Талдықорған: +6°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Аида БАЛАЕВА: Біз кімді алдап жүрміз?

1 ақпан 2018
РУХАНИЯТ
Аида БАЛАЕВА: Біз кімді алдап жүрміз?
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл сауалды ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісі Аида БАЛАЕВА селекторлық кеңесте қойды. Онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында өткізілетін іс-шаралар мәселесі көтерілді.

Соңғы кездері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы оның мақсат-мүддесіне сай емес шаралар өткізу дағдыға айналып барады. Осы жөнінде Астана қаласы «Қазмедиа орталығы» Орталық коммуникациялар қызметінде Аида Ғалымқызының төрағалығымен өткен жиында сөз болды. Оған әлеуметтік саланы қадағалайтын облыс және қала әкімінің орынбасарлары, ішкі саясат, дін істері, білім, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, жастар саясаты мәселелері басқармасы, өңірлік жобалық офис пен БАҚ басшылары қатысты.

— Өкінішке қарай, көп жұмыс желілік кестеге сәйкес келмейді. Бей-берекет істер белең алған. Қазір бәрі Рухани жаңғыру аясында өтетін болған. Астана қаласының 20 жылдығы да, Жолдау да, спартакиада да, нысанның ашылуы да Рухани жаңғыру арқылы іске асып жүр. Бұл не сұмдық? Біз кімді алдап жүрміз? – дейді Аида Балаева. Тіпті, Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шыққан күніне орай өткізілген іс-шара да Рухани жаңғыру аясында ұйымдастырылыпты.

Бұдан былай аталған бағдарлама аясындағы шаралар қадағалауға алынып, атқарылған жұмыс қорытындылары өңірлік жобалық офис арқылы орталық жобалық офиске жолданатын болып шешілді. Яғни, алдағы уақытта кез келген Рухани жаңғыруға қатысты шаралар орталық офистің қарауынан кейін ғана өткізілмек. Әйтпесе, әр сала өзінше есеп беріп, бір шараны бірнеше мәрте тіркеуді әдетке айналдырған. Жиын соңынан өңірлердегі облыс әкімінің орынбасарлары Рухани жаңғыруға қатысты сауалдарын қойып, алдағы уақытта өткізетін шаралардың өткізілу ретін пысықтап алды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Бүгін, 17:01
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Бүгін, 16:03
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Бүгін, 15:10
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Бүгін, 15:00
Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Алакөл қорығында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.