Талдықорған: +11°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Шелекке көгілдір отын келді

1 желтоқсан 2017
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында облысымыздың әр аймағында жаңа нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Міне, осындай жайдарман жаңалықтар Еңбекшіқазақ ауданында да өз жалғасын тапты. Осыдан біраз бұрын аудан орталығы Есік қаласына көгілдір отын келіп, мұндағы жұртшылық ерекше қуанышқа бөленген еді. Енді сол мерейлі күн Шелек ауылының тұрғындарына да жұғысты болды. Халық тығыз орналасқан ірі елдімекен үшін бұл әрине, айтулы оқиға.

Олай дейтін себебеміз, шелектіктер табиғи газдың келуін талайдан бері тағатсыздана күткен болатын. Қуаныштың ерте, кеші жоқ деген осы. Алғашқы газ алауының салтанатына облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ және «АПЛ Констракшн» ЖШС-ның бас директоры Марсель Қажилер қатысып, ізгі лебіздерін арнады. Автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы үстіміздегі жылдың мамыр айында басталған. «АПЛ Констракшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өздеріне жүктелген міндетті белгіленген межеде толықтай аяқтады. Жаңадан салынған станцияның қуаты 50 мың текше метр. Бұл – 40-қа жуық көпқабатты пәтерлер мен 6600 тұрғын үйлерді, сондай-ақ 120-дан астам кәсіпорындарды газбен қамтамасыз етуге күші толық жетеді деген сөз. Көгілдір отын «Қазақстан-Қытай» газ магистралі арқылы тартылып отыр. Облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Естебекұлы тұрғындарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, бұл игі істердің барлығы да Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасы екендігіне тоқталды. Мемлекетіміздің алға қойған мақсат-мұраттары өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Тың идеялар нақты істерге ұласып, келешекке деген бағыт-бағдарымызды айқындады. Аймақтарға көгілдір отынның келуі өркениетке ұмтылған қарышты қадамдардың бірі екенін тілге тиек етті. Сонымен, алғашқы газ алауы жағылып, мерекелі күн берекеге ұласты. Бір ауылдағы екі нысан Дәл сол күні Бартоғай ауылдық округіне қарасты Байсейіт ауылында екі бірдей жаңа нысан пайдалануға берілді. Оның бірі –жергілікті балабақша үйі. Қазіргі таңда округ бойынша тұрғындардың саны өсу үстінде. Жеті мыңнан асып жығылады. Жыл өткен сайын тұрмыстары жақсара бастаған отбасыларда басқа бас қосылып қуандырып отыр. Сондықтан да балабақшаның қажеттілігі туындағаны рас. Әсіресе, Байсейіт ауылының талап-тілектерін қанағаттандыру ерекше ескерілді. Мұнда бұрыннан бар балабақша енді аздық ете бастады. Аталған мәселеге жергілікті әкімшілікпен қатар ауыл кәсіпкерлері де белсене араласты. Соның нәтижесінде 100 орындық «Лашока» атты балабақша құрылысы қысқа мерзімде толық аяқталып, есігін айқара ашты. Жұртшылық осы істі қолға алған кәсіпкер Мұхит Қасеновке алғыстарын арнап, зор ризашылығын білдірді. Аталған нысан бүгінгі күннің талаптарына толық сай келеді. Бөлмелері жарық та кең. Жаңа жиһаздармен жабдықталған. Бүлдіршіндердің ойнауы мен ойлауы барынша ескерілген. Бір сөзбен айтқанда, балабақша ұжымы өз істеріне құлшына кірісіп отыр. Игі шараның ашылуына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов балабақшаның салтанатты лентасын қиып, ауыл тұрғындарына құтты болсын айтты. Барлығын өз көзімен көріп, жаңа нысанның аумағын аралап шықты. Сонымен қатар, ауылдағы полиция бөлімшесі де жаңа ғимаратқа көшті. Толыққанды жасалған бұл құрылысқа бюджеттен 19 миллион теңге қаржы жұмсалыпты. Жергілікті сақшыларға жасалған жағдай қоғамдық тәртіпті одан әрі нығайта түседі деген сенімдеміз.

Болат МƏЖИТ.

Еңбекшіқазақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Бүгін, 12:13
Мұрадан – Гарвардқа!

Мұрадан – Гарвардқа!

Бүгін, 11:34
Ел бірлігін сақтаудың тетігі

Ел бірлігін сақтаудың тетігі

Бүгін, 11:30
Желегі жасыл Жаркент

Желегі жасыл Жаркент

Бүгін, 10:50
Автонарық: Отандық өндіріс пен импорттың жаңа ережелері

Автонарық: Отандық өндіріс пен импорттың жаңа ережелері

Бүгін, 10:46

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.