Талдықорған: +5°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Білімнен бастау алады

7 ақпан 2018
РУХАНИЯТ
Білімнен бастау алады
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында табысты болудың ең басты факторы білім екенін атап көрсеткен. Бұл барыста алдына мақсат-міндет қойып, бірталай іс-шараны атқарып жатқан Талдықорған ӨнеркәсіпТІК индустрия және жаңа технологиялар колледжінің жұмысын үлгі ете аламыз. 

Мақала жарияланған уақытта білім алушыларға оның мәнін терең түсіндіру мақсатында колледждің мәжіліс залында «Болашаққа бағдар» атты  бейнефильм көрсетіліп, артынша кураторлар топ сағаттарын өткізген болатын. Биылғы оқу жылында да бұл шара игі жалғасын тауып, білім ошағында «Туған жерім – Талдықорған»  шығармалар байқауы, «Дені  саудың – жаны сау» ұранымен «Денсаулық фестивалі», «Отаным – тағдырым» тақырыбында плакаттар байқауы, «Туған жеріңнің тарихын білесің бе?» сөзжұмбақ сайысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар колледж студенттері облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда» ұранымен «Ардагерлер» саябағында өткізілген іс-шараға да белсене қатысып, волейбол жарысында 1-орынды  иеленді. Сондай-ақ, облыстық наркологиялық диспансерінің ұсынысымен медбике Татьяна  Чевненко колледждің І курс білім алушыларын есірткі және психобелсенді заттардан сақтандыру мақсатында семинар-тренинг өткізді. Колледждің медбикесі Қарлыға Мамажанова да білім алушыларға «Шылымдық қоспалар барса келмеске жібереді. «Салауатты өмір салтын ұстан», «Денсаулыққа жеті қадам» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жуырда колледжде Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығының қызметкерлері Ольга Скобляшова, Талшын Миатованың  қатысуымен  «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты іс-шара өткізілді. Кездесу барысында білім алушыларға зорлық-зомбылыққа душар болған кезде не істеу қажеттігі, қандай жерден көмек алуға болатындығы түсіндірілді.
Қазіргі кездегі тағы бір маңызды мәселенің бірі  жасөспірімдердің діни сауаттылығын арттыру болып саналады. Осы орайда «Сақ бол! Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес ағымдар» атты сыныптан тыс іс-шараны колледж оқытушысы Лаура Орманова өткізді. «Дөңгелек үстелге» облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Дәулет Серікұлы мен осы мекеменің қызметкері Ақнұр Еркінқызы және «Жетісу» мешітінің бас имамы Қанат Маратұлы қатысты. Онда мамандар  білім алушыларға Қазақстанда тыйым салынған және дәстүрлі емес ағымдарды ажыратудың тәсілдерін түсіндірді. 
– Біздің қазіргі мақсатымыз негізінен техникалық мамандықтар алып шығатын  колледж түлектеріне сапалы білім беріп, заман көшіне ілесіп, өмірден өз орындарын табуға ықпал ету.  Тек қана білім беріп қана қоймай,  Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тарихи мақаласында айтылғанындай,   жастардың  дүниетанымын өзгертіп, ой көкжиегін кеңейтуге, ұлттық сананы  жаңғыртуға өзіміздің үлесімізді қосу, – деді бізбен әңгімесінде колледж директоры Еркінбек Қоянов.
Колледждің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлнар Қоқымбаева, топ жетекшілері осынау тағылымды іс-шаралардың өтуіне тікелей мұрындық болып келеді. Оқу орнында осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын таба бермек. 
 
Нұрила БЕКТЕМІРОВА
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Бүгін, 18:05
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Бүгін, 17:01
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Бүгін, 16:03
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Бүгін, 15:10
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.