Талдықорған: +12°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жауынгерлік дайындықпен танысты

25 қыркүйек 2017
КҮЛТӨБЕ
Жауынгерлік дайындықпен танысты
WhatsAppTelegramFacebook

Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Алматы қаласы мен облысындағы әскери құрамдарына арнайы іссапармен келді. Сенаторлар Заречный елді мекенінде орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің  жауынгерлік және әдістемелік дайындығына арналған орталық жұмысымен танысты. Кездесу барысында ҚР Ұлттық ұланының қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов арнайы мақсаттағы бөлімшелердің дайындығын пысықтайтын орталықтың қызметімен таныстырды.  Өз кезегінде сенаторлар өңірдегі қорғаныс жүйесін жетілдіру мен күш-қуат органдарының әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар жөнінде ой бөлісті. Кездесудің ерекшелігі сол, сенаторлар назарына әскери техниканың,  қару-жарақ пен қорғаныс құралдарының жаңа үлгілері, сондай-ақ, аса жауапты жауынгерлік барлау тапсырмаларын орындауға міндеттелген «Бүркіт» жасағының жаттығу шаралары ұсынылды. Шара кезінде тактикалық атысқа арналған екі аңғар ішінде көлемі 180 шаршы метрлік мультимедиалық экран арқылы атыс әдістері көрсетілді. Мультимедиалық кешенде сарбаздар 600-ге жуық сценарийлік атыстың түрлі тәсілін үйреніп жаттығады. Сонымен қатар, жауынгерлердің шынайы жағдайда  жаттығуына арналған, қабырғалары болаттан жасалған, оқ өткізбейтін, арнайы баллистикалық резинамен қапталған нысандар орналастырылған. Мұндай нысандар дүниежүзінде АҚШ пен Иорданияда және біздің елде ғана салынған. Жаттығу алаңында «Лаңкес тұтқын» нысаналары бойынша парашютсіз тікұшақтан шатырға қонатын бос үй макеттері, мергендердің оқу-жаттығуы үшін тау альпинизміне арналған төрт қабатты ғимарат та бар. 
Орталықта 500 адамға арналған заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған казарма, 400 орынды клуб, асхана, 96 пәтерлі жатақхана, медициналық пункт, екіқабатты спорт кешені, саптық алаң, кинологиялық қалашық, автотехника паркі, материалдық құндылықтарды сақтайтын қойма,  ішкі қарауыл ғимараты және бақылау өткізу пункті салынған.  Мұнда әскерлерге төтенше жағдай кезінде жүктелген міндеттемелерді лайықты орындау үшін жауынгерлік дайындықтарын кәсіби тұрғыда жетілдіріп, шыңдалуға зор мүмкіндіктер жасалған.  
Айтып өтейік, бұл орталық өткен жылы Елбасы, ҚР Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған болатын. Сол кезде «Қайсар – 2016» кешенді оқу-жаттығуы өткізілген еді. 
Іле ауданы.

Мақпал МЫСА

Қатысты жаңалықтар

Көне үйдегі көркемсурет әлемі

Көне үйдегі көркемсурет әлемі

Бүгін, 14:30
Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Бүгін, 12:13
Мұрадан – Гарвардқа!

Мұрадан – Гарвардқа!

Бүгін, 11:34
Ел бірлігін сақтаудың тетігі

Ел бірлігін сақтаудың тетігі

Бүгін, 11:30
Желегі жасыл Жаркент

Желегі жасыл Жаркент

Бүгін, 10:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.