Талдықорған: -3°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ДІН БІРЛІГІ — ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ

11.09.2017
ТҮПСАНА
ДІН БІРЛІГІ - ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» атты бағ­дар­ламалық мақаласы көптеген ізгі шараларға түрткі болғаны анық. Соның ішінде, адамзаттың асыл қазынасы – діни наным-сенімдеріне қатысты айтылған ойлары да жұртшылықтың назары­нан тыс қала қойған жоқ. Облыс­тық дін істері басқармасының ұйым­дастыруымен жолға шыққан «Рухани керуен» осының айқын айғағы бола алады.

Құрамында облыстың бас­қарма басшылары, өлкеміздегі танымал өнер тарландары мен зиялы қауым өкілдері бар керуен алдымен Жамбыл ауданында болып, екінші күні қасиетті Қарасай жеріне ат басын тіреген.  Ұлтымыздың салт-дәстүрін ұлықтайтын жұртшылық  өз жұмысын дәстүр бойынша ата-бабалар рухына тағзым етуден бастап, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боз­дақтарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Осыдан кейін аудан әкім­дігінің жиынжайында аудан активі, діни бірлестіктердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Дін- аралық татулық – болашаққа қадам» тақырыбында жиын бастау алған. Алқалы басқосуды ашып, жүргізіп отыр­ған Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева жиылған қауымға «Рухани керуеннің» мақсат-мұраттарын таныстырып өткеннен кейін алғашқы сөз кезегін осы топты басқарып келген облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетовке берді. Әлемде өңірлік соғыстар толастамай келеді. Осылардың көпшілігіне діни мәселелер негіз болып отыр­ғаны да жасырын емес. Алдымен ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы адамдардың санасын улап, соңынан бір-біріне өшіккен түрлі діни ағымдардың өкілдерін қаруландырып, бір-біріне айдап салып отырған жайлар мыңдаған, миллиондаған адамдардың тағдырын тәлкекке айналдырып, өмірлерін қиып жатыр. Мемлекет, шекара дегенді білмейтін осынау қауіптен қалай қорғану керек? Бастауында бейбітшілік, ізгілік, қайырымдылық құндылықтары жатқан дін атын пайдаланып, арам ниеттерін жүзеге асырып жатқандарды қалай құрықтаған жөн?! Елімізде экстремизм мен терроризм­нің етек алуына жол бермей, ата-бабаларымыз мінәжат еткен ислам дінінің тазалығын сақтау үшін не істеуіміз керек?! Рахмет Разбекұлының баяндамасы осы жайларды қамтыған.

Осыдан кейін мінберге көтерілген «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған маңызды мәселелерді жүйелей келіп, зайырлы әрі демократиялық мемлекетте  қоғам мен діннің өзара келісімде қатар өмір сүруі турасында жан-жақты әңгіме қозғады.

Талғар ауданының Құрметті азаматы, ақын әрі сазгер Кәмнұр Тәлімұлы  сөз қадірін өз қадірім деп түсініп, «Өнер алды қызыл тіл» деген ұстанымға бас иетін халқымыздың дінге қатысты өлеңдерін тілге тиек ете келіп, жұртшылықты ізгі істерге шақырса, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Нұржанов жастардың діни сауаттылығын көтеру мәселесіне тоқтала отырып, осындай рухани керуендер аудан орталықтарына ғана емес, ауылдарға да барса деген тілегін жеткізді. Қаскелең қаласындағы Архангел Михаил шіркеуінің жетекшісі Владимир Дрямов христиан және ислам діндеріндегі адамзаттың құндылықтарына деген ұқсас және ортақ көзқарастарға тоқталып, діни экстремизм мен терроризмнің алын-алу жайында өз ойларын ортаға салды.

Аудан әкімдігіндегі үлкен жиын аяқталғаннан кейін керуен мүшелері бірнеше топқа бөлініп, түрлі тақырыптарда көптеген кездесулер өткізген. Атап айтқанда, Алтын ауыл орта мектебінің спорт залында діни бірлестіктер жетекшілерінің қатысуымен «Дін бірлігі – ел тұтастығы» деген ұранмен спорттық жарыстар өтсе, аудандық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Рухани жаңғыру: жарқын істердің бастамасы» деген тақырыппен деструктивке шалдыққан отбасы мүшелерін қоғамға бейімдеу үшін әлеуметтік мәселелерін шешудің жолдары сарапқа салынды. Ал, аудандық ауруханада өткен басқосуда діни себептермен екпе егуден, нау­қастарға қан құюдан бас тартқан  азаматтармен жұмыс мәселелері талқыланды.

Осы мезгілде аудандық кітапханада топ өкілдері  ардагерлер кеңесінің мүшелерімен, аудан ақсақалдарымен келелі әңгіме өткізген болатын. «Ұлттық рух: рухани жаңғырудың негізі» деген тақырыпты өзек еткен бұл басқосуды Рахмет Разбекұлы ашып, соңынан «Ұлы мұра» қорының директоры, Алматы қаласы дін істері басқармасының ақпараттық түсіндіру тобының  мүшесі Тимур Нүсіпханов, дін істері басқармасының тео­лог-маманы, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қанат Мүтебаев, Қарасай ауданының бас имамы Ернар Мажен тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, жастарды жат ағымдардан сақтау және күнделікті тірлікте діни негізде туындап жататын түрлі оқиғаларға қатысты ойларын ортаға салды. Соңынан аға буын өкілдерінің тақырыпқа қатысты көзқарастарын біліп,  сауалдарына жауап берді.

Түстен кейін бағдарламаға сәйкес іс-шаралар  аудандық Мәдениет үйінде жалғасын тапқан. Мұнда алдымен керуенмен келген өнер майталмандары «Рухани мұра» тақырыбында кәделі әндер, жақұт жырлар, тағылымды термелер, бағзы билерден тұратын мазмұнды концерт ұсынып, бейнефильмдерді көрсетсе, Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының әртіс­тері қойған «Дертке дауа – Хақ жолы» атты спектакль өмірдегі қарапайым оқиғалар арқылы көрермендерін тура жолға жетелеген.

Әрине, бағдарлама ауқымды болғанымен бір күннің ішінде аса маңызды діни мәселелерді толықтай қамту мүмкін емес. Десе де, «Рухани керуен» мүшелері адамзаттың асыл құндылықтарын сақтай отырып, өркениетке бағыт алған еркін елдің азат ойын қалыптастыруға сүбелі үлес қосты деуге негіз бар.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ,

Қарасай ауданы.

 

Қатысты жаңалықтар

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026
Президент Sunwah Group корпорациясының төрағасымен кездесті

Президент Sunwah Group корпорациясының төрағасымен кездесті

09.02.2026
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдады

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдады

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.