Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Азат рухтың алдаспандары

19.01.2018
ҰЛТ ҰЯТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы қаласындағы «Алаш Орда» үкіметінің 100 жылдығына орай «Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі музыкалық концертінің әлқиссасы ұлттық болмысымызға тән емес көрініспен басталған еді. «Фейсбук» әлеуметтік желісін шолып отырып Ерзат Төлешұлы атты досымның сол туралы жазылған жазбасына көзім түсті. Концерттің өткеніне біраз уақыт болса да, ондағы көңіл қынжылтатын оқиға келешекте де қайталана беруі бек мүмкін. Сондықтан назарларыңызға сол жазбаны ұсынып отырмыз.“Бүгін Алаш Орданың 100 жылдығына арналған “Азат рухтың алдаспандары” атты дәстүрлі музыкалық концертіне барып қайттық. Жалпы концерт тамаша өтті дегенімізбен, сахна жаққа қараудан қымсынып, қитұрқы көрініске қынжылған жағдай да орын алды. Оған себеп, кештің «бисмилласы» болмысымызға жат, болашақ ұрпаққа кереғар тәрбие беретін, үлкен-кішінің бетін “қызанақ” қылатын бимен басталды. Жақын арада аяқтала қойса, қайсы? Залдың о жер, бұ жерінен “Ән қайда, ән? Болды, демалсаңдаршы, би кеші ме бұл?” деген сияқты даурыққан дауыстар шыға бастағанда әзер тынды-ау… Сонда деймін-ау, тура осы алаштықтардың рухына арналған кеште талғамсыз би қойылмаса, кештің сәні кірмес пе еді әлде алаштықтар өкпелеп, “тонын отқа жағар ма” еді?! Көшенің көріністерін қасиетті сахнаға шығарып тайраңдатардай басымызға не күн туды? 

Иә, одан да сорақысын көріп жүрміз. Бірақ, мұндай әрекеттің осы кеште орын алуы қаншалықты жөн іс? Мұнымен нені дәріптемек? Алаштықтардың жолын ба? Әлбетте, бүкіл биді қаралап отырғанымыз жоқ. Арасында бірер “қазақ иісті” билердің болғаны рас. Десек те бір би бүкіл шараның мәнін кетіргендей болды. Кім өз қызының, не әпке-қарындасының көп алдында “құлын денесін құлдыраңдатып”, санын жалтыратып билегенін жөн көреді. Егер сондай бір адам болса онда ар- ұждан, намыс дегеннің алғашқы әріптері де жоқ болғаны ғой… Ендеше, бар қазақ қызын неге өз қыз, әпке-қарындасымыз санап ақылымызды айтып, адамдыққа баулығанның орнына, жалаңаш денесін жат көзге тамашалатып қоямыз? Маған дәл сол қитұрқы киіммен шыққан бишілер алаштықтарды мазақтап ербеңдеп жүрген жындарға ұқсады. Қазақ ән-биге кенде емес. Олай болса… Неге салиқалы, салмақты, мазмұнды билерімізді қоймаймыз. Мүмкін мені “өнер түсінбейді” деп кінәлар. Қазақтың өнерінің деңгейі соншалық-ақ дегіңіз келсе кінәләй беріңіз. Қазақта дәл осындай сауатсыз би болған жоқ! Бірақ болмайды деуден «қорқам»», – жеп жазған екен.
Бұл жазба бәрімізге ой салса игі. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген. Алашордалықтардың рухына арналған кеште мұндай бейәдеп бидің қойылуы бәріміз үшін үлкен сын. Шараны ұйымдастырушылар мұндай істен сабақ алса дейміз.

Өз тілшіміз

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.