Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жастар көшбасшылары марапатталды

30 қараша 2017
КҮЛТӨБЕ
Жастар көшбасшылары марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы – 2017» сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Жыл сайынғы дәстүрлі сыйлық 17 номинация бойынша тағайындалып, жеңімпаздарды облыс әкімі Амандық Баталов марапаттады.

 

Жиналғандарды құттықтаған облыс әкімі А. Баталов:

— Елімізде жастар саясатына маңызды бағыт ретінде ерекше көңіл бөлінген. «Жеткіншек буынның Тәуелсіздік идеалдарына адал болатынына, Отанымыздың табыстарының эстафетасын жалғастыратынына сенімім мол», — деп, Елбасы жастарға үлкен сенім артты. Бүгінде елімізде жастардың тегін білім алып, жан-жақты дамуына, шығармашылықпен, спортпен, кәсіпкерлікпен айналысып, халықтың игілігіне еңбек етуіне барлық жағдайлар жасалған. Өз кезегінде Жетісу жастары жұдырықтай жұмылып, Елбасының сарабдал саясатын тиянақты жүзеге асыруға атсалысуы керек. Әсіресе, Мемлекет басшысы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуында жас буынның белсенділігі аса қажет. Өйткені бұл тарихи құжат өскелең ұрпақ үшін қабылданып отыр. Жастардың алдында алар асу, шығар шың, жетер жеңістер өте көп. Оған тек талап пен жігер, білім мен ақыл алып барады. Біз бүгін сол талпыныс жолында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар жасты «Көшбасшы» сыйлығымен марапаттағалы отырмыз. Бұл азаматтардың еңбек жолы, жетістіктер тарихы өзге қатарластарына үлгі болары анық. Барлығыңның да туған еліміздің игілігі үшін аянбай еңбек етіп, Қазақстанның мақтанышы болуларыңа тілектеспін! – дей келе, жеңімпаздарды арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлық сертификаттарымен  марапаттады.

Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданы Д. Қонаев атындағы орта мектеп түлегі Темурбек Жамоладдинов «Жас батыр» атанса, «Үздік жас спортшы» аталымында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері Демеу Жадыраев жеңімпаз деп танылды. талдықорғандық Мансур Құрманғалиев — «Үздік жас кәсіпкер», Талғар ауданы Қайнар ауылындағы «Мадияр» шаруа қожалығының жетекшісі Мадияр Ауелбаев — «Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы», С.Демирель атындағы университеттің аға оқытушысы Ермек Тоқтаров — «Үздік жас ғалым», Алакөл ауданы Үшарал қазақ мектеп гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержан Омарханов — «Үздік жас ұстаз», Алакөл ауданы Еңбекші дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Айгүл Тұрсағатова «Үздік жас дәрігер» атанды.

2017 жылдың жаңа көшбасшылары, яғни әр салада еңбек етіп жүрген 17 жас маман алдағы уақытта да білімі мен білігін жетілдіріп, Елбасының сенімін ақтап, халыққа адал қызмет ететіндіктеріне сендірді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Еске салсақ, «Көшбасшы» жастар сыйлығы жыл сайын 17 номинация бойынша дәстүрлі түрде беріліп келеді. Соның ішінде жоғарыда айтылғандармен қатар «Үздік жас мемлекеттік қызметші», «Үздік жас саясаткер», «Үздік студент», «Үздік жас өнерпаз», «Үздік жас әскери қызметші», «Үздік жас отбасы», «Үздік ерікті», «Үздік жас журналист», «Үздік «Жасыл ел» сарбазы», «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы» аталымдары да бар. 


Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты http://www.zhetysu.gov.kz

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.