Талдықорған: +25°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Ұлылықтың басында ұстаз тұрар

07.10.2017
ЖАНСАРАЙ
Ұлылықтың басында ұстаз тұрар
WhatsAppTelegramFacebook

 Жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтілетін мұғалімдердің кәсіби мерекесі облыс әкімінің назарынан тыс қалып көрген жоқ. Биыл да осы игі дәстүр жалғасын тауып, облысымыздың жеткіншектерін тәрбиелеуге өзіндік үлес қосып жүрген ұстаздарға арналған мерекелік салтанат облыстық білім басқармасының ұйытқы болуымен І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті. 

Облысымыздың әр шалғайынан келген мұғалімдерге айрықша құрмет көрсетілген шара ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ілім-білімге шақырған өнегелі сөздерін арқау еткен шағын бейнекөріністен басталды. Бұдан соң ортаға шыққан оқушылар ұстаздарға арнаған өлең-жырларын тарту етті. 
«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» деп, баршамыз бас иіп, ерекше қадірлейтін мұғалімдер қауымын облыс әкімі Амандық Баталов кәсіби мерекесімен құттықтады.
– Құрметті ұстаздар! Баршаңызды мерейлі мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – орны бөлек мереке. Қай заманда, қай қоғамда болмасын, баланы оқыту, оған тәрбие беру – ең ұлы мұрат, ұлағатты іс. Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де ұстаз. Сондықтан, еліміздің келешегі сіздердің қолдарыңызда.
Облыстағы білім ордаларының негізі – балаларды шексіз сүйетін, өз кәсібіне шынайы берілген адал жандар, яғни ұстаздар десек артық емес. Бүгінгі таңда білім беру саласының алдында жаңа да жауапты міндеттер тұр. Атап айтқанда, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, балалардың сапалы білім алуына қажетті жағдай туғызу, жаңа технологияларды енгізу. Бұл міндеттер Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «…оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет», – деп нақты атап көрсетілген. Сіздердей өз ісінің шеберлерімен Президентіміздің білім саласындағы тапсырмаларын толықтай орындай аламыз деп сенемін.
Құрметті ұстаздар!
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айтамын! Мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Еліміздің атын әлемге танытар шәкірттеріңіз көп болсын! – деді  облыс басшысы өз құттықтауында. 
Бұдан соң бірқатар ұстазды «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерімен, облыс әкімінің “Құрмет грамотасымен”, “Алғыс хатымен” марапаттады. Жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан 6 педагогикалық байқау бойынша бірінші орын жеңімпаздарына арнайы диплом мен қаржылай сыйлықтар табыс етті.  Атап айтар болсақ, «Үздік кәсіптік білім беру мекемесі» байқауында топ жарған Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжіне 300 мың теңге, “Үздік ауыл мектебі” облыстық байқауының жеңімпазы болған Кербұлақ ауданының Қарашоқы орта мектебіне 250 мың теңге, “Үздік балабақша” деп танылған Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» балабақшасына 300 мың теңге, ал “Үздік сынып жетекшісі” атанған Балқаш ауданындағы Ақдала орта мектебінің мұғалімі Әсел Нүкербаеваға 150  мың теңге берілді. Ал “Жылдың үздік мұғалімі” облыстық байқауында жан-жақты кәсіби шеберлігін көрсете білген Текелі қаласындағы №1 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Бақытжан Молбаев жеңіл автокөлік кілтін алды. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын  Іле ауданының №26 орта мектебі иеленді. Аталмыш білім шаңырағының директоры Аманжол Наурызбаевқа 19 567 200 теңгенің сертификаты табыс етілді. 
Республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары – Іле ауданы №1 орта мектебінің мұғалімі Гуля Күлбаева, Текелі қаласы №5 орта мектебінің ұстазы Рамазан Қайрат, Талдықорған агротехникалық колледжінің оқытушысы Серік Тұрсынбек, Қарасай ауданы Алтын ауыл орта мектебінің мұғалімі Өмірбек Майшықов 2 млн. теңгенің грантына қол жеткізді.
Мерекелік салтанатта сөз алған “Жылдың үздік мұғалімі”, Текелі қаласындағы №1 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Бақытжан Молбаев ұстаздарға жан-жақты қолдау көрсетіп отырған облыс әкіміне алғысын айтты.
Бұдан соң мерекелік концертке орын беріліп, аяулы ұстаздарымыз үшін эстрада жұлдызы Қуандық Рахым, облысымыздың жас өнерпаздары әннен шашу шашты.  
Салтанатты жиын алдында облыстық әкімдікте Мұғалімдер күніне арналған тағы бір шара орын алған болатын. Онда облыс әкімінің  орынбасары Жақсылық  Омар  педагогикалық байқаулар бойынша екінші, үшінші орын иегерлері мен номинация жүлдегерлерін арнайы құттықтады.  
– Жас ұрпақ тәрбиесі – үлкен іс. Оған сіңірер ұстаздар еңбегі де өлшеусіз. Сондықтан ұлағат иелеріне қандай сый-құрмет көрсетсек те артық етпейді. Оқушыларымыздың білім сайыстарында ғана емес, өнерде, спорттық жарыстарда да топ жарып, облысымыздың мәртебесін асқақтатып жүргені біз үшін абырой. Осының бәрінде мұғалімдердің тынымсыз еңбегі жатыр. Ұстаз мерейін асқақтататын оқушыларының жетістігі. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дарынды шәкірттеріңіз көп болсын деп тілеймін, – деді ол. Бұдан соң педагогикалық байқаулардың 2-3 орын жүлдегерлері мен номинация иегерлеріне тиісті марапаттарын тапсырды. Ардагер-ұстаздарға да ерекше ілтипат көрсетіліп, педагогика саласында ұзақ жыл жемісті еңбек еткен, бүгінгі таңда да жас ұрпақ тәрбиесіне үлестерін қосып жүрген ақсамайлы жандарға 30 мың теңгеден ақшалай сыйлық табысталды. 

 

Міне, осылайша ақ тілек, зор құрмет-қошеметтің ортасында, табысталған қызыл гүлдерін аялай ұстап, еңбегіне сай ардақталған ұстаздардың жүзі нұрға толды. Облыс әкімінің ұстаздарды қолдау мақсатында қолға алған игі шарасы кәсіби мерекесі қарсаңында олардың көңілдеріне шалқар шаттық сыйлап, алдағы уақытта да соны серпін, тың жігермен жұмыс жасауларына жол аша түскені анық. 

Алма ЕСЕНБАЕВА.

Қатысты жаңалықтар

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.