Талдықорған: +1°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

Банды емес, батыр болатын

25.09.2017
ТҮПСАНА
Банды емес, батыр болатын
WhatsAppTelegramFacebook

Ел даурыққан, елікше елең етіп, тағы қандай хабардың келерін күтуде. Он алтыншы жылғы қиындықтан арып-тозған халық әлі де болса ес жия алмай әлек. Күн сайынғы салық мөлшерінің артуы барлығын қажытып бітті. Шекара асып, жан- сауғалап жатқандар да жетерлік. Ол аздай қызылдар мен ақтардың қырылысы қазаққа да әсер етпей қоймады. Шал-кемпірлер «О, Құдайлап» Жаратқаннан медет тілеуде. «Біздің көрген күнімізді болашақ ұрпағымыз көрмесін», – деп көз жастарын сығып алады. Қызылдар күнде жиын ашып, қазақтан шыққан бандыларды айыптайды. Сөйтіп, жандайшаптар халыққа бандылардың бірі көзге түссе бірден хабарлауды міндеттеп қойды.

Қалиасқар байдың (Рәзима әжемнің әкесі) үйір-үйір жылқысы, отар-отар қойы есепсіз азайып барады. Ата-бабасынан қалған тұяқтың тас-талқаны шығуға жақын. Оның үстіне атышулы бандылардың келіп қалуы да ықтимал. Олар келсе, аузындағы асын жырып, өзі аш халықты одан бетер ашықтырады. Қалиасқардың жазғы мекені Қоғалы мен Аралтөбе ортасындағы Тастыбұлақ жайлауы. Жыл сайын малын осында айдап, күз аяқталар шақта қыстауға бет алады. 
Жаздың жайма-шуақ күндерінің бірі. Қоңыр салқындағы малдың жайы жарасымды. Жасыл желекке әбден масайраған малдың бүйірі толып, семіруде. Еш алаңсыз жайылып жүр. «Тағы қаншасын өкімет айдап кетер екен?!» деген сауал иесін тағы бір шымшып өтті. Үстіне мұздай су құйылғандай дір ете қалған оның ойына, қайдан ғана сап ете қалғаны белгісіз, қызы Рәзима түсті. Кеше ғана кішкене бүлдіршін еді, қазір бойжетіп, дене бойы толысып ерекше сұлуланып барады. Тіпті, құда түсіп келушілер де көбейіп кетті. Ақылына көркі сай қызын атастыру әке мойнына жүктелген аса жауапкершілікті міндет. Қызының болашақ жарының қандай болары есепсіз сауалдарға жетелейді. Заман болса мынау, қиын-қыстау кезде той-думан жасау былай тұрсын, асқазанға ел қондыру халықтың үлкен қайғысына айналған. Отағасы алысқа көз тастап, үлкен ойға шомып барады. Өкімет тағы қыспақтай берсе, шекара асып кетпекші. Жүз ойланып, мың толғанса да ол жаққа аман-есен өтуі екі талай. Құрған жоспарларына да кепілдік жоқ. Қорғануға қару-жарақ та тапшы. Бірақ бір амалын ойластыру қажет, онсыз болмайды. Аттанып кетіп, түгелдей қырылып қалғандарды естісе, жанын қоярға жер таппай зәресі зәр түбіне кетеді. «Қайран қазағым-ай, көрер күнің осы ма еді, қайда кешегі бейбіт кезің?!» деп күбірлеп тұрған Қалиасқарды Рәзима қызының шырылдай шыққан үні шошытты. «Әке, бандылар келді, бандылар!» деген дауыстан соң жылдамдатып, қазақ үйдің маңына жетті. Барса, жүздері суық, қару асынған бірнеше жігіт үй иесін күтіп тұр екен. 
– Бай, жылдамдатып, бізді тойдыр, ашпыз. Мінерге жылқы бер! – деді арасынан батыр денелі біреуі.
– Бұл қайсысың? Әуелі жөніңді айтпаймысың. Онсыз да дегбірсізденген жұртты шошытпай, – деп саңқ ете түсті Қалиасқар.
Рәзима болса анасының артына тығылып, сығалап қана қарап тұр.
– Мен Құндақбаймын, естіген боларсың, – деген дауыс отағасының төбесінен жай түсіргендей әсер қалдырды.
– Білмегенде, төрлетіңдер, қалғанын дастарқан басында сөйлесерміз. Бәйбіше, қазанға ас сал, – деген Қалиасқар сұраулы жүзбен күтпеген қонақтарын киіз үйге кіргізді.
Құндақбайды білмейтін жан жоқ. Ел арасында «банды» аталып, «халық қанаушысы» сынды пікірлер ауыздан-ауызға көшіп келеді. Тіпті, кейбіреулері кішкене балаларын: «Кәне, ұйықта, ұйықтамасаң, Құндақбай келеді», – деп қорқытып әлектенеді. Ал оның мергендігін барлығы аңыз етіп айтып жүр. Атқанын құлатпай қоймайды. Қарсы келсе, ешкім де құтылмайтын көрінеді. «Қызылдарды есепсіз қырып, әлі күнге дейін ұсталмаған» сынды пікірлер ду-ду етіп желдей есуде. 
– Мені банды дейді, ә? – деген Құндақбай жиналған жұртқа қабағын түйе қарады. Ешкім үндемеді. Құлаққа ұрған танадай тыныштық орнаған. 
– Бізді жетіскеннен осылай жүр дейсіңдер ме, барлығы да сендердің қамдарың, – деп сөзін асығыс жалғап әкетті. – Қазақ үшін қызылдарға қарсы тұрып, есеп айырысудамыз. Теңдік үшін күрес деп барымызды тартып алып, аш-жалаңаш қалдыруда. Соның салдарынан қаншама қандастарымыз шекара асып, атажұртымен қош айтысып жатыр. Ал аштықтан жан тапсырып жатқандарды айтпай-ақ қояйын, – деді де кетуге ыңғай танытты.
Қалиасқар барлық жігітке бүтін киім беріп, қоржындарын толтырды. Жаяуларына ат мінгізіп, қолдан келер көмегін аямады. Батыр сапарға аттанар шағында Қалиасқарға шын ризашылығын білдіре, қолын қатты қысып тұрып: 
– Менің де саған көмегім бір күні тиіп қалар, амандықта жүздескенше, Байеке! – деп атына қамшы салып, жігіттерімен бірге көзден ғайып болысты. 
Батырдың келіп, кеткендігі жайлы ешкім тіс жармады. Іштей іштері жылып, халық қамымен жүрген асыл азаматтың барына шүкір десті. Осыған дейінгі қате ойларына өкініп, ұялды да. Көп ұзамай Доламбекұлы Әлсия есімді жігіт Рәзиманы айттырып келді. Бөтен емес ертеден таныс болған соң, әкесі қызын тұрмысқа береді. 
Жұрт бұрынғысынан бетер қыспаққа ілігіп, аш құрсақтылар саны еселеніп жатты. Осы уақытта Құндақбай мерген көмек сұрай келгендерді шекара асырып, жандарын аман алып қалуға білек сыбана кіріскен еді. Әрбір жақсылықтың қайтарымы бар. Қалиасқар Құндақбайды тауып, көмек көрсетуін сұрайды. Антына адал азамат жақсылығын аямаған Қалиасқарға да қол ұшын созады. 

 

Әжеміз осы оқиғаны көп айтатын. Бүгінгі күнге тәубе қылып, қарнымыздың тоқ, киіміміздің бүтін болғандығына шүкіршілік ететін. Оның да себебі жоқ емес. Ашаршылық, қудалау, жер аудару, Ұлы Отан соғысы, Желтоқсан оқиғасы сынды дүйім қазақ даласы басынан өткерген трагедиялық жайттарды өз көзімен көрді. Көре жүріп, қиындығына төзе білді. Ұл-қыздарын аман-есен жеткізіп, бойларына тәлім-тәрбие сіңірді. Тәуелсіздікке үлес қосты. Еркіндікке қол жеткізген шақта қуаныштан жылады да. Бойын қарттық билеп, әл-дәрмені кеткенше немере-шөберелерін бақты. «Жақсының аты өшпейді» демекші, соңына өнегелі із қалдыра білді. Ал бізге осындай кісілерден алар үлгі шаш етектен.

Мәулен Әнербай​

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.