Талдықорған: +4°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

«АБАЙ ЖОЛЫ» үш секундта көшеді

05.10.2017
ТҮПСАНА
«АБАЙ ЖОЛЫ» үш секундта көшеді
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен Тіл сарайында «Латын әліпбиі: техникалық мүмкіндіктер» атты жиын өтті. Шараға облыс әкімнің орынбасары Жақсылық Омар мен «Qamshy.kz» порталының жетекшісі, «Attila Group» компаниясының өкілі Біләл Қуаныш қатысты.

Бүгінгі күні латын әліпбиі әлем халықтары арасында үлкен беделге ие. Оның қолданыс аясы кең, мүмкіндіктері зор. Қазіргі таңда жер шарын мекендеген халықтың 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Күн сайын өркендеп келе жатқан ақпарат пен технологиялар латын әліпбиімен таңбаланады. Қазақстан үшін латынға оралудың пайдасы зор. Бүгінде латын әліпбиіне көшудің дайындық жұмыстары басталып, жаңа жобалар талқылануда. 
– Латын әліпбиіне көшу бүгін немесе кеше қозғалып жүрген мәселе емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасымыз алдымызға мақсат қойған болатын. Көшуден бұрын латынға оралу дегеніміз дұрыс шығар. Облысымыз бұл тарихи жағдайды қолдайды және оралу алдында әртүрлі шаралар өткізіп жатыр. Тіл мамандары өзара келісіп, жыл аяғында бір нұсқасын бекітуге ұсынады деп ойлаймын. Президент тарапынан саяси шешім қабылданды, біздің мақсатымыз функционер ретінде халыққа түсіндіріп, жұмыс жүргізу, – деді өз сөзінде облыс әкімнің орынбасары. 
Қыркүйектің басында парламент мәжілісінің отырысында таныстырылған «QazLatyn.kz» конвертер жүйесінің жетекшісі Біләл Қуаныш: – Жасыратыны жоқ, аға буын өкілдері көп алаңдаушылық білдіріп жатыр. Ғасырлар бойы дайындалған рухани қазыналарымыз, кітаптарымыз келесі ұрпаққа жетпей қалуы мүмкін деп қорқады. Тамырымыздан қол үзіп қаламыз деген үрейлері басым. Латынға көшу алға ілгерілеу, кейін шегіну емес. Елбасы өз сөзінде «Қазақстан – әлемдегі бар қазақтың Отаны» деп атап көрсетті. Сол сияқты, біз бүгінгі таныстырғалы отырған  сайтты солай айтсақ болады. Қазақстандағы қазақтар кирилл қарпімен жазса, Қытайдағы қазақтар Ахмет Байтұрсынұлы негізін салған төте жазумен, ал еуропалық қазақтар латын, оның ішінде түрік нұсқасын қолданады. Біз осыларды бір сайтқа тоғыстырдық. Біздің мамандарымыз он жылдан бері зерттеп келе жатқан қазақ әліпбилерінің конвертер жүйесін әлемдегі қазақтар кирилл, латын, төте жазуларды бір-біріне қателіксіз аудара алады. Парламент Мәжілісінің тыңдауында таныстырылған жүйеге өз ризашылықтарын білдіріп жатқандар көп. Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиін халық арасында өте ыңғайлы, қолжетімді тұрғыда насихаттап, қолданысқа енуіне айрықша қызмет етпек. Ұялы телефон пайдаланатын кез келген қазақстандық немесе ғаламторға қолжетімді 12 миллион адам, сондай-ақ, мемлекеттік органдар осы жүйе арқылы жаңа латын әліпбиін ешқандай қиындықсыз қолдануға мүмкіндік бар. Әлемнің кез келген нүктесінен кез келген ұялы телефон арқылы жазуға, аударуға болады. Яғни, жаңа латын әліпбиіндегі 25 таңба халықаралық юникод жүйесінде бар. Демек, қазақ тілінде ақпарат алғысы келген адамға ешқандай қиындық тудырмайды, – дейді. 
Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің конвертері – «QazLatyn.kz» сайты жүйелі түрде жақсы жұмыс жүргізіп жатыр. Біләл Қуаныш жиналғандарды сайттың ішкі құрылымдарымен таныстырды. Кез келген электрондық нұсқадағы кітап болсын, Word жазбалары болсын осы сайт арқылы кириллден латынға, латыннан кириллге, латыннан төте жазуға, төте жазудан латынға секундтар ішінде алмастыра алады. Өзінің «Абай жолы» романын үш секундта кириллден латынға алмастырғанын айтты. Сайттың қосымшасын Android (мобильді қосымша), iOS (мобильді қосымша), Windows бағдарламаларына орнатып алуға болады. Портал жетекшісі сайтты пайдаланатындардың саны да күн санап көбейіп келе жатқандығын алға тартты. Демек, латынға көшеміз деген сәтте: «Қазіргі жазумен хатқа түскен әдебиеттерді оқи алмай қаламыз, оларды жаңа әліпбиге көшіру үшін уақыт пен көп қаржы керек», – деген пікірлердің жауабы дайын. 

Серік ҚАНТАЙ.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

Президент: Соңғы 30 жылда жеткен барлық жетістігіміздің бастауында Ата Заңымыз тұр

10.02.2026
Мемлекет басқарудың жаңа моделі: Жаңа Конституцияда адам құқығы басты орынға шықты

Мемлекет басқарудың жаңа моделі: Жаңа Конституцияда адам құқығы басты орынға шықты

10.02.2026
Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің бастауы: Мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады

Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің бастауы: Мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады

10.02.2026
Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

10.02.2026
Олжас Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады

Олжас Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.