Талдықорған: +10°C
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Тамшыбұлақ» бойындағы тағылым

Бүгін, 10:43
КҮНДЕРЕК
«Тамшыбұлақ» бойындағы тағылым

Қанат Мақанұлы

WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданының Қапал ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Жетісудың 7 қазынасы: Тамшыбұлақ» атты игі шара өтті. Табиғи мұраны қорғау, туған өлке тарихын дәріптеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен жиында қатысушылар әйгілі Тамшыбұлақ бұлағының маңына ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл іс қоршаған ортаға жанашырлық танытудың нақты үлгісіне айналды.

Экологиялық шараны «Jetіsý jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Бұл табиғи және тарихи-мәдени нысандарды кеңінен танытуға бағытталған «Жетісудың 7 қазынасы» жобасының алғашқы кезеңі. Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай қатысушылар 35 қарағай көшетін отырғызып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты.

Шараның ашылуында «Jetіsý jastary» КММ директоры Арнай Байжұрынов сөз сөйлеп, жобаның негізгі мақсаттарына тоқталды. Оның айтуынша, бастама көрікті мекендердің тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті арттыруға және Жетісудың тарихи мұрасын насихаттауға арналған. Сондай-ақ жастар мен қоғамдық белсенділерді табиғат қорғау жұмыстарына қатыстыру, туған өлкенің көрікті жерлеріне деген қызығушылықты арттыру көзделген.

Кездесу барысында Тамшыбұлақтың тарихы мен мәдени-рухани маңызы туралы да әңгіме өрбіді. Өлкенің өткеніне қатысты деректермен «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің мамандары тарихи Жетісу ұғымының қазіргі облыстың әкімшілік шекарасынан әлдеқайда кең екенін айтып, Қапал өңірінің тарихи мұрадағы айрықша орнына назар аударды.

Мұндай шаралардың жас ұрпақтың туған жер тарихын тереңірек тануына, отансүйгіштік сезімін нығайтуына және ұлттық әрі табиғи құндылықтарға құрметпен қарауына ықпалы зор. Спикер «Таза Қазақстан» қозғалысының мәні аумақтарды тазалау мен абаттандырудан әлдеқайда кең екенін де жеткізді. Оның тәрбиелік әрі адамгершілік маңызы адамдарды ел болашағына деген ортақ жауапкершілік төңірегіне топтастыруымен ерекшеленеді.

Ағаш отырғызу жұмыстарына Қапал орман шаруашылығының қызметкерлері де атсалысты. Мекеме директоры Үсен Сабырбеков көшет егу жұмыстары Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орайластырылғанын айтты. Оның сөзінше, бұл жасыл желектерді қалпына келтіру және орман алқаптарын кеңейту бағытындағы ауқымды жұмыстың бір бөлігі. Сонымен қатар орман шаруашылығы орман қорын молайтуға арналған республикалық іс-шаралар мен ағаш отырғызу бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысып келеді.

Жиынның әсерлі сәттерінің бірі – Қапал ауылының зейнеткер тұрғыны Сәбит Бармақовтың ақ батасын беруі болды. Ақсақалдың тілегі шараның мазмұнын байытып, ұрпақтар сабақтастығының мәнін айшықтай түсті.

Экологиялық шарадан алған әсерімен Қапал кәсіптік-техникалық колледжінің 1-ші курс студенті Диана Әбутәліпова бөлісті. Ол басқосудың түрлі мәдениет өкілдерін бір отбасының мүшелеріндей жақындастырып, жылы лебіздер мен дәстүрлі баталарға ұласқанын жеткізді. Сондай-ақ студент туған ауылының біртіндеп көркейіп, абаттанып, туристер үшін тартымды мекенге айналып келе жатқанын қуанышпен атап өтті.

Көшет отырғызуға студенттер және еріктілермен қатар Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Владимир Чепельдің айтуынша, облыстық «Жетісудың 7 қазынасы» жобасының Қапал ауылынан бастау алуы тегін емес. Ерекше табиғи болмысымен танылған Тамшыбұлақ өлкенің басты нышандарының бірі әрі туристерді қызықтыратын көрнекті орын.

– Мұнда әртүрлі жастағы тұрғындар жиналды, жастар да өте көп. Әрқайсысы болашаққа өз үлесін қосқысы келеді. Біздің басты міндетіміз өсіп келе жатқан жас ұрпаққа табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйрету, – дейді Владимир Чепель.

Тамшыбұлақ маңына егілген шыршалар ұрпақтар сабақтастығының символына айналды. Бүгінгі еңбек жылдар өте келе табиғи ландшафттың жасыл желегіне қосылып, туған жердің көркін арттыра түспек. Ал тамырын тереңге жайған ағаштар осы игі іске атсалысқан жандардың еңбегін еске салып тұрады.

«Жетісудың 7 қазынасы» жобасы алдағы уақытта да облыстың табиғи және тарихи-мәдени көрікті жерлерін танытуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруды көздейді. Оның түпкі мақсаты – туған жерге деген сүйіспеншіліктің нақты іспен дәлелденетінін көрсету. Табиғат тазалығын сақтау, тарихты зерделеу және бай мұраны келер ұрпаққа аманаттау баршаға ортақ міндет.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Қаратал ауданында халықпен ашық диалог өтті

Қаратал ауданында халықпен ашық диалог өтті

Бүгін, 12:15
Қазақстан мен Сингапур: Серіктестікті дамыту мен инфрақұрылымды жаңғыртудың жаңа қадамдары

Қазақстан мен Сингапур: Серіктестікті дамыту мен инфрақұрылымды жаңғыртудың жаңа қадамдары

Бүгін, 11:45
Су құбыры жаңартылуда

Су құбыры жаңартылуда

Бүгін, 11:21
Қоршаған орта бүлінбесін

Қоршаған орта бүлінбесін

Бүгін, 11:16
Текелі әкімі тұрғындармен жүздесті

Текелі әкімі тұрғындармен жүздесті

Бүгін, 11:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.