Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында волейболдан ел чемпионатының 3-тур ойындары өтіп жатыр. Өткен маусымның финалистері «Жетісу» мен «Қуаныш» командасы кездесті. Талдықорғандықтар алғашқы матчта 3:0 (25:23, 25:19, 25:18) есебімен басым түсті.
Ойынды көруге Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев арнайы келді. Кезедсу аяқталғаннан кейін волейболшыларға сәттілік тіледі. «Жетісу» волейбол клубы желтоқсанда Бразилияда өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына және Орталық Азия бойынша (уақыты нақтыланбады) өтетін турнирге қатысады.
– «Қуаныш» командасымен болған алғашқы кездесу ойдағыдай өтті. Бапкердің барлық тапсырмасын тиянақты орындауға тырысытық. Бізді енді қызыққа толы екінші ойын күтіп тұр. Ол ойында да барымызды саламыз. Бізді қолдап келген барша жанкүйерлерге алғыс айтамыз, – деді өз сөзінде «Жетісу» волейбол клубының ойыншысы Наталья Борисенко.
Бірінші кездесуде «Жетісу» сапынан Ольга Зверева үздік нәтиже көрсетті. Ол 13 ұпай жинады (шабуылдан 10, 2 эйс, 1 тосқауыл).
Шабуыл:
«Жетісу» – 48%, «Қуаныш» – 37%.
Эйс:
«Жетісу» – 5, «Қуаныш» – 3.
Тосқауыл:
«Жетісу» – 6; «Қуаныш» –8.
«Жетісу-Ақпарат».





