Талдықорған: +21°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Өмір деген – шахмат

18.09.2017
ЖАНСАРАЙ
WhatsAppTelegramFacebook

 Өмір деген – шахмат. Ақ пен қараның айқасы. 32 ақ, 32 қара жалпы 64 шаршыдан тұратын тақтаның үстіндегі 16 ақ, 16 қара тастың ойыны. Ой жарысы. Мен сегізінші сынып оқып жүргенде әкем осы бір ақыл ойынын үйретті. Осы ойынның тарихын баяндап, жүрісі мен әдіс-тәсілдеріне қанықтырды. Бойыма сіңірдім, ойыма түйдім. Әр тасты орнымен жылжытып, қарсыластың жүрісіне үлкен ден қойып отырдым. Біреулер ойнап жатса, төбесіне төніп тұрып әр жүрісін өзімше пайымдаймын. 
«Мынау  піл!», – деп оң қолымен тасты ұстап, «оның жүрісі былай», – деп шап-шағын шаршы тақтаны диагональ бойымен ары бір, бері бір жүріп өтті. Олар екеу. Ақ пен қара тастар өзі түстес жолдарымен ғана жүреді.  Әр тасты жеке-жеке таныстырып, жүрістерін үйретіп бір аптаға жуық уақыт өтті. Одан кейін қызу ойынды бастап кеттік. Ойын барысында бір жүріске ойланып көп отырамын, ал әкем болса жүрісіме қарай өзінің тасын жылдамдықпен «тақ!» еткізіп қоя қояды. Мен үшін бүкіл ойын оймен өтетін. Бірақ қалайда менің патшама бірінші қауіп төніп, одан кейін мерт болып, жеңіліс табады. 
«Қане, жүр!» деп әкем кейде ұзақ ойланып кеткенімде асықтырады. Бір тастың төбесінен шап беріп ұстап, ойланып қалсам «Алған тасыңмен жүр. Ұстадың ба, бітті!» деп тағы бір «қысып» қояды. Әкем алғаш үйреніп жүргенімде ойын үстінде кешірімшіл еді, шахматты түсініп, түйсінген сайын ойынның ережелерін қатаң сақтауымды талап етті. 
«Ой, ана Борис Спасскийдің жүрісін-ай! Ол жүргенде…», – деп әңгімесін әріден бастайтын. Анатолий Карпов, Гарри Каспаровтың есімдерін естіп өскеніміз болмаса, олардың жүрісімен және нәтижесінен бейхабармын.
Әкем менің бойымдағы қайсарлығымды жақсы көріп, сол үшін сүйсінетін. Он рет ойнатып, тоғызында өзі жеңіп, тек біреуінде жеңілетін. Келе-келе ақырын-ақырын күніне бір партия жеңістен тіркеп отырдым. Он рет емес, бес-алты партиядан кейін жеңісті үстел астына қолды жіберіп, саусақпен санап отырып, одан кейін «зу» етіп жеңіліссіз қашып кетуге тырысамын. Әкем осы көріністің бәрін көзінің астымен ақырын ғана бағып отыратын. 
Алғашқы әскерге даярлық сабағынан беретін Нұрлыбек Еңсенов есімді ағамыз ауылда шахмат үйірмесін ұйымдастырды. Тәртіпті қатаң сақтаған жаннан бүкіл мектептің оқушылары ығатын. Білімгерлер тапсырмасын уақытымен орындап, алдында абыройлы болғысы келетін. Өз ісіңді дұрыс істеп, уақытымен жүрсең, ол кісінің сенде шаруасы да жоқ. Ал кешігіп, алдында шаш сипап тұрсаң, бітті… 
«Ұлан» газетінде Нұрлан Қалқа шахматтың жүрістерінен сабақ үйретті. Сол жазбаларын, сызбаларын қиып алып 12 беттік көк дәптерге жабыстырып, өзімше жүрістерді ойын барысында жүзеге асыруға тырысамын. Кейбірін жүзеге асырып қарсыласымды тықсырып та алған сәттерім болды. Біздің ауыл окург орталығы болғаннан кейін, құрамында төрт ауыл болды. Аймақтық жарысқа әкем мен Нұрлыбек аға баптап, әкімнің кубогында қарсылас шақ келтірмедім. Жұдырықтай баланың алдына келгенді тасыр-тұсыр ұтып отырғаны бір жағынан қызық көрінді. Бірінші орын алып, ол жүлдені әкеме сыйладым. Өзі алғандай қуанып, шат-шадыман күй кешіп еді. 
Өмір де осы шахмат ойынына ұқсайды. Қатты ұқсайды. Жеңіске жетіп ұту жолында ойыңды-ақылыңды іске қосасың. Ал өмірде жетістікке жетіп, биік белестерді бағындыру үшін барыңды саласың.  Әр тасты орнымен жүріп, әр шаршыға баппен қойып, алдыға жылжып отырасың. Өмір де сондай. Жоспар, мақсат және армансыз өткен күн жалғанның жалғаны. 
Мен үшін шахматта ұстаз, ойын барысында басты қарсылас болған – әкем. Ол кісі сияқты ойнайтын, ой түйіп, төрт-бес тасымен-ақ қарсыласының алдыңда топырлап тұрған тастарды талқандап шығып жеңетін жанды көрмедім. Енді көрмейтін де шығармын…. Әкем екеуіміз ойнап жүрген шахмат тақтасында тек бір жақтың тастары ғана тізіліп тұр. Өзіме қарсыластың мен үйленгеннен кейін шығатынына сенімдімін. Менің әкем қолына алған тастарды, ұрпағы алар. «Адам ұрпағымен мың жасайды». 
Ойын бітті. Патша өлді. Ханзада өсер.

Серік ҚАНТАЙ.

Қатысты жаңалықтар

Көктемгі қарбалас: Алакөл диқандары іске кірісті

Көктемгі қарбалас: Алакөл диқандары іске кірісті

24.04.2026
Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

24.04.2026
Ана өлімі 5 жылда 35%-ға төмендеді – ДСМ

Ана өлімі 5 жылда 35%-ға төмендеді – ДСМ

24.04.2026
Талдықорған клиникасында 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

Талдықорған клиникасында 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

24.04.2026
Жел, бұршақ, тұман: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды

Жел, бұршақ, тұман: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.