырт елден әкелінген құнды дүниеміз елдің болашағына қызмет етсін,–деп сөзін түйіндеді мәдениет саласының басшысы. 
Аталмыш  жәдігерлерді  мұражайға мүсінші Маргарита Ващенко өткізген.  Ол кезінде Талдықорған облысының бас сәулетшісі болған. Сол жылдары Маргарита Ващенко  Ақсу ауданының Көшкентал ауылына және  Жансүгір елді мекеніне Сара Тастанбекқызының  ескерткішін орнатады. Өзі өмірден  өтерде қызы Гелия Тимофееваға Ақын Сараның портретін, құжаттарын қазақ еліне жеткіз  деп аманат айтады.  Қазақ қыздарының теңдігін жырлаған  ақынның жәдігерлерін әкелуге «НАҚ-Бірлік» қоғамдық қорының төрағасы Оралбек Жақиянов көп күш жұмсағаны белгілі.  Елшілікпен келісу, мұрағаттан құнды жәдігерлерді алу, аманатты жеткізуші  Салтанат Меңлібаеваның  барып-келуін қамтамасыз ету оңай шаруа емес еді.  
– Маргарита Ващенко қазақ елін шексіз сүйген.  Елге деген құрметін Ақын Сараға ескерткіш орнатуы және Мәскеудегі жәдігерлерді елге жеткізу жайлы қызына айтып кеткен аманатынан аңғаруға болады.  Осы ақын мұрасын елге жеткізуде үлкен еңбек сіңірген Салтанат Дәулетханқызына рахмет айтуымыз керек. Ол  шетел мұрағатынан 12 құнды жәдігерді шашау шығармай елге жеткізіп, бүгін өлкетану музейіне табыстап отыр – деді Оралбек Жақиянов. 

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

Бүгін, 09:42
Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.