Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Қосылған қос өзен секілденіп…

16.02.2018
РУХАНИЯТ
Қосылған қос өзен секілденіп...
WhatsAppTelegramFacebook

Адамзаттың алыбына айналған Абайдың бір сөзі мың кітапқа арқау. Сондықтан да болар, кез келген тақырыпта хакімнің пайымына ұшырасасыз. Осы ретте біз де қаламгерлердің сол дәстүріне жүгініп көрелік. «Махаббатсыз дүние бос». Бұл енді ақиқат емес пе?! Ақиқат болса, тірлікте телқоңырдай тілек табыстырып, армандарын бір бағытқа бұрған өнер саласындағы жұптардың қалай қосылғанын, бүгінгі күйі мен ертеңге деген байламдарын жазуды, хатқа түсіруді жөн деп таптық, ағайын! Осы мақсатта ашылған «Телқоңыр» айдары текті елімнің назарында жүрсе екен деген ой да жоқ емес. 

Теңбіл допты тепкісіне шыдатпай, ауық-ауық асыршыл жолдастарымен асық ойнап жүретін Нарынқолдың қарадомалақ баласының аусары өнерге ауды. Қатарынан қалмайын деп бозкілемде алысып, енді бірде каратэ залының есігін айқара ашқан. Кекілді тарап, көшеде жігіттік сейіл құра бастаған шағында атағы дүркіреп шыққан «Музарт» тобының әншілеріне еліктей бастады. Бірде Мейрамбек, енді бірде Сәкен болғысы келді. О бастағы спортқа деген ынтасын музыка өнері ысырғандай. Содан, ауылдағы, мектептегі жиын біткеннің сахнасында қарадомалақ ән әуелетіп, көзтаныстарға әнші ретінде танылды. Ең ақырында эстрада жұлдыздарына еліктеуінің нәтижесінде музыка өнерін таңдағанына шүкірлік айтатын күнге жетті.

Текті жұрттың төредей өнеріне табан тіреген Жомарт Тәкебаев тәңіріне шын ниетімен тәубе айтып, асыл жары Гүлім Ахмановамен берекелі ғұмыр кешуде. Шүкірлігі аузында жүрген қазақтың бұл перзентімен дидарласудың өзі оның тұнық дауысын естуден басталды-ау. Шаңырағына кіріп барғанда әуезді ән әуелеп тұрған. Тоқтатпады. Соңғы қайырмасын қайырып барып, сәлемге жауап қатып, мән-жайды түсіндіре бастады.
– Соңғы екі апта қарбалас. Үйде де, жұмыста да қызу дайындық. Әне-міне дегенше сәуір айы да келіп қалар. Сол айдың соңына жоспарлаған шығармашылық концертіме дайындалып жүрген жай ғой бұл, – дейді классик әнші. Мұндағы тұрғындардың көбі өнер адамы, театр актерлері, филармония қызметкерлері, журналистер болған соң, классик әншінің әдепкі дайындығына еті үйренгендей, дауысы жаңғырып тұрса да көршілері: «Тыныштал, жөніңе дайындал», – деген ескертпе айтпайды. Олар да өзінше дайындалып, осындай абыр-сабыр күйде тірлік кешіп жатыр. Құдды бір қазақ өнерінің барлық саласы осы бір қоныста жанданып, жаңарып жатқандай…
Ол әуелі ел алдында әуелете ән шырқайтындай тамағын кенеп алды да:
–  «Тәубе десең маған, тағы берем саған деп жаратушының өзі пендесіне мейірімділігін сездірген, сондықтан әрбір жетістігіңді бағала», – деп үйдің үлкендері айтып отыратын. Менің бүгінгі жетістігім, солардың ақылын тыңдап, жүрегіме ұялаған ән өнеріне деген сезімді шыңдай білуімде жатқан шығар, – деп бір қайырды да, өнер жолына қалай ойысқандығын термеледі. Айтуынша, оқушы шағының соңғы көктемінде: «Қалайда эстрадада ән салатын күнге жетемін», – деп алдына мақсат қояды. Нарынқол ауданы, Бердібек Соқпақбаев атындағы мектепті 2003 жылы бітірген соң бірден Алматыға тартып, Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясына құжаттарын тапсырады. Дегенмен актер болуды көздемеген жас талант бұл киелі шаңырақта оқитын мүмкіндікке ие бола алмай, ақырында құрылыста 2-3 жыл жұмыс жасайды. Қара жұмыстан қажып жүрсе де ән айтуын қоймайтын, ауық-ауық ыңылдайтын да жүретін оған жанындағы жұмысшылар: «Тұнып тұрған талантсың. Мұнда жүріп алтыннан қымбат уақытыңды қор қылғанша, оқуға түс. Ертең сені көгілдір экраннан тамашалайтынымызға бәс тігеміз», – дейтін көрінеді. Онсыз да тіршілік қуып, өнерден алыстап бара жатқанына күйініп жүрген Жомарт мұндай қолпаштаудан кейін тәуекелге шын мінеді де, Жүсіпбек Елебеков атындағы      эстрада-цирк колледжіне барып бағын сынайды.
Адам қалағанының бәріне қол жеткізе алады. Тек жүрек қалауына қайшы әрекет істемесе болғаны. Бұл тұрғыда Жомартты ерекше атап өтуге болады. Ол да қала қарбаласы, тіршілік қамымен жүрсе де, жүректе бұғып жатқан арман жолында аянып қалмаған. Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжіне барып бағын сынаған күннен кейін, студенттер сапынан табылған. 
Мектеп бітірген соң аттай 3 жыл өткенде, яғни, 2006 жылы аталмыш колледждің табалдырығын музыканың бұл қырымен де таныса тұрайын, бәрібір эстрадаға кетемін ғой деген оймен опера бағыты бойынша аттайды. Болмысы туған топырағына тартқандай, табиғаты да сұлу, Хан Тәңіріндей асқақ көрінетін Жомарт бұл орайда:
– Не де болса білім алып, өзіме керекті ақпарларды там-тұмдап жия берейін дегенді ғана мақсат тұттым. Сөйтіп колледждегі алғашқы күннен бастап атағы талай мемлекетке кеткен Моңғолияның Халық әртісі Қабылаш Әбікейұлы деген тамаша ұстазымның класына түстім. Кейіннен барып музыканың шыңы «опера» екенін ұғындым. Эстрадаға қызықпайтын болдым ғой, – деп күледі. 
«Бағалай білгенге бақ қонады», – демекші, өзі білім алған шаңырақта талайларды тәнті еткен ол 3 жылдық білімді жетілдіру мақсатында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына түседі. Қазақ өнерінің талай қарлығашын қанаттандырған бұл іргелі оқу орнында Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде жетекшілік еткен Қабылаш Әбікейұлына тағы да тағдыр тоғысымен жолығып, жыл өткен сайын күрделене берер музыка саласының қыр-сырына қанығады. Сөйтіп, жоғары оқу орнындағы студенттік кезеңнің екінші жылында аяулы жары Гүлім Ахмановамен танысады. Бұл таныстықты отағасы:
– 2 курс оқып жүрген кезімде «Қыз Жібек» операсына қатысатын болдым. Дайындық басталып кетті. Баритон дауысты болған соң маған Бекежанның рөлін сомдауға, ариясын орындауға тура келді.  Ал, енді мұндағы Қыз Жібек рөлін кім сомдайды деген сұрақ көкейде тұрды. Әрине, талдырмаш бітім, қос бұрым, сұңғақ бойлы, жанары ойлы, сопрана дауысты қыз ғана ол рөлге лайықты еді. Кім екен деп күттік. Дайындыққа бұрын-соңды дәлізде жолығып қалғаным болмаса, жыға танымайтын, тіл қатыспаған өрімдей қыз келді. Қыз Жібек екен! Сөйтіп, дайындық барысында таныстық орнатып, сырласа бастадық. Аты-жөні – Гүлім Ахманова.  Менен екі жас айырмашылығы бар, 5 курстың студенті… – деп бүгінде өмірлік жарына айналған «Қыз Жібегіне» күле қарап қойып, әңгімені үзілген жерден жалғай түсті. Айтуынша, өмірлерінің бір арнаға ойысуына «Қыз Жібек» операсы себепші. Аталмыш туындыны сахналау барысында бір-бірін жолықтырған жұп, араға небәрі 2 ай салып шаңырақ көтерген. «Біздің тым тез үйленіп, үйренісіп кетуіміз көпшілік үшін қызық көрінді. Жаратушы қалап тұрса осылай болады екен. Біз бұған қуанамыз», – дейді бұл орайда Гүлім Ахманова. 
Араға бірнеше апта салып отау құрған жастардың жолдастары таңырқап: «Бұл өзі тым жылдам болды ғой. Екеуіңнің қай уақытта танысып үлгергендеріңді де байқамай қалдық-ау. Ең қызығы, тарихты кері айналдырғандай болдыңдар. Қыз Жібек пен Төлеген қосылушы еді, Жібектің Бекежанға тигені осы болды», – деп біраз уақыт күлісіп, қуанысып жүрген-ді. Бұл ретте Жомарт Қайратұлының жары Гүлім Мұратқызынан алғашқы таныстықтың,  әсерін, әзіл де болса: «Бүгінгінің Бекежаны несімен Қыз Жібекке қол жеткізді?» – деп сұрадық.
– «Қыз Жібек» операсындағы Бекежан рөлін Жомартқа дейін өзге жігіт сомдап келді. Бойы мен сойы дауысына сай келмей, арияның көп жерінде қиналыңқырап қалатын. Содан Жомарт келді де түк қиналмастан, емін-еркін арияны жетер жеріне жеткізе орындады. Дауысы жүрекке жетті. Кейіннен ер азаматқа керекті қасиеттерді бойынан байқап, көп ойланбастан келісім бердік, – деп күле жауап қатты.
«Бізді өнер табыстырды» деп отырған жарасымды жұптың өткен күндері, өмір жолы да бір кітапқа арқау боларлықтай. Бүгінде Айсұлтан мен Айарудай ұл-қыз тәрбиелеп отырған олар Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияда қызмет етеді. Бұл жағынан келгенде Жомарт: «Бәзбіреулердің пайымындағы бір саладағы адамдар шаңырақ көтеру қиын деген сынды ойларды жоққа шығарар едім. Біз бір арнада келе жатырмыз. Гастрольдік сапарға бірге шығамыз. Бір мақсатта өмір сүріп жатырмыз. Менің сахнадағы өз-өзімді ұстауым, нотаны алуым, дауысты еркін не қысыңқы шығаруым сынды түрлі жайттарды саралап, қате кеткен жерін айтып отыратын үйдегі сыншым – Гүлім», – деп өнер адамдары сыйластық деген ұлы сыйды құрметтесе, сезімдерін қастерлей білсе бақытты болатындығын әрі қиыншылықтарды жеңетінін алға тартты. Бұл орайда, Гүлім Ахманова да: «Мен де Жомарттың пікірін ескеріп отырамын. Оның сынын шын деп қабылдамаған кезім болған емес. Сахналық киімнен бастап, өнер адамына керекті барлық дүниені жолдасыммен ақылдасу арқылы таңдаймын. Біз өнер мен өмір жолында бір адамдай болып кеткенбіз», – дейді.
Қазақ топырағында кенжелеп дамыған опералық музыка жанрындағы қос жұптың бойындағы талант қайдан келді деген сауал да біздің санада орын алған. Айтуларынша, Аспантаулар аясында өскен Жомарт Тәкебаевтың ата-анасы музыка өнеріне етене жақын жандар екен. Әкесі Қайрат Тәкебаев Алматы қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектепте оқыған болса, анасы Бағдагүл Әбділдаева Қаскелең музыкалық колледжінде білім алған көрінеді. Ал, сопрана дауыстағы Гүлім Ахманованың әкесі елімізге білгілі театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов, ғазиз жүректі анасы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Қазима Нұғманова екенін көпшіліктің біле бермейтіні анық. Міне, осындай өнер дарыған қос әулетті құда етіп, тектен дарыған қасиетін шыңдап келе жатқан қос жұптың шаңырағы шаттыққа толы. Олардың мақсаттары айқын, бағдары анық.
…Кешегі Жаяу Мұса, Ақан Сері сынды қасиет қонған арда бабалардан қалған асыл әндердің нарқы бір бұзылмай ғасырдан-ғасырға жетпек. Олардың өміршең әндерінің әуезі тыңдар құлаққа жағымды болса, мәні мен мазмұны уақыт өткен сайын арта түсер қазынамыз емес пе? Бұл орайда бір шаңырақтың астында ғұмыр кешіп жатқан жұптың кей жайттарға көңілі толмайды. Олар: «Даңғаза музыкаға құрылған мәтінінде мән жоқ әндер қаптап кетті. Мұны сөздің парқын аса жақсы біле бермейтін жасөспірімдер бойына тез сіңіріп алып жатыр. Ол аз дегендей, есер әндерді күн құрғатпай әртүрлі арналардан беріп, радиодан әуелететін болдық. Қай-қайдағы топтардың «даңғырлағын» ел назарына ұсынғанша, дәстүрлі әнімізді эстрадаға алып келген Рамазан Стамғазиев сынды ағаларымызға қолдау білдірген жөн. Ұлттық рух пен руханиятқа қызмет етпеген  не болмаса пайдасы тимеген туындылардың елге қажеті қанша?» – деп толғанады. Ішкі пікірлерін сұраулы сөйлеммен бітірген жарасымды жұптың бұл сауалы көпшілікті ойландырса игі еді. Әйтпесе, Жомарт Тәкебаев айтқандай, дәстүрлі ән тұрмақ, музыканың шыңы болған операны да көпшіліктің аса бір құлшынып тыңдамайтындығы жасырын емес-ті.
Хош, әдепкіде әнмен қарсы алған шаңырақтан әнмен аттандық. «Екеуміз бірігіп елге күзге салым концерт берсек деген ойымыз бар», – деген оларға өнердің өрінен көрінуге тілекші екенімізді де жеткіздік. Ал олар болса: «Қасиетті қазақ жұртының осы бір өнерін өрістетуге бір өнерпаздай күш салсақ, соның өзі не тұрады?» – дейді. Оған дау бар ма?! Бақыттың бал базарында күн кешіп, мақсаттарына мүдірмей жетсе, өз бағытында бедерлі із қалдырары сөзсіз. Бұған біз ғана емес, жалпақ жатқан жетісулықтар да тілекші.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.